Сәкен Сейфуллин өлеңдері идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализммен жазылған



бет3/5
Дата12.06.2022
өлшемі82,71 Kb.
#146445
1   2   3   4   5
Байланысты:
2,1 Сакен Сейфуллин
8447751272, Жануарлар анатомиясы және физиология 2 курс Ветеринария, Байтлесова, атлет.гимнастика, 9 Лекция, 9 сынып Н р-С лтан, 2019, «Компьютер та даймыз» б лімі бойынша жиынты ба алау
«Қамыққан көңіл» – Сәкеннің таза көңіліне түскен кірбің мен жан дүниесінің күйзелісінен туған өлең. Сүргінге ұшыраған жылдары жазылған ақын өлеңдерінің басым бөлігі туған жерге деген сағыныш сезімін көрсетсе, ал «Қамыққан көңіл» өлеңінде Сәкен көңіліндегі мұңды жырлайды:
Бұл күнде жау жағадан алғаны рас.
Көп дұшпан аяқтан кеш шалғаны рас.
Шала өлген қара жылан аңдаусызда
Өкпеден көк найзасын салғаны рас.
Бұл қайғы ақынның қолына түскен кісеннен емес, халқына төнген қауіптен туындыған. Ақын ішкі толғанысы арқылы жалғыз жанының қасіретін ғана емес, тұтас ұлттың көңіліндегі күйзелісті аңғартқандай. Дегенмен бұл өлеңде оптимистік сарын бар. Сәкен жаны нәзік ақын болғанымен, оның рухы өр, намысы биік. Сол себептен ақын жарқын келешекке сенеді, өз-өзін жігерлендіреді:
Еркіңді қу қайғыға берме, көңлім!
Күйленіп бұрынғыдай керне көңлім!
Қамығып жабырқадың неге мұндай,
Талпынып көкке құлаш серме, көңлім!
«Біздің жақта» өлеңінде Сәкеннің туған елге, жерге деген аңсары, сағынышы көрініс табады. Ақын шығармашылығында туған жер тақырыбында жазылған тілі көркем, эстетикалық деңгейі биік өлеңдерінің бірі – «Біздің жақта». Ақын Сарыарқаның сұлу табиғатымен қатар сол кең далада еркін өскен ерлер мен бұла бойжеткендерді де өлеңге арқау етеді. Бұдан автордың туған жерге, сол топырақта өніп-өскен ерлерге деген ыстық ықыласы мен бауырмалдығын көре аламыз.
Жеріне біздің жақтың лайық ері.
Ел палуан, аңшы-мерген, әншіл, сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілі жігіттері.
деген жолдардан Сарыарқаның кең даласы елдің атын танытқан сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздардың мекені болғанына көзіміз анық жетеді. Сұлу өмірді сүйген Сәкен де осы ортаның сәні болған. Сондықтан «Біздің жақта» өлеңінде ақын өзінің ішкі сезімдері мен толғаныстарын шынайы түрде оқырманға жеткізгені аңғарылады.
Атамекеннің мамыражай өмір салтын суреттеуде Сәкен айшықты сөз қолданыстары мен көркемдегіш құралдарды шебер қолданған. Елдің көркі болып саналатын бойжеткендердің образын суреттеуде Сәкен ақын эпитеттерді пайдаланған. Мәселен, мамық төс, сұңғақ мойын, сүмбіл шаш, қара көз, бал мінез сынды эпитеттер қазақ қызының көркем бейнесін танытып тұр.
Сәкен Сейфуллин – қазақ тарихындағы басынан дауы арылмаған, қарама-қайшылығы көп ақын. Қиын заманда билікке араласып, ұлтымыздың келешегіне араласып, қазақтың мәселелерін көтеру – өліммен пара-пар іс еді. Қызыл үкімет құрамында жүріп-ақ, елге, ұлтына, жеріне адал қызмет еткен Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы – туған халқымен бірге мәңгі жасай беретіні сөзсіз рас.
1937 жылдың алғашқы жартысында газет беттерінде негізінен өзара сынды күшейту, әшкерелеу мәселесі көбірек айтылса, маусым айынан былай қарай күн тәртібіне халық жауларын құрту, түп тамырларымен жою міндеті қойылды. «Халық жауы», «тап жауы», «буржуазияшыл-ұлтшыл», «ұлтшыл-фашистер», «фашистік диверсант», «фашист-күшіктер», «банды», «жалдамалы төбеттер», «арамзалар», «сұрқиялар», «сұмырайлар», «ұлтшыл элемент», «пантюркистік конттреволюция», тағы басқа осындай жан түршігерлік сөздер газет беттерінде үйреншікті «әшкерелегіш» терминдерге айналды.
Сол жиналыстан өзара тартысқа түскен шығармашылық топ өкілдерін жаппай сталиндік қуғын-сүргінге ұшырату басталды. 1937 жылдың 24 қыркүйегінде көрнекті қазақ-совет ақыны Сәкен Сейфуллин тұтқындалады. 25 күні Сәкенді тұтқындауға негіз болған ордер тергеу күшіне енеді. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы қалалық партия комитеті бюросы №221 Б хаттамасында ұлтшыл-контреволюционер ретінде әшкереленіп, НКВД органдары тарапынан тұтқындалуына байланысты С.Сейфуллиннің халық жауы есебінде партиядан шығарылғандығы, ал оның №152510 партиялық билеті өзінің күшін жойған. РСФСР қылмыстық кодексінің №58 статьясының №10-11 баптары негізінде 1918 жылдан бері ВКП (б) мүшесі, революцияға және социалистік құрылысқа қатысқан еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1936), Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің құрмет грамотасымен, «Қазақстанның 15 жылдығы» төсбелгісімен марапатталған, қазақ-совет әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан, кеңес үкіметінің басшылық қызметінде болған ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинге Троцкий, оңшылдармен байланысты кеңеске қарсы ұлтшыл ұйым мүшесі болған деген жала жабылып, 1938 жылдың 25 ақпан күні ату жазасына кесілді.

Кейіпкердің көңіл-күй жағдайы, табиғат көрінісі және тіліміздегі әртүрлі бейнелегіш көріктеу құралдары – міне осы үш фактор 1920-30 жылдардағы шығармалардың тілінде өзара ортақ бір стильдік мақсатқа, автор позициясына шебер бағындырылады».


Қазақ әдеби тілі стилистикасы саласында академик Р.Сыздық, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдар зерттеулері де елеулі орын алады. Аталмыш ғалымдар еңбектерінде қазақ әдеби тілі стилистикасының мәселелері жан-жақты қарастырылған. Академик М.Серғалиев зерттеу еңбектерінің бірінде былай тұжырымдайды: «Бірыңғай мүшелер сөйлем ішінде ойды неше түрлі тәсілмен жеткізуде ерекше қызмет атқарады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің қызметіндегі мағыналық және логикалық қырын айтпағанның өзінде стильдік қырын арнайы сөз етуге болады. Бірыңғай мүшелер арқылы жалпы суреттеліп отырған көріністің жекелеген бөліктері, бүтіннің бөлшектері нақтылана түседі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері ойдың әр жақты қырларын беруде үлкен стильдік қызмет атқарады, әдеби тілдің барлық стиліне бірдей қолданылатын, кең дамыған синтаксистік категория. Әсіресе, көркем әдебиетте қолданылу диапазоны өте кең» [2, 216-б.].
С.Сейфуллин туындыларында бірыңғай мүшелерді мол қамтып, шығарма көркемдігін, тіл образдылығын әсем өрнектеп беру үшін қолданады. Халық тұрмысын, ой-арманын, еліміздегі тарихи кезең оқиғаларын шығармаларының негізгі желісі еткен жазушы халық тілінен нәр алып, оның бай қазынасындағы әсерлі, мәнді сөздер мен сөйлемдерін құрауда бірыңғай сөйлем мүшелерін ұтымды пайдаланады. С.Сейфуллин шығармалары тілінде кездесетін бірыңғай мүшелердің қолданысынан оларға тән ерекшеліктердің барлығы дерлік кездеседі. Атап айтқанда, біріншіден, жазушы шығармаларының тілі бірыңғай мүшелерге өте бай. Екіншіден, бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықтармен де, жалғаулықтарсыз да байланысып келіп жұмсала береді. Үшіншіден, бірыңғай мүшелер сөйлемнің барлық мүшелері болып қолданылады. Төртіншіден, С.Сейфуллин поэзиясында бірыңғайлардың екі, үш, көп мүшелі түрлерінің бәрі де кездеседі. Бесіншіден, жазушы шығармаларындағы бірыңғайлардың өзіндік стильдік қолданыс ерекшеліктері бар. Осы тұрғыдан алғанда жазушы шығармасындағы бірыңғай бастауыштардың қолданылу тәсілдері, ерекшеліктері де әр алуан.
Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет