Сәкен Сейфуллин өлеңдері идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализммен жазылған



бет5/5
Дата12.06.2022
өлшемі82,71 Kb.
#146445
1   2   3   4   5
Байланысты:
2,1 Сакен Сейфуллин

ТІРАКТІРЛІ КАЛКОЗДА


1. ДҮКЕНДІ ҰЖЫМДА


Бүгiнгi iстiң
Бір белді өрі,
Қызу науқан
Егіс жерi...
Бүгiнгi iстiң
Бiр ұлы ерi, -
Тiрактiрдiң маманы.


Шын бүгiнгi ер,
Tөciн керген.
Бар өнерін
Көпке берген,
Надандык пен
Билерге ерген,
Кешегі елдiң «жаманы».


Жүйткiп тұрмыс
Алға таман,
Көршіліктен
Кеше надан,
Туғызды
Мың-мың маман
Тап тартысы заманы.
Түрлендірді
Қалқоз ұжым
Ұжым еңбек
Жаңа күйін...
Мәстір алда,
Ұжым, - жыйын, –
Егiстi iсте мал, жаны.


Мәстiрлер мен
Ұйым бiрге
Teгicтiккe
Қалайды iрге,
Еңбек құрад
Көркем түрге, -
Жұмыла iсте бар жаны.
Iс қызады,
Күйi шалқып,
Жарасады
Күй мен балқып,
Қар-қара жер, -
Қара барқыт,
Қызыл бидай маржаны!
Жасап ұйым
Көркем өмiр,
Бұйра айдар:
«Жердi темiр»
Құж айырғанда
Құрыш темiр, -
Егiс жүгiн артады.
Қара жердi


Талқан қылып,
Мың-мың қатар
Сымын тiлiп,
Үстіне атса
Мәстiр мiнiп,
Темiр айғыр тартады.
Жылда арттырып
Тұқым еге,
Құралға ылғи,
Кағып шеге.
Айналдырад
Машинеге.
Өрге өрлеген еңбекшi.
Барлық жүктi
Мәшинеге Тиеп, артып,
Ат қып жеге
Жер тобына
Болып еге,
Барлык күштi жеңбекші.


Мәшинеге
Жегiп жүктi,
Жойып барлық
Кемшілікті,
4 жылда iстеп
5 жылдыкты,
Teгiстiкке еңбекші.
«Iс құрал мен өнер»!» - дейді.
Iс құралын өнерлейді.
Мәшинелеп шеберлейді, -
Іc мың есе өнбекші.
Батыр маман
Егiстiкке, Құрыш жегіп,
Үлкен жүкке,
Айдайды күш
Тірәктiршi далада.
Тегiстiкке соғып құрал,
Жауды бағып, бейне қыран,
Ортақты icкe салады ұран
Басы ағасы далада.
Ат қып мiнiп
Кек құрышты, Тегiстiкке
Айдап күштi, Ұшан жердi


Тіліп пішті
Тiрактiрдiн мәстiрi.
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1180062&simple=true&lang=ru#

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет