Сәкен Сейфуллин өлеңдері идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализммен жазылған



бет4/5
Дата12.06.2022
өлшемі82,71 Kb.
#146445
1   2   3   4   5
Байланысты:
2,1 Сакен Сейфуллин
8447751272, Жануарлар анатомиясы және физиология 2 курс Ветеринария, Байтлесова, атлет.гимнастика, 9 Лекция, 9 сынып Н р-С лтан, 2019, «Компьютер та даймыз» б лімі бойынша жиынты ба алау
Қу заман басқа салды мұндай шақты,
Қайтейін, медеу қылдым жалғыз хақты.
Ұрпағың өсіп-өнген рулы ел бол,
Деуші еді бабам Тоқа аруақты.
Ескене, Байбек, Жәнібек – бергі атам.
Қайырлы деуші еді ғой берген батаң.
Мехнат, қиыншылық басқа түсті,
Жоқ еді, істерімде ешбір қатам.
Ор, Аба, Есен, Нұра жерім еді,
Қуандық – Қаратоқа елім еді.
Қолдар деп қысылғанда бабаларым,
Сендерге асау балаң сеніп еді.
Бұл өлең жолдарындағы бірыңғай бастауыштар қатары әр сөйлемнің көлемін кеңейтіп, табиғат көрінісін де, ата-баба аттарын да толық сипаттап, суреттеу мақсатында ұтымды пайдаланылған.
Ел жеген жауыздарға қарсы тұрдым,
Нашармен қол ұстасып бірге жүрдім.
Би, болыс, бай, төренің малдарына
Сатылмай әділшілік жолын құрдым.
Жазушы шығармаларындағы көптік жалғаулы бірыңғай бастауыштардың қосымшалы, қосымшасыз қолданысы ықшамдау заңдылығымен тығыз байланысты. Көптік жалғаудың басты грамматикалық қызметі – көптік мағынаны білдіру болса, стилистикалық қызметі мен мағынасы одан әлдеқайда кең. Қазақ тілінің стилистикасында көптік жалғаудың 1. жансызға жан бітіру; 2. қатыстылық ортақтық мәнді білдіру; 3. алдыңғы ойды, сөздерді жинақтау; 4. көп затты санамалаудың олардың әрқайсысының көп екеніне ерекше мән беру; 5. көптік мағынада жұмсалмайтын сөздер арқылы долбарлау мәнін беру; 7. жалпылау, топтау, типтеу мәнін беру қызметтері көрсетілген.
Жазушы шығармаларында көптік жалғаудың осы аталған стилистикалық қызметтері кеңінен көрінеді. С.Сейфуллин шығармаларында бірыңғайларды саралап, ерекше мән бере айтқанда көптік жалғауын әр бірыңғай бастауыштарға жеке-жеке жалғайды.
Мысалы:
Бар жазам күштілермен жарысқаным,
Жыртқаным сорлы жұрттың намыстарын.
Теңдікке нашар жұртты жеткізуге
Көп жауыз ұлықтармен қарысқаным.

Әдетте бірыңғай бастауыштардың алғашқылары қосымшасыз беріледі де, тиісті көптік жалғауы соңғысына жалғанады, бұл – жалпы тілдік норма. Жазушы туындыларында белгілі бір ойды жалпылап айту керек болғанда көптік жалғауын бірыңғай бастауыштардың бәріне ортақ етіп соңғысына жалғайды.


Мысалы: Бименде, Шәкір, Қоржынбайлар сөйлесіп отыр (Айша, 240-б.). Табалдырыққа шейін кілем, текеметтер төсеп тастаған (Сол жылдарда, 290-б.). Күркелерінің қасында бірен-саран қатын-қалаш, бала-шағалар ғана қалған еді. (Жер қазғандар 160-б.). Осы мысалдарда көптік жалғауының көрсеткіші тек соңғы мүшеге жалғанып ықшамдалған. Бірінші сөйлемді Бименделер, Шәкірлер, Қоржынбайлар деп құруға болады, бірақ сөйлем стилдік жағынан әдемі шықпаған болар еді, яғни жазушы көптік жалғауын соңғы бастауышқа жалғау арқылы бәріне ортақ етіп ықшамдаған. Екінші сөйлемдегі кілем, алаша деген сөздерді жалғаусыз даралап көрсетіп, көптік жалғауын тек соңғысына жалғап, сөйлемді стильдік жағынан әрлі етіп шығарған. Үшінші сөйлемде қос сөзді бірыңғай бастауыштар көптік көрсеткішінсіз қолданылған. Бұл жерде қос сөздердің өзі көптік мағынаны білдіреді, яғни қатын – қалаштар деп қолдануға болар еді, бірақ еркек-әйел сөзінің өзі лексика-семантикалық тәсіл арқылы көптік мағынада тұрғандықтан жазушы ықшамдаған. Сәкен туындыларында көптік жалғауын әр бірыңғай бастауышқа жеке- жеке, кейде ықшамдалу құбылысына сәйкес соңғы сөзге жалғап қолданса, тәуелдік жалғаудың қосымшаларының барлығы болмаса да, көпшілігі эмоциональды бояуы қанық бола отырып, ерекше стильдік ыңғайда жұмсалады. Мәселен: Менің әке-шешем, туысқан-туғандарым жоқ (Жер қазғандар, 179-б). Менің жер астындағы қызуым, ашуым, күйінгенім лезде басыла берді (Жер қазғандар, 69-б.) Пештерінің мұржалары, мойындары ғана қараяды (Тар жол тайғақ кешу, 265 б.) Бақташылары, күтушілері, дәрігерлері тұтқындардың өздері (Тар жол тайғақ кешу, 324-б.) . Алғашқы үш сөйлемде автор тәуелдік жалғауының І жақтық көрсеткішін, соңғы екі сөйлемде тәуелдіктің ІІІ жақтық жалғауын әр бірыңғайға жеке-жеке жалғап, әр сөзге екпін түсіре санамалап, даралап көрсетеді. Жазушы туындыларында дерексіз зат есім, жалқы есім, күрделі есімдерден жасалған бірыңғай бастауышты да ұтымды қолданады. М.Балақаев: «Сөз көркем әдебиет тілінің көріктеу құралы, көркем суреттің бояуы. Сөздің ондағы нәрі, көріктеу қызметі қаламгердің соларды жұмсай білу шеберлігі деңгейінде танылады. Сондықтан көркем әдебиет тілінің де бас арқауы сөз. Көркем әдебиетте сөз шеберліктің, көркем суреттің бейнелеуші материалы болатындықтан, оны ақын, жазушы ұқыптылықпен, қадағалап, талғап қолданады», – дейді [3, 54-б.]. Сәкен прозалары тіліндегі дерексіз зат есімдер мен жалқы есімдерден жасалған бірыңғай бастауыштардың қолданысы шығармалар мазмұнына ерекше сипат беріп тұр деуге болады. Мысалы: Бұл кісінің тапқыштығы, қулығы жұрттың бәрінен де асты (Жер қазғандар, 70-б.) Заводтағы бейбастық, бұзықтық, жуликтік, былықұрлық, қулық-сұмдық алдымен осылардан тарайды (Жер қазғандар, 72-б.). Семейдегі «Сарыарқа» газеті, Ташкендегі «Бірлік туы» газеті, Астрахандағы «Ұран» деген газет, Орынбордағы «Қазақ» газеті – бәрі де Омбыдағы үш жүздің бастықтарын сөгіп бақты (Тар жол тайғақ кешу, 231-б.). Сораң да, Қойтас та Арқадағы таулардың аттары (Тар жол тайғақ кешу, 103-б.). Осы мысалдардағы тапқыштық, қулық; бейбастық, бұзықтық, былық-ұрлық, қулық-сұмдық ұғымдарын жазушы жағымсыз қасиеттерді ашуда бірыңғай бастауыштар қызметінде орынды қолданады және жалқы есімдерді де шебер қолдана білген. Бірыңғай бастауыштардың көркемдік ерекшелігі туралы ғалым М.Шаяхметова: «Жазушылар бірыңғай бастауыштарды жалаң ғана қолдана салмай, олардың әрқайсысының мағынасына сәйкестеп, олардың мәніне лайықтап, оладың әрқайсысының алдынан анықтауыштар, яғни эпитеттер қолданып отырады. Мұндағы мақсат бірыңғай бастауыштарды неғұрлым көркем, тартымды етіп беру және сонымен бірге оқырман сезіміне дәл, нақты әсер ету», – дейді [4, 23-б.]. Қаламгердің қай шығармасы болмасын эпитеттерге бай, жазушы шығармаларындағы бірыңғай бастауыштар жалаң қолданылмай, мағыналарына сәйкес жұмсалады. Мысалы: Үлкен күдік, үлкен қауіп, қатты сасқандық сезіледі (Тар жол тайғақ кешу, 321-б.). Оның гүлдей солған жүзі, мұздай қатқан қабағы, терең қайғылы көзі бір ноқатқа қадалып қалған сияқты (Тар жол тайғақ кешу, 175-б.). Сарғайған жүз, қайнаған көкірек екі әйелдің зарымен бірге жайнайды ( Айша, 257-б.). Таяуырақ тыңдағанда ызыңнан көкіректі қарс айырған жасырын күйініш, ащы қасірет естіледі (Тар жол тайғақ кешу, 420-б.). Осы сөйлемдердегі үлкен, қатты; гүлдей солған, мұздай қатқан, терең қайғылы; сарғайған, қайнаған; сөздері бастауыштардың алдында қолданылып оларға ерекше дәлдік пен көркемдік мән үстеп тұр. Метонимия – атын өзгертіп алмастыру деген мағынаны білдіретін құбылтудың бір түрі. Қазақ тіл білімінде алғаш анықтама берген А.Байтұрсынұлы: «Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту - ауысу, алмастыру деп аталады. Мысалы, «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі емес, сол үйдегі адамдікі, үй мен үй иесінің арасы жақындығынан, бірінің орнына бірін айтамыз»,- деп түсіндірген [5, 159-б.]. Шығармада метонимияны қолдану үшін белгілі дәрежеде шеберлік керек. Әрине, мұндай шеберлік, бірыңғай бастауыштарды метонимия түрінде қолдану С.Сейфуллин қаламына тән деуге болады. Мысалы: Мұндай ескі тұрмыстың жаңа тұрмысқа көшкен ұлы асуда қақтығып жығылғандар, мертіккендер болуға мүмкін (Тар жол тайғақ кешу, 367-б.). Жазушының мұндағы «қақтығып жығылғандар, мертіккендер» деп отырғаны – қателесіп, шалыс басқан адамдар. Жазушы туындыларында кездесетін тілдік – көркемдік табиғатын тереңірек қарастыру үшін тағы да бірнеше мысалдар арқылы талдау жасау қажеттігі туындайды. Мысалы: Алдыңғы қос атты шанадағы бір жуандау, ішік киген түлкі тымақты қазақ екен. Смағұл: - Отағасы, бізді біраз жерге шейін мінгізе кетіңіз!- деді. Ішік пен тымақ қайырылмай өте шықты (Тар жол тайғақ кешу, 351 б.). Нашар мен момын енді әдемі шабылды (Тар жол тайғақ кешу, 69-б). Мысалдарда автор ауқатты бай бейнесін «ішік пен тымақ» деп сыртқы бейнесіне сай атаса, «нашар мен момын» деп кедей, қолы қысқа әлеуметтік топтарды атап, сол шығармаға экспрессивті-эмоциялық бояу беріп тұр. Антонимдер жалпыхалықтық тілімізде, оның ішінде көркем шығарма тілінде, синонимдерден кейінгі көбірек қолданылатын сөздер. Жазушы туындыларында бірыңғай бастауыш тұлғасындағы мағыналары қарама - қарсы антоним ұғымдардың бірыңғай бастауыш болып қолданысы да кездеседі. Бұлай болуы заңды да, себебі олардың мағыналық табиғатының өзі тіл реңділігін туғызуға арналған десек те болады. Орыс ғалымы Н.Перетрухин: «Языковые антонимы свободно сочетаются в границах закрытых сочиненных рядов, как правило, союзных и морфологических однотипных», – деп түйіндейді [6, 30-б.]. Демек, күнделікті қолданыстағы жалпыға түсінікті сөздер көркем мәтінде айырықша түрленіп, мағынасы кеңейіп, айқындалады. Ескілік пен жаңалық қан майданға шықты (Тар жол тайғақ кешу, 158- б.). Қартайған дәуір мен жас дәуір белдесті (Тар жол тайғақ кешу, 112-б.). Бізге өлген де, тірі жүрген де бәрібір (Тар жол тайғақ кешу, 192-б.). Осы сөйлемдерде автор ескілік, жаңалық; қартайған дәуір мен жас дәуір; өлген де, тірі жүрген де деген сөздерді бірыңғай бастауыштар қызметінде қолданып, зат пен құбылыстың қарама-қарсылық қасиетін көрсетуде шеберлік танытады. Сәкеннің прозалық туындыларының тағы бір көңіл аударарлық жері - оның тіліндегі қос сөздердің мол болып бірыңғай бастауыштар қызметінде ұтымды жұмсалуы. Мысалы: Еркек - әйел, бала - шағалар қотанның шетінде жиналып отырды (Тар жол тайғақ кешу, 371-б.). Айнала - төңірек, жер - дүние, жан - жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған тәрізді (Жер қазғандар, 38-б.). Жиылыс - митинг, талас - тартыстар жиіленді (Тар жол тайғақ кешу, 54-б.). Қос сөздерден жасалған бірыңғай мүшелердің эмоционалды әсері мейлінше айқынырақ білінеді. Жазушы бірыңғай бастауыштар қызметінде қос сөздерді қолдана отырып айтатын ойын ұтымды жеткізе білген. № 5 (120) 2017 51 М.Шаяхметова: «Көркем әдебиет стилінде бірыңғай мүшелі сөйлемдердің экспрессивтік ролі тек оның мағынасымен, байланысу тәсілдерімен ғана емес, сонымен қатар компоненттерінің санына да байланысты»,- дейді [4, 19-б.] Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қатары құрамына қарай қос мүшелі, үш мүшелі, көп мүшелі болып келеді. Автордың шығармалары тілінен көп мүшелі бірыңғай бастауыштардың жалғаулықсыз және жалғаулықтармен байланысып келген түрлерін де кездестіруге болады. Мәселен: Дала, ой, бұйрат, адыр, таулар сұрғылт тартып біртүрлі сүйкімсіз қожырағандай (Тар жол тайғақ кешу, 395-б.) Белестер де, ойпаңдар да, далалар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек, жасыл бояудай (Тар жол тайғақ кешу, 39-б.). Доктор да, юрист те, полковник те, чиновник те, агроном да, пропорщик те мұнда - міне осының бәрі осы Жымпиты уезінде туған (Тар жол тайғақ кешу, 137-б.). Алғашқы сөйлемдегі көп мүшелі бірыңғай бастауыштар санамалау, нақтылау мәнін үстемелесе, соңғы екі сөйлемдегі бірыңғай бастауыштар жинақтау, тұйықтау мағынасын үстемелеп тұр. Сонымен, С.Сейфуллин шығармаларында бірыңғай бастауыштарды эпитет, метонимия, синонимдер мен қос сөздер түрінде мол, әрі ұтымды қолданады.
Әдебиеттер
1 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. – Алматы, 1968. – 268 б.
2 Серғалиев М.С. Стилистика негіздері. – Астана: ЕҰУ, 2006. – 273 б.
3 Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. – Алматы, 1987. – 272 б.
4 Шаяхметова М. Бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі. – Алматы, 1985. – 60 б.
5 Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу. /Құраст. Р.Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
6 Перетрухин Н. Проблемы синтаксиса однородных членов предложения современного русского языка. – Воронеж, 1979. – 207 с. R




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет