Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасының поэтикасы


Шығармадағы Балуан Шолақ бейнесі



бет7/21
Дата18.12.2021
өлшемі79,1 Kb.
#103063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Балуан Шолақ
Айым, cf,f0 cfke, 1 сыныпқа оқу техникасына карточкалар, 1. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген сақтарға жақын -emirsa
1.2 Шығармадағы Балуан Шолақ бейнесі 
Балуан Шолақ бейнесі, ең алдымен, оның әдеби мұрасында айқын көрініс тапты. Ақынның дүниетанымы, ішкі бітім-болмысы, авторлық мені, өршіл мінезі, арман-аңсары, ол өмір сүрген орта мен кезең шындығы, тіпті батырлық іс-әрекеттерінің түпкі себеп-салдары да сонда ашылады. Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірін өзек еткен ғұмырнамалық туынды авторларының ақын шығармасына ерекше ден қоюының сыры осында.

Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығын, адамгершілік қасиеттерін, жарқын бейнесін, күрделі тұлғасын тану үшін ақын жайында айтылған естеліктерге көңіл бөлген жөн. Кезінде Балуанмен қатар жүрген, араласқан дос-жарандары мен әнші, ақын шәкірттерінің Шолақ турасындағы ауызша тараған әңгімелері көп болған. Қазақ қаласы ежелден батырларға бай болған. Оған батырлардың ерліктерін баян еткен халықтың аңыз-әңгімелері дәлел. Халықты өзінің қара күшімен ғана емес, композиторлығымен де тәнті еткен Балуан Шолақ еліміздің мақтанышы, халқымыздың жарқын өкілі.



Оларда Балуанның туып-өскен ортасы, ұстанымы, ән өлеңдерінің жазылу тарихы, мінез-құлқы жайындағы қызықты пікірлер мол ұшырасады. Соларды іздестіріп, Балуан Шолақпен кездескен халық ақындарының әңгімелерін қағазға түсіруді ұйымдастырған, негізінен, С.Мұқанов болды. [4, 129б.].

«Балуан Шолақ» романы қат- қабат ізденістен соң дүниеге келген. Академик-жазушы аты аңызға айналған Балуан Шолақты саналы өмірінде ерекше қадір тұтқан. Өзінің «Өмір мектебі» романында қаламгер хан ордасына соққанын, одан қайтып келе жатқанда әрі батыр, әрі әнші Балуан Шолақты көргенін айтады. Балуан Шолақтың өнерін тамашалап, әншілік құдіретіне тәнті болған бала Сәбит сан қырлы талант иесіне еліктеп, ол сияқты үлкен нәтижелерге жетуді армандайды. «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» атты естелік-кітабында Жамбыл атасы «Балуан Шолақ» атандырған Сәбеңнің жиын-тойларда Нұрмағамбет Баймырзаұлының «Ғалиясын» жиі орындайтыны, Балуан туралы аңыздарды көп білетіндігі жайында біраз мәлімет береді. Бұл жайттар, сөз жоқ, жазушының Балуан Шолақ тақырыбына көлемді шығарма жазуға жылдар бойы дайындалғанын көрсетеді. Алғаш «Әдебиет және искусство» журналында жарияланған «Балуан Шолақ» романы 1942 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Жазушы мұнда зорлық пен өктемдікке қарсы күрескен Нұрмағамбет Баймырзаұлының батырлық қырына ерекше мән береді. Өйткені Ұлы Отан соғысы қарсаңында ата- баба аруағын қадірлеу, батырлар мен қазақтың тарихи тұлғаларын ардақтау, мадақтау ісі қолға алынып, елдің, майданға аттанған қазақ жігіттерінің рухын көтеру жайы бірінші кезекте тұрған болатын.

Жазушының «Балуан Шолақтың» жанрын бірінші басылымында «батырлық поэма» атауының бір себебі осында болса керек. Дулат Исабековтің М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында сахналанған «Жаужүрек» пьесасының бас кейіпкері де - осы Балуан Шолақ. Белгілі драматургтің С.Мұқанов романындағы оқиғаларға интерпретация жасағаны байқалады. Екеуінде де қаһармандар жай ұрлық, мал алу, баю ниетін көздемейді, еттен өтіп, сүйекке жеткен кек, саналы әрекет көрініс береді. Әрине, дәуір тынысы, халық тұрмысы, кең суреттелетін кейіпкердің өмір белестері хронологиялық ретін сақтап, сатылап дамитын романды бірнеше көрініске негізделген драмалық туындымен салыстыруға болмайды. Дегенмен бас кейіпкерлердің тұлғасынан бастап, сөз саптасында, өжет мінезінде бірталай үндестік кездеседі. Біз мұны драматургтің өмір шындығына адалдығына, ұлттық, әлеуметтік мәселелерді, махаббат жайын бірінші кезекке шығарып көрсетуді басты нысана етіп алғандығына байланысты айтып отырмыз. Еңбекке ерте араласып, өмірлік тәжірибе жинақтаған, табиғатынан батыл, өткір Балуан Шолақтың тек тұлғасы ғана емес, істеген істері де ірі. Ол туған жерін орыс мұжықтарына берген патшаға кектеніп, орыс деревнясын өртейді, Түйе палуан мен Каронды жығады, Балқаш қызды алып қашып, соңынан түскен қуғыншыларды жайратып салады, ояздың қызын алып қашады, небір асауға бас үйретеді, т.б. осындай оқиғалар романдағы кесек қимылды Балуан бейнесінің романтикалық сарында жасалғанына толық дәлел бола алады. Балуан Шолақтың батырлық бейнесі мен оқыс істері, романның шым-шытырық қызықты мазмұны С.Мұқановтың ғұмырнамалық туындысын қазақ халқы сүйіп оқитын шығармаға айналдырды. Халық басты кейіпкерді әділет жолын ұстанғаны үшін жақсы көрді, сыйлады, күрескерлер санатына қосты. Мұндай қайтпас мінезді, ашынған адамдар тұлғасын жасау С.Мұқанов шығармашылығындағы жаңа биік белес болатын[5, 105б.].

Дегенмен Ғабит Мүсіреповтің «Балуан Шолақ» романы туралы айтқан: «Балуанның ішкі дүниесінің жалаңаштаулығы, қоғамдық көзқарасының тұтасып, өрістеп отырмауы, Шолақты көбінесе қара күшке айналдырып жіберетін жақтары бар», - деген сыни пікірін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, С.Мұқанов туындысы өмір шындығына негізделген. Бұл - ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, үш жүзге аты кең жайылған танымал тұлға Балуан Шолақ Баймырзаұлы жайындағы тарихи шығарма. Мұнда көркемделген тарих немесе тарихи-публицистикалық очерк сипаты басым. Соның бірі негізгі идеяға - халық мұраты үшін күрескен батыр тұлғасын ашуға жұмсалған. Аңыздар роман желісінде жеке өзіндік қызмет атқармайды. Автор сол тарихи аңыздардың бағытын ашуға ұмтылады. Романда ұлт тарихындағы елеулі деректерді саралай отырып, жазушы айтулы тұлғаның ғибратын оқырман алдына жайып салады. Атап өтерлік бір мәселе сол – романда қиял мен дерек бірлікте, көркем шындық деңгейіне көтерілген. Психологиялық талдаудан гөрі шолып айту жағы басым. Ең бастысы, қазақ әдебиетінде Балуан Шолақ бейнесі жасалды. Балуан өмірін өзек еткен роман да, драмалық туынды да халық көңілінен шықты. Д.Исабековтің «Жаужүрегі» әлі сахнадан түскен жоқ. С.Мұқановтың «Балуан Шолағы» бірнеше буынның сүйікті кітабына айналды. Бұл шығармалар замандастарымыздың рухани қажетін өтеп келеді. Дегенмен қазіргі қазақ әдебиетінің түрлі жанрларында Балуан Шолақтың әншілік, композиторлық, ақындық қырлары ашыла түсуге тиіс. Ол үшін ақын өмір сүрген уақыттың шындығын баяндайтын тарихи деректерге сын көзбен қарап, Балуан Шолақ туралы қолжазба мұраларды, архив материалдарын жариялап, зерттеу объектісіне айналдыру керек.



1.3 Әлеуметтік астарлы шығарманың жазылу тарихы
 Әдеби шығармашылық - жазушының өмір тарихымен ұштасып жатқан процесс. Бала жасынан эпос жаттапөскен жазушының есте сақтау қабілеті ерекше болған. С.Мұқанов болашақ туындыларының кейіпкері Балуан Шолақпен 1913 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Марьевка деген жерде кездеседі. Осы кездесуден соң әнінтыңдап, өнерін қызықтаған бала Сәбиттің бойында өнерге деген құштарлық туады. С. Мұқанов «Балуан Шолақ» туындысына түрткі болар әсерді көбіне бала  кезден санасында сақталған естеліктер негізінде тапқан. Балуан Шолақ - болашақ жазушы көңілінде айырықша әсер қалдырған түлға. Өмірлік материалдың негізгі көзі - жазушының жеке өмірбаяны. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың жас шағында санасында қалған Кавказ және Севастопольдік әсерлерінің, алған мәліметтерінің бай болғаны соншама, басқа шығармаларын былай қойғанда, бір ғана «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясына толық жеткен екен. Осындай жазушылық табиғатты қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов табиғатынан да көруге болатын еді. Жазушы С. Мұқановтың бала шағынан жаттап өскен жыр-қиссалары, естіген аңыз-әңгімелері, көзбен көрген жайлары шығармаларына үлкен арқау болған. Бұған бір сыпыра шығармаларын мысал етуге болады. Атап айтқанда, «Өмір мектебі», «Балуан Шолақ», «Ұмсын сұлу» - суреткер өмірінен туған тақырыптар. Бала шағында жүздескен әсермен Балуан Шолақ бейнесі көңілінде берік орнығады. Сегіз қырлы, бір сырлы Балуан Шолақты өнердің биік тұлғасы ретінде бағалады. Мемуарлық шығарма «Өмір мектебінде» халық әні мен енеріне сусындап өскен бала Сәбит бейнеленеді. С.Мұқанов жас шағынан Арқаның атақты өнер иелерімен жүздескен. Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сынды сал-серілер өнерін тамашалаған. Мемуарда баяндалған өмірбаяндық мәліметтердің деректік маңызы бар. Жазушы Балуан Шолақ бейнесін былай суреттейді: «...Кескіні бірсыдырғы көркем екен, имектеу зор мүрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара көзді, ат жақты, қою, үзын қара мұртты, дөңгелектеу қою қара сақалды... Ерекше көзге түсетін киім-кешегі екен: сыртына желбегей салған ақ ботаның түбітінен тоқыған шекпен, астары батсайы, өңіріне жалпақтығы төрт елі қып құндыз үстаған, басында батсайымен тыстаған ақ бүйра тымақ, ішкі қара барқыт камзолының беліне жалпақ қып-қызыл жібек белбеу байлаған... Бұл сияқты киінген кісіні мен өмірде көрген емен». Жеке тұлғаның рухани, адамгершілік әлемі, гуманистік-эстетикалық мәселелер - жалпы адамзаттық мәңгілік проблемалар. [7.46 б]

С.Мұқанов та «Балуан Шолақ» туындысын жазуды мақсат тұтқан соң өнерпаздың өмірі мен шығармашылығын терең зерттегені сөзсіз. Балуан Шолақ туралы көркем шығарма жазу үшін суреткер бұрыннан білетіндерін ізденіспен толықтырып, көп еңбектенген. «Балуан Шолақ» (1942 жылы жарық көрген) - тарихи тұлғаның өмірі қазақ халқының тіршілігімен сабақтастырыла суреттелген туынды. Тарихи және көркемдік шындық арасындағы ара қатынасты ескере отырыптарихи тұлғадан қаһарман бейнесін сомдау - әдеби процестегі ежелгі дәстүр. Көркем шығарманың негізгі арқауы - қазақтың XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында өмір сүрген асқақ әншісі, ақыны, балуаны, өнерпазы Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмір жолы. Балуан Шолақ - сал-серілік дәстүрді жалғастырып, қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан тарихи тұлға. Белгілі өнер зерттеушісі, профессор Ахмет Жұбановтың Балуан Шолақ жайлы зерттеулері оқырманға белгілі. Өнер адамының бейнесін жасауда қаламгер үшін оның өмірбаяндық мәліметтерімен бірге өзі қалдырған әдеби мұраның маңызы зор. С.Мұқанов шығарманы жазу барысында тарихи дерек ретінде жиналған естелік, әңгімелермен бірге Балуан Шолақтың өз өлеңдеріне сүйенгені белгілі. Балуан Шолақ шығармаларының бір ерекшелігі - өмір-тарихы, шыққан тегі, өзінің табиғи бітімі, тұлғасы, мінез ерекшелігі өлеңдерінде көрініс тауып отыратындығы. Жазушы Балуан Шолақ өлеңдерін пайдаланғанда онда қамтылған өмір деректеріне сүйене отырып, ол шығарма арқылы әдеби тұлғаның эмоциялық көңіл-күйін, психологиясын ашады. Жинақтап айтсақ, Балуан Шолақ ғұмырнамасы Сәбит Мұқанов ойына тақырып ретінде өмірдің өзінен келген. Ал, тақырыпты көркем шығармаға айналдырып жазу жолында жазушы көптеген материалдар пайдаланған. Көркем шығарманың жаратылысына қарап отырып оны біз: 1) өзі көзбен көрген жайлар, 2) ел аузындағы естеліктер, 3) архивтік деректер, 4) әнші-ақынның өлеңдеріндегі, әндеріндегі психологиялық сәттерге бойлау деп төрт салаға жүйелей айтамыз. Жазушының «Балуан Шолақ» туындысында баяндалған эпизодтық оқиғалар, кейіпкерлердің табиғи болмысы мемуар деректерімен байланысып жатуы салдарынан «Өмір мектебі» шығармасымен өзара салыстырып қараймыз. Жазушы Сәбит Мұқановтың мемуарлық шығармасындағы мына бір сурет Балуан Шолақтың балалықшағыменүндескендей әсер қалдырады. «Есенейдің ен дәулетін меңгеріп алғаннан кейін, Торсан ояздық және губерниялық әкімдерге алым беріп, дос болады да, өзі бұл елдің болысы болып сайланады. Өкімет қолына тиген соң ол қарсы жақтан кек алуға кіріседі. Сонда, оның қырына көбірек алғаны, «Андабай-Отарбай» аталатын біздің аталарымыз, өйткені Торсанның Біжікенге үйленуіне көбірек қарсылық білдірген солар екен. Торсанның тілегіне қарай осы кезде (өткен ғасырдың 90-шы жылдары) аштық және жерсіздік салдарынан ішкі Россиядан көшкен орыстар келіп жатады, соларға жер керек. Қолында үстемдік тұрған Торсан біздің ауылдың жерін переселендерге әпереді де, қыс ішінде мекенінен қуады». Суреткердің «Балуан Шолақ» туындысында осы жайтқа ұқсас көрініс беріледі. Халыққа ауыр тиген реакцияшыл саясаттың бірі - жер аударылған орыс келімсектеріне қазақтың құнарлы жерінің зорлықпен алып берілуі еді. Жер мәселесі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында қазақ халқы үшін ең бір ауыр, жанға тиген, арға салмақ салған әлеуметтік теңсіздік мәселелерінің бірі ретінде көрінгені мәлім. Ел үшін аса бір ауыр жағдайға айналған бұл мәселе – XIX ғасырдың өзінде «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті» беттерінде кейде бүркемеленіп, кейде ашық көрініп отырды. Сонымен қатар бүл мәселе XX ғасыр басында «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті тарапынан халықтың «жан айқайы» ретінде жеткізіліп жазылғаны тағы да белгілі. Расында, бұл кезең қазақтың өз жеріне өзі ие бола алмай қалған, содан да мейлінше қорланған сәті. Қазақ халқы үшін әлеуметтік теңсіздіктің асқан көрінісі болған бүл мәселе жөнінде, кезінде Жер проблемасын елдік проблемамен сабақтастыра көтеріп, көкейкесті ойлар айтқан Телжан Шонанұлы мынадай пікір тербеген болатын: «Қазақ жерінің отарлануын және қазақ даласының талануын тарихи мақсатына, уақытына, отарлаған еліне қарай екіге бөлуге болады. Әуелгі дәуір орысқа бағынғаннан бастап XIX ғасырдың 80 жылдарының басына дейін. Бүл - атты қазақтардың пайдасына, әскерлік кісілердің пайдасына деп жер алу дәуірі. Екінші дәуір - өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғынан патшашыл өкімет құлағанға дейінгі дәуір. Бүл қара шекпендер үшін жер алу дәуірі». Ел билеген би-болыстар патша әкімдерімен бір болып, кедейлердегі шұрайлы, құнарлы жерлерді көшіп келгендерге беріп, жергілікті халық тіршілікке қолайсыз, құнарсыз аймаққа ығыстырылды[9, 78 б.]. Осы жайларды көзбен көріп, біліп өскен Сәбит Мұқанов кейін жазушы болып қалыптасқанда өз шығармаларында оны айтпай, үндемей қала алмады. Өзінің «Өмір мектебі» мемуарлық шығармасында да, «Балуан Шолақ» романында дажер, «переселен» мәселелерін қайта-қайта оралып суреттейтін себебі де осыдан. Жоғарыда келтірілген эпизодтардан байқалғандай, ол шындық мемуарлық шығармада көзбен көрген оқиға ретінде сипатталса, ғұмырнамалық туындысында кейіпкерлер арасындағы тартысты өрістетін әлеуметтік теңсіздік оқиғасы ретінде суреттеледі. Айтылған жайларды «Балуан Шолақ» шығармасының жазылу тарихы тұрғысынан қарасақ, бұл жерде жазушы бала жасында көрген, естіген-білген өмір оқиғаларын көркем шығармада кейіпкерді тұлғалайтын жинақталған көркемдік шындық ретінде пайдаланғанына көз жеткіземіз. Еліміз тәуелсіздік алған кезеңге дейінгі тарихи туындылар мен ғылыми-зерттеу еңбектерінде Қазақ елінің Ресейге қосылуы, орыс шаруаларының Ресейден көшіріліп келіп қоныстандырылуы прогресшіл маңызды роль атқарды деп насихатталып келген болатын. Сөз зергері С. Мұқанов - өмірдің қат-қабат шындығын көркем шығарма өзегіне айналдырған жазушы. Тақырыпты ашуға автор үлкен дайындықпен келгендігін, ел аузындағы әңгіме, естелік материалдарды зерттегенін байқатады. «Балуан Шолақ» - әлеуметтік астарлы шығарма. Балуан Шолақ өміріне қатысты оқиға деректерін суреттей отырып, сол дәуірдегі қоғамдық жағдайлардың шындығын ашқан.

Начало формыКонец формы2 С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасын әдеби-теориялық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет