Секция: Әлеуметтану тақырыбы: Ақтөбе қаласы, №2 жоббмг, 6 «Ә» сынып оқушылары



бет6/9
Дата17.01.2023
өлшемі102,99 Kb.
#165713
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Әйтеке би Ақерке 6 Ә (копия)

3.1. «Әйтеке жорып жеткізіп айтады»
Кіші жүз биі Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
Халық “Әйтеке бауыздап, Қазыбек іреп, Төле мүшелеп берер”- деп Әйтеке айтса “қандай қиқар даукесің де қалай құлақ аспасқа”, Қазыбек айтқанда төресі осы тығыла кетпеске лажы жоқ еді деп кесіп айтқан. Сондай –ақ халық тағы да “Әйтеке жорып жеткізіп айтады” деп үш биге байланысты бағасын беріп қойған.Елімізде қалыптасқан шешендік сөздердің басқада қайталанбас өзіндік ерекшеліктері де мол. Бұлар – “аттың жалы, түйенің қомында” көшпелі өркениеттің мақсат-мүддесіне сай ауызекі, суырыпсалмалық дәстүрінде туған мұралар.Суырыпсалмалық қазақ өнерінің қай-қайсысына болмасын тән, бірегейі
құбылыс.
Дәстүрлі қазақ өнерінің негізгі қасиеті сақталған жыраулық өнерді, ақындық өнерді, жалпы кең мағынасындағы ақындық өнерді импровизациясыз пайымдау аса қиын. Қазақ шешендік өнерінің бұл сипатын С. Негимов тілімен айтсақ: “Қазақ шешен билерінің импровизациялық қабілет қарымы шешендік өнердің ең жоғарғы биігіне шыққан деуге болады”.
Соңғы кезде қазақ балаларына арналған ауыз әдебиетінің үлгілерін, оның салаларын оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқу материалдарына аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізу дүние танымын кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Жас ұрпаққа қазақтың би – шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол.

3.2. Әйтеке би шешендік сөздеріндегі ел бірлігі тақырыбы
Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына
8
жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс.Бүгiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк сөздeрдiң көлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық түрлeрiнiң дe алyан түрлi eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып жатқан шығармалар eкeндiгiнe көз жeткiздiк. Ә. Кекілбаевтың қазақ тарихына қатысты зерттеулерінде ерекше орын алатын тарихи тұлғаның бірі – Әйтеке би. Жалпы, қазақ еліндегі билер институтыны тарихын соңғы екі ғасырда көптеген ғалымдар зерттеді. Солардың ішіндегі ең ірілерін айтсақ, XIX ғасырда Ш. Уәлиханов, XX ғасырда С. Зиманов болатын. Ал Әбіш ағамыз да Әйтеке биге қатысты барлық деректі жан-жақты зерттеген.
Әйтеке бидің ХVІІІ ғасырда өмір сүргендігі туралы Ш. Уәлиханов еңбектерінде кеткен қате соңғы жылдарға дейін көптеген зерттеушілерді жаңылыстырды. Ал Әбекең осы тақырыпқа қатысты материалдарды мұқият зерттеп, Әйтеке бидің ХVІІІ ғасырда емес, тек ХVІІ ғасырда ғана өмір сүргенін дәлелдеді.
«Жеті жарғыны» жасақтаған әйгілі үш бидің тарихтағы орнының аса үлкен екенін айта келіп, Әйтеке би туралы: «…Алаш ішінде Алшыннан. Алшын ішінде Әлімнен. Әлім ішінде Төртқарадан. Төртқараның Қарашы. Қараштың Сейітқұлы.
Сейітқұл болғанда, кәдімгі Әз Тәукенің төртінші атасы, атақты Қасымхан өлген соң біраз уақ қазақ билігін қолына алған Шығай Жәдікұлы 1581 жылы күллі ұлысымен Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, қасына төртқара Сейітқұл дегенді ерте кетпейтін бе еді, сол Сейітқұлдың дәл өзі. Сейітқұлдың сегіз баласының аты жер жарған. Ең атақтысы Жалаңтөс, сол кезде бар болғаны бес жаста екен. Сол Жалаңтөс Нұратада жүріп, Бұхар мен Тамды маңындағы қазақ ұлыстарын билеп, Ақназар ұлы Дінмұхамедтің көзіне түседі. Ол - кәдімгі Хафиз Таныштың «Абдулла-нәмесіндегі» Дінмұхамед. Қасым өлгесін шырқы
9
бұзылған қазақ хандығының еңсесін тіктеп берген екесі Ақназардың саясатын одан әрі жалғастырып, Абдолла әулетінен өрбитін билеушілермен батыл тайталасқа шығып, қазіргі Орта Азияның кейбір шаҺар мемлекеттерінің тізгінін өз қолына ала білген қазақ ханы Жалаңтөс те Дінмұхамедтің сол күресі үстінде көзге түссе керек», – деп оның туып-өскен ортасы мен айналасындағы тарихи тұлғалар туралы нақты мәліметтер келтіреді.
1748 жылы Әбілқайыр ханды Неплюевтің тапсырмасымен өлтірген Барақ сұлтанды ақтап шыққан атақты билер ішінде Төле би мен Әйтеке би болғандығы туралы жалған мәлімет Ш. Уәлихановтың «Сот реформасы туралы жазбалар» (1-том, 1961, 506-бет.) атты еңбегінде жазылып кеткен болатын. Расында, бұл оқиғаға Төле би де, Қазыбек би де, Әйтеке би де қатысқан жоқ. Біріншіден, Төле би мен Қазыбек би Барақты ешқашан жақтаған емес. Екіншіден, Әйтеке би ол кезде дүниеде жоқ болатын…
Әбіш – осы шындықты алғаш анықтағандардың бірі. Барақ туралы: «…Төрт биге, атап айтқанда, Кіші Орданың Алшын Төртқарасының Қаратоқасына, Қаракесегінің Қожанабы мен Мәмбет аталығына, Орта жүздің бағаналы Найманының Өтебайына өз атынан сәлем жолдап, егер солар Әбілқайырды өлтіргенің теріс болды десе, басымның еркін соларға беремін»,- депті. Көріп тұрмыз, бұлардың арасында Төленің де, Әйтекенің де аты жоқ. Ю. Гуляевтің күнделігінде келтірген бұл деректі С. Абдрезяков қуаттайды», – дейді ол.
Барақ сұлтанның 1735 жылы Ресей патшасына хат жазып, бодан болуға өтініш жасағанын да және оның 1742 жылдың күзінде Орынбор генерал-губернаторы Неплюевке барып ант бергені, патшаға елшілікке батыр Сырымбет Бекбасұлын жібергені туралы да алғаш Әбекең жазған еді.
1753 жылдың 3 қаңтарында Нұралы ханның Тевкелевке жазған хатында осы оқиғалар толық баяндалады. Барақ өлімінен кейін ол інісі Ералының Сыр бойындағы ауылына адам жіберіп, Барақтың өлтірілгенін, алайда басқа қаскүнемдердің әлі тірі екенін және олардың ауылының қазір қай жерде отырғанын хабарлайды. Осы хабарды естіген Ералы өз жасағымен асығыс
10
аттанып, Барақтың ауылын талқандайды. Сол жолы Сырымбет батырды, оның үй ішін түгелдей қырып тастаған. Бұл тарихи мәліметті алғаш рет Б.С.Сүлейменов пен В.Я.Басин жариялаған болатын. Олардан қалған: «… Семью его, также и семью Баракову и все имение, служителей, служанок и верблюдов их… в добычу получил…», « чрез одну ночь… всех трех злодеев разорил…» (Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России. /Приложение/ 189 – бет), – деген мәліметке қарағанда, Барақ әулетінен тек бір ғана әйел аман қалған екен.
Ералы Барақ пен Сырымбет батырды үй ішімен қырғаннан кейін оның ағайындары құн сұрап, билер сотына шағым жасайды. Міне, осынау аса маңызды, қиын, әйгілі сот процесін атақты Төле би басқарады. Және осы жолы қазақ билерінің әділ соты жарқырап көрінеді.
Сырымбет батырдың туыстары Сырымбетті кінәлі екендігімен келіседі, алайда оның жазықсыз балалары мен әйелдерін қырып тастағаны үшін Ералыға құн төлетуді сұрайды. Алайда Төле би Ералының екі қылмысын да кешіреді. Кешіріп қана қоймайды, Сырымбеттің туыстарын Ералыға құн төлеуге міндеттейді (Баллюзек Л.Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и имеющие в Малой киргизской орде силу закона. //Записки ИРГО. 1871. Вып. 7//; Добросмыслов А.И. Тургайская область. Оренбург. 1900. Стр.84.; Материалы по казахскому обычному праву. А.1948. Сб.1. Стр. 204).
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық «айыр тілді Әйтеке» деп атаған. Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды: Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
– Ассалаумағалейкум, ағалар! – деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:
– Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?
– Сейітқұл ауылы.
– Өзің баласысың?
– Бөйкектің баласымын.
– Атың кім?
– Қосуа бидің үйі қайсы?
– Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? – деп, сұрайды бала.
– Даулы болып келеміз, – дейді әлгі қарт жолаушы. – Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:
– Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін күн, жабықта тепсе – жарты күн, түзде тепсе – төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын – дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе – төрттің бірін шыдар – деп, әлгі күн даулап
барғандарды риза етіпті.
Сонда өлген баланың әкесі:
- Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүр бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар – деген екен.
Әйтеке би жайлы ел аңызы
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.
– Аға болып алдымен туасың,
Барымталап жылқымды қуасың
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің? – деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір шешімге келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
– Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
– Ашу деген ағын су,
Туысқан сон сөз қуыспау керек.
Алдын ашсаң арқырар.
Сөз қуған бәлеге жолығады,
Ақыл деген дария,
Жол қуған олжаға жолығады.
Алдын тоссаң тоқырар.
Төле сен, жылқысын қайыр!
Кісі бірге туыспау керек,
Бірге туысса, сөз қуыспау керек,
Қазыбек, сен жесірін қайыр! – десе, Төле би оған деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тынышталыпты.
Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп, айтатын, дауды еділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған. Сон-дыктан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңын жасасқан азамат. Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адамбаев былай жазады:
«Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, кырғыз халыктарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері»
Әйтеке би жайлы ел аңызы:Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:– Бай болсаң, халқына пайдаң тисін; Батыр болып жауға найзаң тимесе,- Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Елден бөтен үйің күйсін!
Бай болып елге пайдаң тимесе, Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? – депті. Сонда Әйтеке би:
Ораздының көрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Араздының көрісі,
Қартайғанда қазымыр болады,-
демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? – деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, – дейді. Әйтеке:- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, – депті оған.
Әйтеке Байбекұлы нақыл-термесі:
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда болса да,
Уақытысы жеткенде,
Қуармайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Панасы жоқ,тұрақ жоқ,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен де сол қыиын.
Түнде жанған шырақ жоқ.
Артта қалған тұяқ жоқ.
Шүкіршілік етіңіз...
Диалектикалық тұжырымға толы осы терменің батыс философиясынан қай жері кем?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет