Секциясы: Этномәдениеттану


Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық педагогиканың алатын орын



бет9/14
Дата07.02.2022
өлшемі283,5 Kb.
#93123
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЕРАСЫЛ ДИАНА
АШЫҚ САБАҚ, Адалдық - ең асыл қасиет, АШЫҚ САБАҚ, АШЫҚ САБАҚ, Адалдық - ең асыл қасиет
2.1. Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық педагогиканың алатын орын

«Ел басына жақсы туса, асыл болар, масыл болмас, Ел басына жаман туса, масыл болар, асыл бомас» - дейді ұлы ғұлама Ә.Науай. Әрбір перзентінен үміт кеткен ата-ана мен туған халқына жақсы адам болу әрбір адамның мойындағы асыл парызы, масыл болуға, жаман адам болуға ешкімнің құқығы жоқ. Жақсылыққа жақын адам сыйдың құрметтісін алады, алыс адам кемкетісін алады. Әрбір жақсылық адам көңіліне ұят атты құсты ұялатады.


Халықтық педагогика дегеніміз не? Халықтық педагогика - көп арнаулы, қыры - сыры мол күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайды қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрыпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге тиіс.
Халықтық педагогика - тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, ол тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.
Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттегенден Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Х.Арғынбаев. С.Сарсенбаев, С.Ұзақбаев. А.Мұқанбаева т.б.
Зерттеулерде «Халық педагогикасы» ұғымын әртұрлі мазмұн мағынада түсіндірген. Оның тәрбиелік ролін анықтау кезек күттірмейтін мәселе. Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады.
Халықтық педагогикасының мұрасының бірі - дәстүр.
Салт-дәстүр бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам, өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады.
Халық дәстүрінің танымдық тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жасұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, адамгешілік қасиет-сапаларымен сабақтасып біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра. Бала біздің елімізде ерекше халық. Ол түсінетін, сөзінетін, көретін, ұмтылатын, әрекет жасайтын, жарық дүниеге келген алғашқы күннен бастап-ақ ата-анасын, жақын-туыс туғанын, әрі бүкіл елді қуанышқа ерекше сезімге бөлейтін халық. Сондықтан балалардың өмірі мен жан-жақты жетілуі үшін олардың рухани және дене күштерінің кінәрәтсіз және қауіпсіз дамуын, адамгершілік, имандылық жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауымыз қажет.
Балалық адам өмірінің аса маңызды кезеңі, болашақ өмірге әзірлік емес, қайта нағыз жарқын, ерекше қайталанбас өмір. Сөйтіп балалықтың балалық шақта баланы кім жетектегеніне қоршаған дүниеден оның ақыл ойы мен жүрегіне не еңбегіне - осының бәріне шешуші дәрежеде ымырасыздық сияқты қасиеттердің қалыптасуының процесі басталады.
Бұл процесс мұғалімдер, ата-аналар тарапыыан мақсаттылық пен педагогикалық-психологиялық тұрғыда басқаруды қажет етеді. Мұнда әлемдік педагогика - психология ғылымында айқындалған бала тәрбиесінде жинақталған ғылыми қағида әрбір тәрбиеші, мұғалім баланың рухани дүниесіне кіре білуді және баланың рухани дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді, баламен жұмыс істеуде басшылыққа алу керек. Бұны білмейінше бұған мән бермеген жағдайда нағыз тәрбиеші бола алмайтынын өмір көрсетіп келеді.
Баланы рухани дүниесіне көтерілу дегеніміз баланың дүниеге келген күнінен бастап, оның дүние тануын, ақыл ойымен жүрекпен тануын, ең нәзік, ең шынайы, ұғыну, қабылдау, сезіну деп түсіну қажет.
Мәселен, балада алғашқы күннен бастап-ақ адамға деген шынай сүйіспеншілік сезімі болатынын М.Жұмабаев өз еңбігінде былай суреттеп эерген: «Ананы сүю» сезімі оянады. Анасын сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Бірақ ес білген соң туысқандық сезімі, яғни іраласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Ол елін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық азаматты сүю сезіміне алып барады. Бұл сөздерден ізігілік деген сөздерден дұрыс һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның өзін сүюі, яғни яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылуы, туысқандарын сүю, яғни оларға жауыздық тілемей ізгілік тілеу, өз елін сүюі, пайда келтіріп, зиян келтірмеу, һәм басқаларға да зиян келтірткізбеу, ең негізінде - біткен адамзатты дос һэм бауыр көру екен.
Міне, кімде-кім өзін сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе біткен адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймын». Сондықтан бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді халықтың рухани игілігіне пайдалану басты назарда болуы көзделіп отыр.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан оның өмірішеңдігінде, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында. Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әр тұрлі рәсім, дәстүр бар. Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша ықпалды болсада халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат ата-баба дәстүрлерінің озығын жаңарту ұрпақ тәрбиесінде басты рольге айналдыру қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты проблема.
Дәстүр - адамдардың рухани түлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Сонымен қай халықтың болса да ұлттық үрдісі, білікті қасиетті, өзіндік эуені, тағылымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз киелі керемет дәстурлері арқылы ғана өзінің ұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады.
¥лттық рухымыздағы дәстүр жасұрпақты тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз. ¥лт ойшылдардың, арнайы халық мұрасын зерттеушілерідің жалпы тәрбие жөніндегі идеялраы, ой пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі дамытылып, әр халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті күшке айналып отыр.
Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан жұтандыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді, ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп, халықтың өзіне тән тү.рмыстық көрінісі жоғала бастады.
Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өкшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші ұстазадардың абыройлы міндеті. Қай халық болмасын өз үрпағын биік белестерден көргісі келетіні түсінікті. Бүгінгі жеткіншектердің азамат болып қалыптасуы оның туған аясында, өскен ортасында, оқыған, көрген тәрбиесіне байланысты екені дәлелдеуді қажет етпесе керек. Шырт етіп дүниеге келген күннен бастап ана тілінің әлдиін, туған халқының өнегелі тәлім-тәрбиесін, үлгілі салт-дәстүрін бойына сіңіріп өсіру керек. -Салт сананы бала бойына сіңіру көбіне отбасына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет