3. Әйтеке би ғұмырнамасы Әйтеке би Байбекұлы(1644 -1700 жж.) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері,кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешені, Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын одан Әлім, Жеті ру тарайды. Әлімнен (кейде Қаракесек) Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккеге
7
үш рет барып Қажы атанған, Әмір-Темір патшаның бас кеңесшісі болған баба). Сол Ораздан – Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа»(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самарқан шаһарын 40 жылдай билеген атақғы Жалаңтөс баһадүр еді.Сейіткүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан – Шан, Байбек, Қонысбек, Жоламан, Бекбембет, Бөкенші.Байбектен Кешубай, Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жалтыр.Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. 7 жастан Ақша хан ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-дамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал 25 жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты «Хан кеңесін» сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған.Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы «Жеті жарғы» қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды. Ал 30 жасында 29 рудай құралған бүкіл Кіші жүздің- 6 ата Әлімнің 4 ата Кетенің, 12 атасының, 7 ата – Жетірудың Төбе биі болып сайланады». Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады.. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген. Ол 56 жасында қайтыс болды, Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы жөне Шыназ ауылдарының маңында жерленген.