Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасының поэтикасы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет3/21
Дата18.12.2021
өлшемі79,1 Kb.
#103063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Балуан Шолақ
Айым, cf,f0 cfke, 1 сыныпқа оқу техникасына карточкалар, 1. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген сақтарға жақын -emirsa
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................28

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Біздің бітіру жұмысымызда белгілі ғалым, сыншы, кеңес әдебиетіне қатысты зерттеулері, негізгі концепциялары, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына Сәбит Мұқановтың тигізген ықпалы қарастырылады.

Тарих мерзімінен алғанда кеңес әдебиеті қысқа ғана ғұмыр кешті алайда үздіксіз өсіп, жаңа шығармалармен байып идеялық көркемдік жағынан шыңдалып отырған әдебиеттің зерттеуге лайық творчестволық теориялық мәселелері көп болды. Бұл жылдары әдебиет, қай жағынан болса да, зерттеушілер айтқандай кадр жағынан да, жанр жағынан өсті. Сондықтан С.Мұқановтың шығармалары өз заманы кезінде аты шыққан жазушылардың қатарынан болып, әдебиеттің дамуына идеология мен мемлекеттік саясаттың үлкен ықпалы болды. Сондықтан Сәбит Мұқановтың шығармашылығы бір жақты қарастырылып келді, тәуелсіздік алғаннан бері көп зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Бірақ Тұрсынбек Кәкішұлы, Мырзабай Кеңбейіл зерттеулерінде жаңаша ойлар айтылып талқыланды. Десекте әліде зерттеуді қажет етті. С.Мұқановтың шығармалары актуалдығын жоғалтты десек болады, себебі, бұл жазушының туындылары Кеңес өкіметі кезінде шыққандықтан, сол кезді дәріптеген шығармалардың қатарында болдықтан зерттелмей артта қалып отырды. Мысалы: С.Мұқановтың «Ботагөз» романы, сол сияқты тағы да басқа революция туралы шығармаларын қазіргі таңда ешкім оқымайды деуге болды, бірақ тарихи тұлға туралы жазылған «Балуан Шолақ» повесі бұрынғы өткен қазақ дәуірін, қазақтың нар тұлғалы батыр, балуан, өзінің ерлігімен, күшімен жас ұрпаққа насихаттау ретінде суреттелген бірден бір туынды ретінде қай уақытта болмасын оқылуы керек, авторы С.Мұқанов болғандықтан емес немесе қазіргі жазушылардың біреуі жазғаннан емес, ол тарихи тұлға ретінде қалыптасқаннан кейін оқылып, тереңірек зерттелуі керек. Сол кездегі зерттеулер кеңестік идеологиямен, солардың көзқарасына қарай қарастырылған болса, ал қазір біздің алдымыздағы міндет кезінде халыққа қалтқысыз қызмет еткен С.Мұқановтай жазушының еңбектерін бүгінгі уақыт пен жаңаша ойлау жүйесінің талабымен бағалап, сарапқа салу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет