Сәлем, балақай! Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» меменмен
Мен қандаймын,қандаймын, Шұғылалы таңдаймын! Күлімдеген күндеймін! Еш уайымды білмеймін.
Шаттық шеңбер Оқу қызыметімізді бастамай тұрып,өткен оқу қызыметімізді қайталап өтейік . Бір жылда неше мезгіл бар ? Атап берші? Тақырыбы: Қай жерде тұр? Кеңістікті бағдарлау Мақсаты: (Жоғары-төмен ,сол жақта-оң жақта, үстінде –астында,ортасында, арасында) сияқты кеңістік қатынастарын анықтап,қағаз бетінде бағдарлау қабілетіңді қалыптастыр. Шкаф сөрелерін ретте. Шашылып жатқан ойыншықтарды үлгідегідей етіп орналастырып,заттың қай жерде орналасқанын айтып отыр. Қане , балақай қонжық қай жерде тұруы тиіс. Ал, Сөредегі мына орынды қалай атайды ?. Ал , қуыршақ ше? Жарайсың ,Қонжық сөренің жоғарғы жағында тұр, ал қуыршақ сөренің оң жағында тұр. Қане , сөмке қай жерде тұруы тиіс. Сөредегі мына орынды қалай атайды . Ал , мәшине ше? Сөмке сөренің сол жағында тұр, ал мәшине төменгі жағында тұр. Қане , доп қай жерде тұруы тиіс. Сөредегі мына орынды қалай атаймыз? Ол ненің қасында тұр? Неден жоғары,неден төмен,қай заттардың ортасында тұр? « Сергіту сәті » Балақай, дәптердегі 2-тапсырманы орында. Алдымен қолшатырлардың дәптерге қалай орналастырылғанын айта ғой : «Үстінде, астында, оң жақта, сол жақта ,ортасында) Содан кейін қолшатырларды орналасқан жеріне қарай әр түрлі түспен боя. Оларды қай түспен бояйтынын табу үшін бізге бағдаршам көмектеседі. Бағдаршам көрсетіп тұрған қолшатырды табыңдар , Жарайсың! Сары түсті бағыт пен көрсетіп тұр,яғни сары түспен бояймыз. 3 ші тапсырманы орындауды ұсынамын. Бұл тапсырма алдыңғы тақырыпты қайталауға ,логикалық жағынан талқылауға ,және тақырыпты жинақтауға берілген. -Жоғарыда,төменде,оң жақта,сол жақта және ортасында орналасқан заттарды айт . Артық зат қайсы? Неге? Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстың. Жарайсың ! Сау бол балақай!