Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр. Сондықтан да ғылыми жобаның тақырыбын: «Әйтеке би шешендік сөздеріндегі ынтымақ, бірлік мәселесі» деп таңдауға негіз болды.
«Әйтеке би шешендік сөздеріндегі ынтымақ, бірлік мәселесі» атты ғылыми жобада ұрпаққа арналы сөз қалдырған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі - Әйтеке бидің нақыл сөздері туралы тақырып оқырманды қызықтырары сөзсіз. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр.
«Әйтеке би шешендік сөздеріндегі ынтымақ, бірлік мәселесі» атты ғылыми жоба 4 бөлімнен тұрады. Жобада Әйтеке бидің шешендік сөздері жан-жақты зерттелген. Кіріспе зерттеу нысаны,мақсаты,кезеңдері туралы,ал негізгі бөлімде шешендік өнер, Әйтеке би ғұмырнамасы, Әйтеке би асыл сөздерінің тәрбиелік мәні толығымен ашылған. Әйтеке би шешендік сөздерін оқып үйрену үшін бұл жоба аса қажетті.
Қазақ халқы ұрпағының «Сегіз қырлы,бір сырлы» азамат болып
қалыптасуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді Бұл жоба оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді және әдебиеті үлгілерімен таныстыруды, ізгілік, адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт бойына сіңіруді көздейді.
«Әйтеке би шешендік сөздеріндегі бірлік тақырыбы» атты ғылыми жобаның мақсаты: Әйтеке биден мұра ,мирас болып қалған ғибрат аларлық даналық сөздерін зерттеу
Міндеттері: Әйтеке би шешендік сөздерін жан-жақты талдап,олардың ара қатынасын анықтау. Шешендік сөздерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізу.
3
1.КІРІСПЕ Зерттеудің мақсаты: жаңа ғылыми-теория тұрғысынан Әйтеке бидің шешендік сөздерін зерттеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде - (2018-2019 ж.ж.)Әйтеке би шешендік сөздері туралы ғылыми-теориялық, әдістемелік материалдар жинақталып, эксперименттік жұмыстар жүргізетін оқушылар іріктелді. Эксперименттік жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері айқындалып, алғы шарттары белгіленеді.
Екінші кезеңде - (2019-2020ж.ж.) Әйтеке би шешендік сөздерін меңгертудің негізгі іс-әрекеттері ұйымдастырылады. Оқушылардың ой белсенділігін арттыратын танымдық сұрақ-тапсырмалар, әдеби жаттығулар дайындалып, оларды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері іріктелді және зерттеу барысында іске асырылады.
Үшінші кезеңде - (2020-2021ж.ж.) Әйтеке би шешендік сөздерін зерттеу жұмыстарына талдау жасалады.