Шығармашылық жолы 1910 жылы басталды. «Күнікейдің жазығы» повесті «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары "Бетім-ау, құдағи ғой", "Елес", "Әнші", "Боранды болжағыш әулие", "Хандылар тарихы" атты ұсақ әңгімелер "Сарыарқаның сәлемі", "Ах-ха-хау", "Көшу", "Ұршығым", "Жәмила", "Әскер марсельезасы", "Тұңғиық түпсіз астында", "Ленинге" және "Нұр күй" поэмасы «Комлексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми еңбекбектері «Қартқожа», «Ақбілек» романдары
1. Жазушы портрет жасай отырып, әрбір кейіпкердің өзіне тән мінез-болмысындағы, түр-кескініндегі ерекшелігін, даралығын қатаң сақтауға тырысады. 2. портрет жасауда әр түрл тәсілдер қолданады. Автор адамды тұлғалауда, портрет жасау кезінде ұзақ баяндаулар қолданбайды. 3. Кейде кейіпкерлердің портретін басқа бір кейіпкердің көзімен, қабылдау психологиясымен береді. Ақбілек жаңа шешесіне көз қырын салды. Көзі тікшейген, жұқа қабақ, қайқаң ерін, таңқы танау, тымырайған, тымпиған, қайқаңдау қара сұр адам екен. Үйге жылан кіріп келгендей, Ақбілектің жүрегі су ете түсті. 4. Жазушы жағымсыз, жиіркенішті, сүйкімсіз мінез жасау үшін көзі қасқырдың көзіндей, аузы даладай боп, түрпідей сүйел саусақтары, жалақ ерін, тоқымдығы кеппей жүрген қунақы жануардай т.б.теңеулерін қолданғаны жұмыста нақты мысалдар арқылы берілді. 5. Ж.Аймауытов қазақ мақал-мәтелдерін шығарма көркемдігін арттыру мақсатында үнемі қолданған.