4.3.Диаграммалар
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей оқушылар толықтай оқыған. Яғни, би-шешендермен таныс. Алайда, ересек азаматтардың дарын иесін мүлдем танымайтындығы қапаландырады. Ал біздің ойымызша әр адам өзінің ұлы билерін білуі керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі қоғамды жаңарту,жариялылық заманында жастардың батыстың күйіне,жағымсыз үлгілеріне еліктеу басым болып барады.Ал,кино мен көгілдір экраннан ұнамайтын көріністер және ондағы келеңсіз әрекеттердің тигізер зиянына ешбір адамның күмәні болмас.Басқа халық мәдениетіне еліктеп,ұлттық болмысымызды жоғалтып алмау үшін ұлттық рухани құндылықтарымызды зерттеп-үйрену керек. Билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу жас ұрпақты шешендікке, ата-бабадан қалған мол мұраны игертуге баулиды.Ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:1. Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы
2. Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық
3. Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер
4. Дау-жанжалдардың бітімін екі –ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы. Ұрпаққа арналы сөз қалдырған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі - Әйтеке бидің нақыл сөздері туралы тақырып оқырманды қызықтырары сөзсіз. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.
Қорытындылап қарасақ, шешендік сөздерге халық даналығы, инбаттылық пен ізгілік нышандары жатады екен.Шешендік сөздердің, балаларға, олардың тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға қаншалықты қажет екенін көріп отырмыз.Шешендік сөз – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді бастауыш сыныпта оқыту бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |