Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасының поэтикасы


Ирония «Сумұрынға» тартса



бет20/21
Дата18.12.2021
өлшемі79,1 Kb.
#103063
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Балуан Шолақ
Айым, cf,f0 cfke, 1 сыныпқа оқу техникасына карточкалар, 1. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген сақтарға жақын -emirsa
Ирония

«Сумұрынға» тартса қаймыжықтай біреу болар еді.86 бет
Жазылу стилі (ақын стилі): Автор өмірде қалай сөйлейді, солай жазады.(Ауызекі) Мұқановтың тілі - өмірдің өзінен алынатын қоректі құнарлы, қуатты тіл. Көркемдеуіш тісңлдер аз қолданылған.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ел өмірі зор өзгеріске түсіп, ескі дүние талқандалып, жаңа заман, жаңа дәуір тарих сахнасынан орын алғанда революция туын көтере келген Сәкен Сейфуллин тәрізді бір топ ақын, жазушылармен бірге Сәбит Мұқанов та алдыңғы саптан көрінген-ді. Революция күндері ментап тартасының шиеленісе түскен кездерінде қолына қарауын алып, қаламын ұштай түскен Сәбит Мұқанов қазақ совет әдебиетінің даму процесінде өмірінің соңғы сағатына дейін үздіксіз еңбек етумен келді. Поэзия, проза, драматургия, сын-зерттеу салаларынан том-том кітап жазып, ғасырлар сырын атқарады.

Қазақ прозасының шоқтығын көтерген "Ботакөз", әр дәуірдің суретін елестетін "Адасқандар", "Темір тас", "Балуан Шолақ", "Сырдария", "Мөлдір махаббат" романдары реалистік әдебиеттегі эпикалық үлкен жанрдың қалыптасуы мен дамуына қосылған, сюжеттік желісі мен композициялық бітімі жағынан өзгеше сипатта көрінетін шығармалар. Үлкен оқиғаға тікелей араласып жүрген бас геройдың төңірегінен көрінетін жанама кейіпкерлердің іс-әрекеті көлденең сюжетте өріс алған. Балуан Шолақ – мазмұны мен көркемдік түрі диалектикалық бірлікте шыққан шығарма. Халық өмірінен алынды деген уақытта оның қазақ елінің тіршілігінде болған осындай көптеген оқиғалардың ең мәнді жағын, ең сипатты көріністерін ерекше ұқыптылықпен жинақтай, қортындылай жырлағанын, яғни типтік кейіпкерді типтік жағдайларда суреттей алады. Қазақ халқының өмірінде болғандығы тарихи шындық. Мұндай трагедия елде жиі кездескен типтік құбылыстар екендігі аян. Міне, осыны совет ақыны заман шындығына сай өткен өмірге бүгінгі күннің талабы деңгейінен қарап, баға беріп, реалистік негізі мықты, шын мәніндегі көркем шығарма тудырды.

Мәселенің ендігі үлкені және шешуші саласы – ақын шеберлігінде. Сәбит нақты көркем образдар жасауды мақсат етті. Ол үшін қазақ тілінің лексикалық байлығын толық пайдалану мен қазақ поэзиясында ғасырлар бойы қалыптасып келген дәстүрлерді барынша толық және шебер қолдану қажет.

Қорыта айтканда, ұлы дарынның өнегелі де жемісті өнерпаздық жолына қыскаша шолу жасағанда, Сәбит Мұканов - қазақ кеңес әдебиетінің негізін қаласқан, оның өркендеуі үшін орасан еңбек сіңірген аса көрнекті сөз шебері, ел еңбекшілерінің бүгінгі өмірінен, ой-арманынан нәр тауып, шабыттана жырлаған азамат акын, дәуір шындығын эпикалық биік денгейге көтере суреттеген халыктық жазушы, сахна өнерінің өркендеуіне үлес косқан драматург. Қазақтың әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымын өрге сүйрегеи жауынгер сыншы, парасатты ғұлама. Қазак әдебиетінің мактанышы Сәбит Мұқанов өзінің өнегелі де өміршең шығармаларымен қазақтың жаңа ұрпағына рухани азық беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жасай беретін ұлы классик.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет