Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне



бет12/27
Дата25.12.2016
өлшемі8,53 Mb.
#4913
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

жариялау тәртiбi

Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағында төтенше экологиялық ахуалды Үкiмет жариялайды.

Экологиялық апат аймақтары Қазақстан Республикасының заңдарымен жарияланады.

Экологиялық апат аймақтарының шекараларын белгiлеудi Үкiмет қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және ғылым саласындағы арнайы уәкiлеттi атқарушы органдардың оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырады.


14-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТIК СТАТИСТИКА

71-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат

Қоршаған ортаның жай-құйi, ластануы және сауықтырылуы туралы, қаржыландыру (қаржыландыру көздерi) туралы, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шараларға қаражат жұмсау, табиғи ресурстардың жай-құйi, молықтырылуы мен пайдаланылуы, қоршаған ортаға жасалатын әсерлер, оның сапасын нормалау мен шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар туралы мәлiметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат болып табылады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға тиiс.

Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жасыруына, дер кезiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.


72-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк статистика

Қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар статистикалық ақпараттың объективтiлiгi және оның халықаралық статистикамен салыстырмалылығы негiзiнде мемлекеттiк статистиканы жүргiзедi.

Заңды және жеке тұлғалардың белгiленген көлемде белгiленген мерзiмде статистикалық ақпарат беруi ақпаратты жiберушiнiң қаржысы есебiнен мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысанында жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк статистикалық есеп беру көрсеткiштерiнiң ең төменгi құрамы мен мемлекеттiк статистиканы жүргiзу тәртiбi заңдармен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

15 тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БIЛIМ БЕРУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

73-б а п. Экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз



жүргiзiлуi

Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.

Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.
74-б а п. Экологиялық бiлiм беру

Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.

Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.

75-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер

Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

16 тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ

76-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен



түрлерi

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау қоршаған ортаның жай-құйiн, шаруашылық және өзге де қызметтiң ықпалымен оның өзгерiстерiн байқап отыруды, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптардың сақталуын тексерудi өзiне мiндет етiп қояды.

2. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
77-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жою, сондай-ақ заң бұзушы адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту мақсатында жүзеге асырады.

1-1. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мемлекеттік органдармен, табиғат пайдаланушылармен және жұртшылықпен тығыз өзара іс-қимыл, оның ішінде:

1) баға өлшемдерін қолдану мен бақылау және құқық қолдану жұмыстарын жетілдіру;

2) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға қарқынды әсер ететін қызметінің экологиялық нәтижелілігін бағалау;

3) тексерілетін объектілер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзірлеу және зертханалық-талдау деректерін және қоршаған ортаның жай-құйі, оның шаруашылық қызметінің ықпалынан өзгеруі туралы өзге де ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырылатын қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және жою жөніндегі шаралар кешенін қамтиды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметінің деректері қоршаған ортаны ластау көздерінің сапасын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардан сынамалар алу жолымен алынуы мүмкін.

1-2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:

1) мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік және табиғи ресурстарды есепке алудың материалдарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметінің табиғатты пайдалану объектілерінің жай-құйі туралы деректерін, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің табиғат қорғау қызметі және тексеру барысында анықталған бұзушылықтар туралы деректерін талдау;

2) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;

3) экологиялық құқық бұзушылықтардың туындауын болғызбауға бағытталған шараларды қоса алғанда, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалануға негізделген құқық қолдану арқылы жүзеге асырылады.

1-3. Тексерудің түрлері:

жоспарлы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;

жоспардан тыс – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;

қарсы – тексеру жүргізу кезінде үшінші тұлғаларға қатысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;

рейдтік – қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы жекелеген нормативтік құқықтық талаптарды сақтау мәселелері бойынша бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектіні бір мезгілде тексеру;

кешенді – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жүргізетін тексеру.

Өзге тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

1-4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган шығаратын тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі. Төтенше экологиялық жағдайларға дереу назар аудару қажет болған жағдайда тексеру тағайындау туралы акт негізінде тексеру басталады, ол кейіннен белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

1-5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша мынадай актілер шығарады:

1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актісі;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

3) нұсқама;

4) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы.

Кәсіпкерлік субъектісінің басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзімі аяқталған соң жеті құннен кешіктірмей беруге тиіс.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:

меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, ұйымдарға және басқа да объектiлерге (соның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызмет куәлiктерiн көрсету арқылы) кiрiп, көруге, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдамалардың нәтижелерi мен өзге де материалдарды сұратуға және танысу үшiн тегiн алуға;

табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламалардың, жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың, оның сапа нормативтері мен экологиялық талаптарының орындалуын, тазарту құрылыстары мен басқа да залалсыздандыратын құрылғылардың жұмысын, оларды бақылау құралдарын тексеруге;

қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның, жергілікті атқарушы органдардың табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының болуын, табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгiленген ережелердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шарттарының (келiсiм-шарттарының) және табиғат пайдалануға берiлген рұқсаттың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың құшiн жоюға, олардың құшiн жою жөнiнде нұсқамалар беруге немесе ұсыныс енгiзуге;

экологиялық аудит мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныс енгiзуге және олардың қорытындыларының орындалуын тексеруге;

экологиялық жағынан қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын қоршаған ортаның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, (әкетуге) сондай-ақ одан алып өтуге (одан әрi тасымалдауға) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;

заңды және жеке тұлғаларға талаптар қоюға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жолсыздықты жою жөнiнде нұсқамалар шығаруға;

экологиялық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына арыз беруге;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi заңдарда белгiленген тәртiппен қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;

қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген залал , оның iшiнде құндық мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi адамдардан осы залалды ерікті түрде өтеу туралы талап етуге немесе сотқа талап қоюға;

тиiстi қаржы-несие ұйымдарына экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын объектiлердiң құрылысы мен пайдаланылуын, шаруашылық және өзге де қызметтi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқама енгiзуге;

өндірістік экологиялық бақылаудың және мониторингтің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруге;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұзушылардың әрекеттерін болғызбау немесе олардың жолын кесу үшін ішкі істер, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарынан көмек сұрауға және оны алуға құқығы бар.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының шешiмдерiн барлық азаматтар, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалар орындауға мiндеттi, оларға бағыныстылық ретiмен нeмece сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, ерекше жағдайларда талап арызды 3 құннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.

4. Осы баптың екiншi және үшiншi тармақтарында көзделген хабарламаларды алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың құшiн өз қаулысымен жояды немесе оларды алып тастайды.
77-1-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге

асыратын лауазымды адамдар

1. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесiнiң басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы;

2) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесi басшысының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары;

3) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесi басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтардың орынбасарлары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары;

4) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;

5) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;

6) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау аумақтық органдарының мемлекеттiк бақылау бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары;

7) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарының мемлекеттiк бақылау бөлiмдерiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.

2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органының бас мемлекеттiк инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген бланктер болады. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторға, бас мемлекеттiк нспектордың орынбасарына және аға мемлекеттiк инспекторлар мен мемлекеттiк инспекторларға белгiленген тәртiппен бiрыңғай үлгiдегi мөр, куәлiктер мен нысанды киiм берiледi.


78-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау

Өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша орталық атқарушы органдар немесе ұйымдар бекiтетiн ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.

79-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылау

Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған шарттар бойынша жүзеге асырады.

Қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өз жарғыларына сәйкес белгiлейдi.

80-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын



адамдарды қорғау шаралары

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын адамдар мiндеттi сақтандырылуға тиiс, олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда да залалды белгiленген тәртiппен өтетуге құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын адамдардың арнайы құралдарды, атыс қаруы мен нысанды киiмдi сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

16-1-тарау. ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС IСТЕУДI БАҚЫЛАУ

80-1-б а п. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылау

1. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

2. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылау:

қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптардың орындалуын бақылауды;

қалдықтарды халықаралық тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;

қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттарының сақталуын бақылауды;

қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;

қалдықтарды тасымалдау талаптары мен ережелерiнiң сақталуын бақылауды;

қалдықтардың санын азайту және қалдықтарды қосымша шикiзат көзi ретiнде шаруашылық айналымға тарту жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды;

қалдықтармен жұмыс iстеу саласында ұсынылатын ақпараттың және қалдықтар туралы есептiлiктiң дұрыстығын бақылауды;

Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.

3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте шағым жасалына алады.

80-2-б а п. Қалдықтармен жұмыс iстеудi өндiрiстiк бақылау

1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар өз қызметi барысында Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

2. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар дербес әзiрлеп, бекiтедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдарымен келiседi.
80-3-б а п. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке алу және есептiлiк

1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар пайда болған, пайдаланылған, залалсыздандырылған, басқа тұлғаларға берiлген немесе басқа тұлғалардан алынған, сондай-ақ орналастырылған қалдықтарды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.

2. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке алуды жүргiзудiң тәртiбiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және статистика салаларындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде есептiлiктi табыс етуге мiндеттi.

4. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепке алу материалдарын Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген мерзiм бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
80-4-б а п. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры

1. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiндегi мәлiметтердiң жүйесiн есепке алу мақсатында Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры жүргiзiледi.

2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
17-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

81-б а п. Экологиялық аудит

1. Экологиялық аудит аудиттелетін субъектiлердің қоршаған ортаға әсерi туралы есептiлiгiн талдау жолымен жүргiзiледi.

Экологиялық аудит жүргiзiлген кезде:

қоршаған ортаға әсерi туралы тапсырылған есептілiктiң дұрыстығын тексеру;

өндiрiстiк-технологиялық процестiң экологиялық талаптарға сәйкестiгiн бағалау;

өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiң экологиялық талаптарға сәйкестiгiн бағалау;

персоналдың біліктілік деңгейiн бағалау мақсатымен арнайы зерттеулер мен өлшемдер орындалуы мүмкiн.

2. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектілер арасындағы қарым-қатынас экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
81-1-б а п. Экологиялық аудиттің түрлерi және оны жүргізудiң негiздерi

1. Мiндеттi экологиялық аудит және бастамашылық экологиялық аудит экологиялық аудит түрлерi болып табылады.

2. Жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу үшiн:

жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға келтiрген, құжатпен расталған нұқсаны;

заңды тұлғаның – табиғат пайдаланушының қайта ұйымдастырылуы;

қарауында стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектiлер бар заңды тұлғалардың банкрот болуы негiз болып табылады.

3. Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетін субъектiнің не оған қатысушының бастамасы бойынша, бастамашы мен экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасында экологиялық аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмдерi және көлемдерi ескерiле отырып жүргізiледi.

82-б а п. Экологиялық аудит жүргiзу және экологиялық аудиторлық есептерге



қойылатын талаптар

1. Экологиялық аудит экологиялық аудитор жасап, тапсырыс берушiмен және аудиттелетiн субъектiмен келiсілетiн экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізiледi. Экологиялық аудит жүргізудi жоспарлаған кезде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекiткен экологиялық аудит жүргізу жоспарының ұсыным сипатындағы үлгі нысанын басшылыққа алады.

2. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделетiн мiндеттi экологиялық аудит нәтижелерi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға табыс етiледi.

Экологиялық аудиторлық есеп жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарға, сақтандыру ұйымдарына табыс етiлуi мүмкiн. Бұл орайда экологиялық аудиторлық есептегi мәлiметтердi жария етуге аудиттелетiн субъектінің келiсiмiмен жол берiледi.

3. Бастамашылық экологиялық аудиттің нәтижелерi экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделедi, оның нысаны экологиялық аудит жүргiзуге жасалған шартта ескертiліп көрсетiледi.

Бастамашылық экологиялық аудиттiң нәтижелерi құпия болып табылады.

Бастамашылық экологиялық аудиттiң нәтижелерi туралы мәлiметтердi жария ету құқығына аудиттелетiн субъект ғана ие болады.

4. Экологиялық аудит жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

83-б а п. Экологиялық аудиторлық қызмет

Экологиялық аудиторлық қызмет – экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын экологиялық аудит жүргізу жөнiндегi кәсіпкерлiк қызметi.

83-1-б а п. Экологиялық аудитор

1. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға аттестациядан өткен және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен лицензия алған жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады.

2. Экологиялық аудитор жеке кәсiпкер ретiнде не экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
83-2-б а п. Экологиялық аудиторлық ұйым

1. Экологиялық аудиторлық ұйым – экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн, өндiрiстiк кооператив пен мемлекеттік кәсіпорыннан басқа, кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.

2. Шетелдiк экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында тиiстi экологиялық аудиторлық ұйымдар – Қазақстан Республикасының резиденттерi құрылған жағдайда ғана экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыра алады.

3. Экологиялық аудиторлық ұйымның құрамындағы экологиялық аудиторлардың саны кемiнде екi адам болуға тиiс.

83-3-б а п. Экологиялық аудиторлар палатасы

1. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру мен қорғау үшiн құрылған коммерциялық емес, тәуелсiз, кәсiби және өзiн-өзi басқаратын ұйым болып табылады.

2. Экологиялық аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және өз мүшелерi жалпы жиналыста қабылдаған жарғы негізiнде жұмыс iстейдi.

3. Экологиялық аудиторлар палатасы ерiктi негiзде экологиялық аудиторларды, экологиялық аудиторлық ұйымдарды бiрiктiредi және мүшелiк жарна мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.

4. Экологиялық аудиторлар палатасының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен айқындалады.

5. Экологиялық аудиторлар палатасы:

1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және өз мүшелерiнің қызметiн үйлестiредi;

2) экологиялық аудит жүргiзу жоспарының үлгі нысанын бекiтедi;

3) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, экологиялық аудиторлық қызметтi дамытуда оларға көмек көрсетедi және жәрдемдеседi;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға экологиялық аудиторлардың өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтарған жағдайлары және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын өзге де бұзушылықтары туралы хабарлайды;

5) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегі бiлiктілік комиссиясын құруға және экологиялық аудиторлардың аттестациясын өткiзуге қатысады;

6) экологиялық аудиторларды тағылымдамадан өткiзудi және оқытуды ұйымдастырады, экологиялық аудиторларға арналған оқу бағдарламаларын айқындауға қатысады;

7) экологиялық аудиторлардың заңсыз iс-әрекетiне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды;

8) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясына лицензияны керi қайтарып алу туралы ұсыныс жасайды.

6. Экологиялық аудиторлар палатасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

83-4-б а п. Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтары

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:

1) экологиялық аудит жүргiзу әдiстерiн дербес айқындауға;

2) экологиялық аудит жүргiзуге жасалған шарттың талаптарын орындауға қажеттi құжаттаманы алуға және тексеруге;

3) шарт негiзiнде экологиялық аудит жүргiзуге қатысуға, осы Заңның 83-8-бабында аталған тұлғалардан басқа, түрлi саладағы мамандарды тартуға;

4) аудиттелетiн субъект экологиялық аудит жүргізу шартының талаптарын бұзған жағдайда экологиялық аудиттi жүргiзуден не экологиялық аудиторлық есептi беруден бас тартуға құқылы.

83-5-б а п. Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың мiндеттерi

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:

1) осы Заңның 83-8-бабында көрсетiлген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудит жүргiзудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлауға;

2) аудиттелетiн субъектiден алынған, сондай-ақ экологиялық аудит жүргiзу процесiнде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

3) аудиттелетiн субъектiге құжаттарда анықталған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкессiздiк туралы хабарлауға;

4) экологиялық аудит нәтижелерінің, сондай-ақ экологиялық аудит жүргiзу кезiнде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия нысанасы болып табылатын мәлiметтердiң құпиялығын сақтауға;

5) мiндеттi экологиялық аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес хабарлауға;

6) экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті.

83-6-б а п. Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдарды



Каталог: olderfiles
olderfiles -> Л. А. Автотрофные технологии освоения космоса / Вопросы. Гипотеза. Ответы: Наука XXI века : Коллективная монография
olderfiles -> Встречи в пути. Самому замечательному человеку,повстречавшемуся мне
olderfiles -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету
olderfiles -> Әлеуметтік-мәдени, КҮнделікті қатысым саласындағы коммуникативтік қҰзыреттік мазмұНЫ
olderfiles -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
olderfiles -> Учебные пособия по налоговому праву: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С., Сман Б. У. «Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік»
olderfiles -> Учебные пособия по вопросам финансового и валютного права: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С. «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негiздерi»
olderfiles -> L. A. Zapekina School n 83 novokuznetsk 2008 Glad to See You, Boys and Girls! Let`s Start Learning


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет