1.Авторы: Жүсіпбек Аймауытов 2.Жанр түрі: Роман 3.Тақырыбы: Ақбілек 4.Идеясы: Қазан төңкеріліс кезеңіндегі қазақ жері көрінісі. Қазақ әйелінің батырлығы төзімділігі. 5.Сюжеті мен композициясы 1.Басталуы: -Төрт салт атты елді шауып, Ақбілекті алып қашуы, қуғыншы жігіттің оққа ұшуы. 2.Дамуы: -Ақбілекті қара мұрт ұнатуы. -Әмірдің Ақбілекті елге алып келуі. 3.Шиеленісуі: -Ақбілектің жүкті болуы. -Төлегеннің Ақбілекті қалаға алып келуі. 4.Байланысы -Камиланың әңгімесі 5. Шарықтау шегі: -Ақбаламен, Балташ Ақбілекті ұнатуы 6. Шешімі:. -Ұрқияның шындықты Ақбілекке айтуы.
Ақбілек- құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады. Мұқаш- таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған. Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады. Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі. Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.