Ең ескі тарих[өңдеу]
Павлодар облысының ескі тарихы
Археологиялық зерттеулер Ертіс өңірінде тарихқа дейінгі кезде адамдар саны көп тайпалар өмір сүргенін көрсетеді. Ежелгі адамдардың тұрақтау іздері Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жиегінде табылды. Тастан жасалған қарулар, жебелер мен найзалардың кремнийден жасалған ұштары табылды. Мыңжылдықтар өз кезегімен өтіп жатты, Ертіс өңірінде тұрып жатқан түрлі тайпалардың мәдениеті өзгеріп отырды. Бұнда қимақтар, үйсіндер, қаңлылар, наймандар көшіп жүрді.
Павлодар Ертіс өңірінің жартастағы жазулары
Қазіргі заманғы Ертістің Павлодар өңірі аумағына жасалған бірінші экспедициялар Сібірде мемлекеттік биліктің нығайтылуынан және Тобол губерниясын белгілегеннен кейін басталды. Коряков пошталық форпост Ертістің жағасында 1720 жылы пайда болды. 1838 жылы форпост аттас станица болып өзгерді, ал 1861 жылы - Павлодар қаласы деп аталды. Сол жылдары 19-шы ғасырдың басында ауыл шаруашылығының өсуі, ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу салаларының, тау-кен ісінің дамуы көзделіп еді. 19-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап Екібастұзда көмір өндіруді әзірлеу жұмысы, Коряков және Үлкен Қалқаман көлдерінде тұз өндірісі жүргізілді. [3]
XIX - XX ғ. басындағы Павлодар Ертіс өңірі.
Советтік кез[өңдеу]
20-шы ғасырдың бірінші жартысында Құлынды-Павлодар (1923) темір жолының құрылысымен және Ертісте кеме қатынасының дамуымен шаруашылық тез қарқынмен дамыды. 1938 жылы облыс орталығы болған Павлодар кеме қатынасы бар Ертіс өзені мен темір жолдың қиылысында қалып, Екібастұз, Орал, Сібірмен тұрақты байланыс орнатты. Бұл қала мен облыс экономикасының одан әрі дамуына негіз болды. Шағын шеберханалардың орнында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бой көтерді.
Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Павлодар Ертіс өңірі
1956 жылдан бастап Павлодар тың және тыңайған жерлерді игеру орталықтарының бірі болды. Тыңды көтеру нәтижесінде облыстың егістік аумақтары он есе көбейді. Көмірді өндіру және тың игеру Павлодар облысындағы өндірістік күштерінің дамуына мықты серпін берді.
Тың игеру (Павлодар облысы).
Қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, бай ресурстары, көлік жолдары мен Ертіс-Қарағанды арнасының бар болуы 1957 жылы құрамына Павлодар, Екібастұз, Ақсу (Ермак) қалалары енген Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің құрылуына әсер етті. Арзан Екібастұз көмірі негізінде энергетикалық база құрылған және өнеркәсіптің жаңа салалары: қара және түрлі түсті металлургия, машинажасау, алюминий, мұнай өндіру және химия салалары дамыды.[3]
Қазіргі[өңдеу]
1991, 30 желтоқсан — Павлодарда Кутузов к-сі бойымен Ломов к-сі қиылысына дейін өтетін трамвай желісі іске қосылды.
1993 — 1 қаңтардағы кезеңге сәйкес Ленин кентін қоса есептегенде Павлодарда 367,4 мың адам тұрды.
1993, 4 мамыр — Ермак қаласы Ақсу қаласына өзгертілді, Краснокутск ауданы Ақтоғай ауданы болып өзгертілді.
1993, 7 қазан —Краснокутск ауылы Ақтоғай ауылы болып өзгертілді.
1993, желтоқсан —Екібастұздық ГРЭС-2-нің екінші энергоблогы іске қосылды.
1994, маусым — Индустриалды және педагогикалық институттар Павлодар мемлекеттік университеті болып біріктірілді.
1994 — Павлодар қаласындағы Свердлов көшесі Ломов көшесі болып, Тургенев көшесі - М. Қайырбаев көшесі болып, Қызыләскер көшесі— И. Кривенко көшесі болып өзгертілді.
1994 — Екібастұзда православиелік Серафим-Иверск храмының іргесі қаланды.
1996 —тұрғын-коммуналды шаруашылық монополиясыздандырылды, КСК-лар құрылды. 1996, 21 маусым — Железинка ауылында Свято-Троицк храмының негізі қаланды.
1997, 9 мамыр — Павлодардың Орталық алаңында алғашқы рет әуесқой автожарыстар өтті, ол жарыс 1997 ж.-дан 2008 ж.-ға дейін қаланың бас алаңында өтетін мерекелік шаралардың ажырамас бөлігі болып келді.
1997, қазан — Павлодарда халықаралық «Айналайын Ертіс — 97» фестивалі өтті.
1998, 17 мамыр — Ақсу-Конечная теміржол желісінің құрылысы басталды..
1998, 24 қараша — Қазақстан Президенті Н. Назарбаев қатысқан Павлодар облысының 60 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті.
1999, 28 тамыз — Павлодар қаласында Әулие Николай кіші шіркеуін дәріптеу шарасы өтті. 1999, 23 қазан — Павлодар қ. Игілік кафедралды соборының салтанытты ашылуы болды және Павлодардың бас мешітінің алғашқы тасы қаланды.
XXI ғасыр
2000, 23 қыркүйек — Жаңа жағалаудың сәулет ансамблі ашылып, алғашқы рет қалалық ипподромда жылқы-спорттық сайыстар өткен Павлодар қаласы Күні мерекелік шарасы аталып өтті.
2000, 17 қазан — Павлодар қ. Рим-католиктік Шіркеуінің Иса нәресте әулие Терезаның келуін дәріптеу шарасы өтті.
2000, 25 қазан — Павлодар қ. облыстық көркемөнер мұражайының ғимараты жанында ақын, философ Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған ескерткіш ашылды.
2000, желтоқсан — Аксу-Конечная теміржолын төсеп жатқан екі бригада Май ауданының Көктөбе ауылында түйісті. 2001 ж. ортасында құрылыс аяқталғаннан кейін Аксу-Конечная теміржолы тәуелсіз Қазақстанда салынған ең алғашқы темір жол болды.
2007, 21 шілде — алғашқы рет қала әкімшілігінің қолдауымен «open air RELAX Summer Sun Party» музыкалық фестивалі өтті.
2010, 12 сәуір — Павлодар қ. әкімшілігінің жанында Қаныш Имантайұлы Сәтбевқа арналған ескерткіштің ашылуы болды.
2011, 24 қаңтар — VII Қысқы Азия ойындары алауының эстафетасы өтті.
Бүгінгі күні Павлодар облысы барлық облыстардың арасында жоғары өнеркәсіптік әлеуетімен ерекшеленеді, көп салалы ауыл шаруашылығы бар, ауылшаруашылық өнімдерімен өзін толық көлемде қамтамасыз етеді. Бұнда су көлігінен басқа көліктің және өндірістік емес саланың барлық түрлері дамыған.[3]
Әкімшілік айыру[өңдеу]
Елдімекендер[өңдеу]
Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы)
Баянауыл ауданы
Железі ауданы
Ертіс ауданы
Қашыр ауданы
Лебяжі ауданы
Май ауданы
Павлодар ауданы
Успен ауданы
Щербақты ауданы
Ақсу қаласы
Екібастұз қаласы
Павлодар қаласы[3]
Атқару органдары[өңдеу]
Атқарушы өкімет Павлодардың облысының әкімі болып табылады.
Атқару органдарының аймақтағы құрылымдары:
Павлодар облысы әкімінің аппараты
Қаланың және ауданның әкімдерінің аппараттары
Павлодардың облысының басқармалары
Аумақтық мемлекеттік органдар
Павлодардың облысының басқармалары:[өңдеу]
Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы
Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы
Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Павлодар облысының мәдениет басқармасы
Павлодар облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы
Павлодар облысының білім беру басқармасы
Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
Павлодар облысының құрылыс басқармасы
Павлодар облысының қаржы басқармасы
Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы
Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Павлодар облысының туризм, дене тәрбиесi және спорт басқармасы
Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
Аумақтық мемлекеттік органдар[өңдеу]
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің Павлодар облысының Соттар әкімшісі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасы
Павлодар облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаментінің Павлодар облысы бойынша филиалы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті
Павлодар облысының Әділет департаменті
Павлодар облысының Ішкі істер департаменті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы
Павлодар облысы Статистика департаменті
Павлодардың облысының бастықтары[өңдеу]
Облыс әкімі:
Арын, Ерлан Мұхтарұлы,
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев,
Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов,
Даниал Кенжетайұлы Ахметов,
Ғалымжан Бадылжанұлы Жақиянов,
Даниал Кенжетайұлы Ахметов.
Облыс әкімі аппаратының басшысы:
Даниал Кенжетайұлы Ахметов,
Асығат Асиұлы Жабағин.
Облысты халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы:
Жақсылық Ғабдуллинұлы Исқақов,
Рысбек, Мырзашев,
Махмет Кайрбайұлы Қайрбаев,
Темеш Садуақасов,
Жақыпбек Жанғозин.
Коммунистік партияның облыстың комитетінің бірінші хатшысы:
Борис Васильевич Исаев,
Юрий Алексеевич Мещеряков,
Петр Иванович Ерпилов,
Борис Васильевич Исаев,
Иван Михайлович Буров,
Иван Гаврилович Слажнев,
Василий Кузьмич Шишонков.
Экономика[өңдеу]
Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда. Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.[3]
Өнеркәсіп[өңдеу]
Облыс экономикасы Қазан революциясына дейін жергілікті шикізатты өңдеуге негізделген шағын 242 диірмен (оның ішінде 4 су, 47 ат күшімен істейтін және 191 жел диірмені) мен тоң май, сабын және кірпіш зауыттарынан, Қалқаман мен Тобылжан көлдеріндегі тұз өндіру кәсіпшілігінен тұрды (1908). Облыс қойнауының кен байлықтарына мол екенін білген шетелдік кәсіпкерлер 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында тау-кен өнеркәсібіне инвестиция берді. Орыс кәсіпкері Попов 1839 ж. Благодатно-Стефанов зауытын салды. Онда қорғасын, күміс және мыс балқытылды. Павлодар көпесі Деров София, Надежда және Царицын-Александровский кеніштерінде мыс өндірді. 1893 ж. Деров Екібастұз тас көмір кенін иеленіп, 9 шахта ашты. 1913 ж. оны ағылшын концессионері Л.Уркварт иеленіп, “Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акцион. қоғамы” деп атады. Ондағы 24 кокс пеші жылына 7 мың тонн кокс беріп тұрды. Көмірмен бірге қорғасын және мыс өндіру дами түсті. 1916 ж. бұл жерде 25 мың тонн мырыш, 13 мың т. қорғасын, 1 мың т. мыс, 210 т күміс және 18 т алтын өндірілді. 1917 ж. Павлодар уезінде бумен істейтін 40 диірмен болды. Ол жылына 3,5 млн пұт ұн өндіретін. Одан басқа уезд аумағында су көлігінің механикалық шеберханасы, Мочалиннің механика зауыты, электрикалық станция, темекі фабрикасы, сабын қайнататын, тері илейтін зауыттар жұмыс істеген. 1938 ж. П. о. құрылып, оның құрамына Павлодар, Каганович, Цюрупин, Ертіс, Куйбышев, Өрлітөбе, М.Горький, Бесқарағай, Лозов аудандары және Қарағанды облысынан бөлініп шыққан Баянауыл ауданы кірді. Облыс жаңа құрылған кезде шағын кәсіпорындардың ең ірілері – полиметалл кентастарын өндіретін “Майқайыңалтын” комбинат, “Павлодар-тұз” тресі және Екібастұз кірпіш зауыты болды. А. ш. құрайтын 95,6% шаруа қожалықтарының 465-і шаруашылық болған. 1940 ж. облыс аумағында жүргізілген геологиялық барлау нәтижесінде Екібастұз көмір алабының жалпы қоры (1 млрд т-дан астам) анықталды. Облыс орталығы – Павлодарда хром, балық зауыттары, нан комбинат, т.б. салынды. 2-дүниежүз. соғыс кезінде КСРО-ның батыс аймағынан көшіріліп келген зауыт, фабрика, т.б. кәсіпорындар облыс экономикасының жедел дамуына ықпалын тигізді. 1942 ж. облыста 41 цех және 4 өнеркәсіп орны пайда болды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 1 млн га-дан астам жер жыртылды. Жаңадан 32 астық өсіретін кеңшар, 8 МТС пайда болды. Амал шамамен бірге облыстың өнеркәсібі де жедел дамыды. Екібастұз көмірін және Майкөбеннің қоңыр көмірін өндіру ұлғая түсті. Павлодар, Екібастұз және Өрлітөбе ағаш өңдеу кәсіпорындары жұмыс істей бастады. 1950 – 70 ж. облыс индустриясының өркендеу кезеңі болды. 1960 ж. Ертіс жағалауында МАЭС (ГРЭС), темір қорытпалары, құрылыс материалдары зауыттары, т.б. ірі кәсіпорындар салына бастады. 1965 ж. машина жасау зауыты және ЖЭС-2 іске қосылды. Бұрынғы машина жасау зауыты 1966 ж. трактор зауыты болып қайта құрылды. Нәтижесінде 60-жылдардың ортасынан бастап облыста Павлодар – Екібастұз энергетик. өнеркәсіп торабы өсіп қалыптасты. 1971 ж. Ертіс – Қарағанды каналы іске қосылды. Канал суы 100 мың га-дан астам жерді суғарды және суландырды. 1974 ж. картон-рубероид зауыты жұмыс істей бастады. 80-жылдары 100-ге жуық кәсіпорындар мен цехтар іске қосылды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 28,8%-ға өсті. 1990 – 94 ж. осыған дейін болған өндірістік және оны мат.-тех. қамтамасыз ету жүйесінің “бұзылуы” салдарынан өнеркәсіп өнімдерінің барлық саласы өз өнімдерін азайтты. 90-жылдардың ортасында мемлекетсіздендіру және жекешелендіру процесі басталды. Нәтижесінде 2001 жылдың басында жекеменшік формадағы кәсіпорындар жалпы кәсіпорындардың 78,9%-н, мемлекетке қарасты кәсіпорындар 20,8%-ды, шетелдік кәсіпорындар 0,3%-ды иеленді. 2002 – 03 ж. облыстың әлеумет-экономикалық негізгі көрсеткіштері жақсарды. Сыртқы сауда балансының сальдосы 2001 жылға қарағанда 30,2%-ға өсіп, 143,9 млн. АҚШ долларын құрады. Мұндай өсу негізінен металлургия кәсіпорындардағы қуат көздерін қайта құру және техника қайта жабдықтау нәтижесінде іске асырылды. Облыстың өнеркәсіптік өнім құрылымында кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 18,3%-ды құраса, өңдеу өнеркәсібі саласында 52,1%, электр энергиясы, газ және су ш-ның үлес салмағы 29,6% болды (2003).
Павлодар облысы—Қазақстанның ірі индустриалды орталығы, ол электрэнергия, балшық, мұнай қайта өндеу өнімдері, машиноқұрылысы, тағам өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған көпсалалы өнеркәсіп кешенін құрайды. Аймақтағы жетекші сала өндірістің 70% қамтамасыз ететін металлургия өнеркісібі мен металдарды өндеу болып табылады.
Сала облыста Ақсу қаласындағы зауыты арқылы әйгілі. Ферроқорыту Ақсу зауыты —ТНК «Казхром» АҚ филиалы болып табылады, феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром секілді әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімдерді өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты— әлемдегі ең ірілердің бірі — пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн тонна өнім өндіреді. Дайын өнімді зауыт Теміртауға, ТМД (Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан) мен қиыр шетелдердің (Люксембург, Жапония, Германия, Австрия, Швеция, Болгария, Румыния және т.б.) металлургиялық зауыттары мен комбинаттарына жібереді.
Өнеркәсіптің жас саласы. Бұл глиноземді өндіру, Майқайыннан алынған полиметаллдық кендер мен Бозшакөлден алынған мыс кендерін байыту. Қазақстанның алюминий өндірісінің алғашқысы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі» , қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна, 1964 жылы қазан айында салынған және пайдалануға берілген. Кәсіпорын алюминий, сонымен қатар керамика, отқа берік материалдар мен электр өнеркәсібі материалдарын өндіру үшін қажет шикізат болып табылатын глинозем өндіреді. Жолай бокситтардан галлий мен пятиокись ванадия шығарылады. Галлий — шетелдерде үлкен сұранысқа ие сирек металл. Ол Жапонияға, Германия мен АҚШ-қа экспортталады. Республикада түсті металлургия кластерін құру мен дамыту мақсатында облыста бастапқы алюминийді өндіру үшін «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ салынып, іске қосылды. 2009 жылы Павлодар алюминийі ресми түрде Лондон металл биржасында тіркелді, ол Қазақстандық электролизді зауыты өнімдерінің халықаралық стандартта екендігін дәлелдеді және бастапқы алюминийді биржалық бағада жеткізуге жол ашты. «Кастинг» ЖШС Павлодар филиалы. Кәсіпорында болат дайындау мен прокат, қайыс шарларын, өзектер мен арматураларды өндіру игерілген. Мұнайгаз саласы үшін болат жапсарсыз құбырларды үздіксіз-құю өндірісін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда. «Кастинг» ЖШС-нің дамуының негізгі бағыты сорттық прокат, құрылыс арматуралары, құбыр мен сымдар, сонымен қатар мұнайгаз саласы үшін болат жапсарсыз құбырларын өндіру болып табылады. Болатты үздіксіз құю мен пластикалық деформациялау жаңа технологиясы негізінде тау-металлургия кешені үшін қайыс өнімдерін өндіру жалғастырылуда Облыста алтын, күміс, мыс, цинк полиметаллдық кен орындары бар. Бұл кен орындары «Майқайын алтын» АҚ –мен өнделеді. Майқайын комбинатында кен ошақтары мен байыту фабрикасы бар. «Майқайналтын» АҚ мысты мыс концентратында, цинкті цинк концентратында, алтыны бар концентраттарды шығарады «Майкаин» кен орны — кешенді алтын-барит-колчеданды-полиметалды кен орны, Қазақстан Республикасында Астана қ. 400 км жерде орналасқан, 1924 ж. ашылған. «Майқайыналтын» БАҚ РМК-ні 2005 жылы алған. Қазіргі кезде кәсіпорында «Майқайын В» жер асты кеніші қызмет етеді. 2006 жылдың сәуірінен бастап «Алпыс» кен орнында жер асты кенішінің құрылысы жүргізіліп, өнімділікті 500 мың тонна кенге дейін артумен байыту фабрикасы қайта құрылуда.
Машинажасау және металл өңдеу
Павлодар Ертіс өңірінің алғашқы ауылшаруашылық машинажасау кәсіпорны — «Октябрь» зауыты (1942). Бұл техникалық құрал-жабдық шығаруға: жинау жұмыстары құралдарын механизациялау мен автоматизациялау (автомат-станоктар мен жартылай автоматтар, жинау конвейерлері, сынақ стендтері) мамандандырылған тәжірибелі-эксперименталды кәсіпорын болды. Бүгінде зауыт стандартты емес диірмен құрал-жабдығын, сауда құрал-жабдығын (стеллаждар), металлосайдингтер мен металлжабынғыштар, қол және электрлі стеллаждар шығарады. Перспективті мұнайгаз машинажасауды дамыту мақсатында «Құрал-жабдық зауыты» ЖШС-нда саңылауларды жөндеу мен апаттардың алдын-алу үшін қажет құрал-саймандар, бұрғы кілттеріне арналған қосалқы бөлшектер, жағалай бағандарға арналған жабдықтар, бұрғы сорғыштарына арналған қосалқы бөлшектер дайындалады. Мұнайгаз секторына жіберілетін өнімдердің номенклатурасы 60 атаудан тұрады. Зауытта сонымен қатар локомотив пен жүк вагондарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді өндіру де игерілген. «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ-да көпірлі және айналма жүк көтергіштерін өндіру ұлғайып келеді. Кәсіпорында 55 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көтергіштерді жасау игерілген.
Облыстың кәсіпорны мұнайды қайта өндеу кәсіпорнының қалдықтары негізінде жұмыс істейді, шикізат ТМД елдерінен, ең алдымен Ресейден әкелінеді. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы көп: полимер негізіндегі сыр мен лактар, майлау материалдары, антифриздар, пластмасса мен полиэтилен бұйымдары, хлор, каустикалық сода. «Реагент-Восток» ЖШС «Павлодар химиялық зауыты» АҚ –ның өндіріс қуаттылығының бөлігін бөлу жолымен 2002 жылдың маусым айында құрылған. Өндіріс қуаттылығы – жылына 3,5 мың тонна химимялық өнім. Өнімнің негізгі түрлері: натри-бутилды флотореагент, ДФБ присадкасы, «Дезостерил» дезинфекциялық құралы. Өнім Қазақстан мен Ресейдің тау-байыту комбинаттарына жіберіледі. Республикадағы негізгі пайдаланушылар —«Казцинк» АҚ, " «Казахмыс Корпорациясы» АҚ, "Техснаб «Майқайыналтын» ЖШС, шетелде —«Норильск-Никель» БРҰ.. «Каустик» АҚ Павлодар химиялық зауытының негізінде 2002 жылы тамыз айында құрылған. Қызметінің негізгі түрі – сұйық хлорды шағын ыдыста сақтау мен құю. Жолай келесі өнімдерді өндіреді: техникалық натрийдің гипохлориті, «Белизна» ағартқыш құралдары, газ тәрізді азот, оттегі, полиэтиленді ыдыс.
Мұнайды қайта өңдеу өнеркәсібі
Облыста Республикадағы мұнай өнімін өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі— «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ қызмет етеді, ол Омбы арқылы Батыс Сібірден әкелінетін мұнаймен жұмыс істейді. Зауыт қуаттылығы — 7,5 млн тонна. Зауыт өнімі Павлодар облысы мен Қазақстанның өзге облыстарына таралады, Ресей мен Орта Азия елдеріне шығарылады. Облыста шығарылатын мұнай өнімдерінің құрылымында жетекші орында моторлы отын (бензин) мен газойлдар тұр.
1954 жылы Екібастұзда қуатты көмір өнеркәсібі бастама алды. Геологиялық бағалаулар бойынша тас көмірінің жалпы қоры — 12,8 млрд тоннаны құрайды. 2005 жылы 56,9 млн тонна көмір шығарылды, бұл Қазақстандағы көмір шығарудың 65% құрайды. Шығарылатын көмірдің көп бөлігі Оралға, Батыс Сібірге экспортталады және Қазақстан өзге облыстарына жөнелтіледі. Павлодар облысында 8 көмір орындары бар. Олардың ішіндегі ең ірілері Екібастұз және Майкөбе бассейндері. Осы орындардың қорлары шағын аумақта жерден тереңде емес қабатта орналасқан, бұл көмірді ашық тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Бұл - көмір шығарудың өнімді әрі арзан тәсілі. Екібастұз бассейні аумағында бірнеше разрездер бар, оның ішінде ең ірісі — «Богатырь». Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ірі разрез. «Богатырь Аксес Комир» ЖШС көмірді «Богатырь» және «Северный» разрездерінен шығарады. Көмірді шығару бойынша өндіріс қуаттылығы — 40 млн тонна. «БАК» ЖШС шығаратын көмір үлесі Қазақстанның көмір шығаратын компанияларының арасында 44% құрайды. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ («Восточный» разрезі). Көмір шығаратын разрездің өндірістік қуаттылығы – жылына 20 млн тонна тас көмір. Қоңыр көмір - лигнитті шығару Майкөбелік көмір орнында іске асырылады ( «Майкубен-Вест» ЖШС).
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
Таралған пайдалы қазбалардың белсенді игерілуі (күйдіргіш отқа төзімді балшықтар, сәндік қаптағыш тастар, габбро, гранит, мрамор және әк) құрылыс индустриясының өндірісін ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде облыста құрылыс материалдары мен заттарының құрамы ретінде пайдалануға болатын өнеркәсіптің (қосалқы өнімдері мен қалдықтары (қасиеті, агрегаттық жағдайы және жойылу перспективасы жағынан әр түрлі) көп. «Құрылыс материалдары зауыттарының бірлестігі» ЖШС. 2003 жылдың қыркүйек айында бұрынғы ЖБИ-4 негізінде силикатты кірпіш өндіретін цех қалпына келтіріліп, іске қосылды.Зауыттың жоспарлы қуаттылығы — жылына 20 млн дана кірпіш.Силикатты кірпішті өндіруге арналған шикізат әк пен кварцті құм болып табылады. «Траст-Элстром» ЖШС. Зауыт импортты алмастыру бағдарламасы шеңберінде 2003 жылдың қараша айында іске қосылды және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жиһаз индустриясы ағаш жоңқалы материалды импорттауға бағытталған, сондықтан да зауыт нарықты өз материалымен қамтамасыз ету сұранысына ие. Кәсіпорын Польша технологиясы бойынша көпқабатты, жазық түрде сығымдалған ағаш жоңқалы плиталарды шығарады. Аз уақыт қызмет еткенінен қарамастан, «Траст-Элстром» ЖШС «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурсына, «Промстройиндустрия-Астана-2004» V Қазақстандық Халықаралық көрмесіне қатысып, «Жыл жаңалығы» дипломының иегері атанды, сонымен қатар ИСО 9000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізеді. Қазақстандық жиһазшыларға тиімді экономикалық жағдайларда өз өндірушісінен қажет материалды алуға мүмкіндік беретін ағаш жоңқалы плиталарды қаптау бойынша желі өз жұмысын сәтті атқаруда. «Павлодар картонды-рубероидті зауыт» АҚ 1975 жылы іске қосылды. 1994 жылы кәсіпорын акционерлік қоғам болып өзгертілді.
Жиһаз өнеркәсібін Павлодар жиһаз фабрикасы, «Азимут» ЖШС фирмасы, «Heaven House» АҚ ЖШС Павлодар филиалы мен заманауи және сапалы материал пайдалана отырып ас үй, офистік, жұмсақ жиһаз шығаратын шағын бизнес субъектілері айқындайды. «Heaven House» АҚ. 1966 жылдан кәсіпорын «Арай» жиһаз фабрикасы ретінде қызмет етті, 1999 жылдан - «Павлодар-Пинскдрев», 2002 жылдан — «Асыл-Агаш-Павлодар» ЖШС. 2005 жылдың инаурызынан - «Heaven House» АҚ болды. 2005 жылы «Қазақстанның инвестициялық қоры» қаржыландыруымен офистік және тұрмыс жиһазын өндіруді дамыту бойынша жоба іске аса бастады. Инвестициялық қордың қатысу үлесі 650 млн теңгені (49 %) құрайды
Ауыл шаруашылық[өңдеу]
Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.[3]
Павлодар облысы аумағында ауылшаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығымен тең дәрежеде байқалады. Облыстың өсімдік шаруашылығы —2 түрде, бұл дәнді дақылдар, азықтық дақылдар мен көкөністі, сонымен қатар картофель, күнбағыс, рапс және зығырды өсіру. Басым ауылшаруашылық дақылдар: жаздық бидай, күздік қара бидай, қарақұмық, тары, арпа, сұлы,майлы, картофель, көкөніс және бақша, азықтық, көп жылдық бұршақты шөптер, жабық топырақты көкөністер болып табылады. Облыста мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған.Облыста балық шаруашылығы мен балық аулау үшін балық шаруашылық су қоры мен жағымды жағдайлар жасаоынған. Суаттардан жыл сайынғы балық аулау 120 тоннаны, Қ. Сәтбаев атындағы су қоймасынан— 90 тоннаны құрайды. Жергілікті 268 суаттар бар,178 табиғатты пайдаланушылармен, 90 — резервті қормен бекітілген. Павлодар облысы қауіпті егін шаруашылығы аймағында орналасқан, мында ауылшаруашылықтың дамуына арналған негізгі лимиттеуші жағдай сумен қамтамасыз ету тапшылығы болып табылады. Қолмен суарылмаған жағдайда өсірілген дақылдар су тапшылығын тартуда, картофель өндіру қиынға соғады, ал көкөніс өсіру тіптен мүмкін емес.
Павлодар облысы астық өндіруге, ет-сүт бағытындағы ірі қара, ет-жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа, құс өсіруге маманданған. 2002 ж. барлық а. ш-на пайдаланылған жердің Аумағы 2,67 млн га болды. Ауыл шаруашылығымен 3050 фермер айналысады. Олар 2002 ж. 2673 мың т. астық, 745,7 мың т. ет өндірді. 2002 ж. облыста 242,9 мың бас ірі қара, 185,7 мың бас қой мен ешкі, 48,3 мың бас шошқа, 48,1 мың бас жылқы, 624,1 мың бас үй құсы болды.
Павладар темір жол вокзалының ескі орны
Ауылшаруашылық өнімдерін қолмен суармай қайта өндеу бойынша басым жағдайды Павлодар қ. алып отыр, мында ірі қайта өндеу кәсіпорындары орналасқан: «РубиКОМ» ЖШС, «Золотой теленок» ЖШС, «ПХБК» ЖШС, «Сут» АҚ, «Павлодармолоко» АҚ, «КЭММИ» АҚ және басқалар. Облыс бойынша шұжық өнімдерін өндіру бойынша Павлодар қаласының үлестік салмағы 88,6%, сүт −84 %,ұн — 95%, макаронды өнімдер— 96%.
Энергетика[өңдеу]
Облыстың энергетикасы келесі ірі кәсіпорындармен танылады:
«Қазақстан Алюминийі» АҚ ТЭЦ
Электростанцияда 350 МВт электр қуаты мен 1125 Гкал/сағ.жылу қуаты белгіленген 8 котлоагрегат мен 6 турбиналар орнатылған.
ТЭЦ-2 «Павлодарэнерго» АҚ
Электростанцияда 5 котлоарегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты— 110 МВт, жылу — 392 Гкал/сағ.
ТЭЦ-3 «Павлодарэнерго» АҚ
Электростанцияда 6 котлоарегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты — 440 МВт, жылу — 808 Гкал/сағ.
«AES Экибастуз» ЖШС — облыстың ең ірі электростанциясы, жұмыс істейтін блоктардың қуаты 2500 МВт құрайды.
«Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ
Электростанцияда жалпы қуаты 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (Аксу электростанциясы)
Электростанцияда жалпы қуаты 2100 МВт 7 энергоблоктар орнатылған. Облыста шығарылатын электроэнергияның көлемі аймақтың электр мұқтаждығынан анағұрлым жоғары. Павлодар облысының электростанциялары Қазақстан мен Ресейдің шектес аймақтарына электр жеткізуші болып табылады. Облыста электрберу желілері бойынша ауылдық аудандарды электрқамсыздандыруды іске асыратын 110 кВ үш энерготүйін қалыптасқан. Қазіргі кезде облыс аумағында жұмысқа қабілетті жабдықтың белгіленген жиынтық электр қуаты 6525 МВт бар 6 электростанциялары жұмыс істейді. Павлодар блысының барлық электростанциялары негізгі отын ретінде Екібастұз кен орнының КСНР-0.300. маркалы тас көмірін пайдаланады. 220—500 кВ электр қуатын беру желілері блоктық электростанцияларды Қазақстанның, Оралдың және Батыс Сібірдің аймақтық энерго жүйелерімен қосады. Облыс аумағымен 1150 кВ қуатты Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Челябинск бірегей желісі өтеді. Облыс аумағында 35 кВ пен одан да жоғары кернеуімен 7687 км электр қуатын беру желісі салынған. Іске асуы үшін орталығы Екібастұз қаласындағы жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік филиалы құрылған 220—1150 кВ кернеуімен электр қуатын беру желісі «KEGOC» АҚ балансында. 110 кВ мен одан төмен кернеудегі электр желілері «Павлодарэнергосервис» АҚ — аймақтық энергокомпанияларында іске асырылады.
Сауда және қызмет атқарудың шеңбері[өңдеу]
Бөлшек сауданың айналымы 2012 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 62,4 млрд теңгені құрады, 2011 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,3% өсті, бұл көрсеткіш көп жағдайда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің базарлардағы саудасы есебінен құралады, бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 62,8% құрайды. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың көлемі есеп беру кезеңінде алдағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% -ке өсті. 2012 жылдың 1 маусымында бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі 6,3 млрд.теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда айналымы 196 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінің 155,5% құрады. Ағымдағы жылдың мамыр айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда көтерме сауда 3,7%-ке азайды. Жалпы көлемде тауарларды өткізудің 195,1 млрд теңге немесе 99,5% заңды тұлғаларға тиесілі. 2012 жылдың 2 маусымында саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауар қоры 18,4 млрд теңгені құрады.
Тамақтану азықтары мен сусындарды (қоғамдық тамақтану) ұсыну бойынша қызметтер
Тамақтану азықтары мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1823,8 млн теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4% -ға жоғары көрсеткішті көрсетті. 2012 жылдың 1 маусымында ШОК белсенді субъекттерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 81%, шаруа немесе фермалық шаруашылық үлесі — 9,6%, орта және шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының үлесі— 9,3%. 2012 жылдың 1-тоқсанында Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдары 9,6 млрд теңгеге қызмет көрсетті, қызметтің жалпы көлемінің 69,9% шағын кәсіпорындар, 23,7% — орта кәсіпорындар және 64% — ірі кәсіпорындарға тиесілі. Көрсетілген қызметтің 5,9% ауылдық жерлерде орналасқан кәсіпорындардың еншісінде.
2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында Павлодар облысы мен Кедендің одақ елдерімен өзара саудасы 1261 млн АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында импорт — 69,1%, немесе 871,7 млн АҚШ долларын, ал экспорт 30,9%, немесе 389,3 млн АҚШ долларын құрады. Тауар айналымы жалпы көлемінің 99,5% Ресейге, 0,5% — Беларусия Республикасына тиесілі.
Көлігі[өңдеу]
Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Облыс жерін солтүстігінде батыстан шығысқа қарай Орта Сібір мен орталық өңірінде Оңтүстік Сібір (Маралды – Тұз, Спутник – Ақсу, Коряковка – Сольветка) темір жол басып өтеді. м 2002 ж. Ақсу – Конечная т. ж. Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қаласына дейін ұзартылды. Оңтүстік Сібір т. ж. бойында Павлодар, Екібастұз сияқты ірі темір жол станиялары өсіп қалыптасты. Темір жолдардың ұзындығы 800 км-ден астам. Өзен көлік қатынасы (420 км) Ертіс өз. бойынша іске асырылады. Автомобильдік жолының ұзындығы 5150 км.[3]
Павлодар облысында құрамында теміржол, автомобильді, әуе және өзен көлігі кіретін көлік кешені бар. Көліктің барлық түрі бір-бірін толықтырады және біртұтас көліктік-коммуникациялық желіні құрайды.
Облыс аумағы арқылы республикалық маңызды жалпы ұзындығы 1517 км 7 жол өтеді.Жалпы пайдаланылатын автомобильді жолдардың үзындығы 5666 км, оның ішінде 4917 км қатты қапталымы бар автомобильді жолдарды құрайды. Жалпы пайдаланылатын қатты қапталымы бар автожолдардың тығыздығы 1000 ш.км -ге 39,4 км келеді. 2012 жылдың 2 маусымы кезеңінде 59 ішкі облыстық бағыттар кызмет етуде. Ауылдық аймақ елді мекендері мен аудандық орталық арасындағы автобустық (микроавтобустық) қатынасты қамтамасыз ету үшін 42 ішкі аудандық бағыттар жұмыс істейді.
Облыстағы теміржол тасымалының негізгі операторы "Павлодар жол бөлімі" ҚТЖ ҰК “ АҚ болып табылады. Павлодар бөлімінің іске берілген теміржол ұзындығы 1069,2 км, бас жолдардың ашық жолының ұзындығы 1436,7 км құрайды. Жалпы ұзындығы 893,3 км, оның ішінде 381,8 км электрленген. Павлодар бөліміндегі жолдардың қызмет етуінің қамтамасыз ету үшін 43 пункт, оның ішінде 35 станция, 5 разъезд, 1 жету пункті, 2 жол бекеті бар.
Облыстың азаматтық авиациясы саласында «Аэропорт Павлодар» АҚ қызмет атқарады.Әуе көлігінің жолаушы айналымы 2010 ж. 9,8 млн пкм құрады.
Павлодар облысы өзен көлігі саласында "Павлодар өзен порты" АҚ қызметін атқаруда, ол облыстың құрылыс обьекттеріне қажет өзен құмын алу және тасымалдаумен айналысады, сонымен қатар транзиттік қатынаста жүк тасымалдауды да іске асырады. Флот тіркемелі жылукемелерінен және т.б. тұрады. Құбыр көлігі Магистральді құбырлардың ұзындығы 2010 ж. 2577 км, ал магистральді құбырлардың жүк айналымы 12,6 млрд ткм құрады.
Іске қосылған трамвай жолдарының ұзындығы 44,6 км тең, 2010 ж. трамвай арқылы жолаушы тасымалдау 21,5 млн адамды, жолаушы айналымы 118,2 млн пкм құрады.
Достық үйі
Байланыс және БАҚ[өңдеу]
Павлодар облысында келесі байланыс түрлері бар: пошта және шабарман байланысы, телекоммуникациялық (оның ішінде телефондық, телеграфтық, факсималды, телевизиялық, радиобайланыс, Интернет), мобильді байланыс.
«Казпочта» АҚ Павлодар облыстық филиалы пошта байланысының 12 нүктесі бар, оның ішінде 10 пошта байланысының аудандық нүктелері (ПБАН), 2 қалалық пошта нүктесі Ақсу және Екібастұз қалаларында, пошта байланысының 29 қалалық бөлімі (ПБҚБ), 104 пошта байланысының ауылдық бөлімі (ПБАБ), сонымен қатар пошта байланысының 113 пункті бар. Облыс бойынша пошташылардың штаты 228 адамды құрайды, оның ішінде Павлодар қаласы бойынша 71.
Көп қызметтерімен бірге «Казпошта» «EMS-Kazpost» жедел пошта қызметін ұсынады, бұл қызмет арқылы бүкіл әлем бойынша жедел түрде хат-хабар жеткізеді. Павлодар облысы филиалы KРILS жаңа технологиясын тиімді қолданады, бұл жөнелтушіден алушыға дейін пошта жөнелтілімдерінің өту жолын бақылауға мүмкіндік береді.
Облыстағы телекоммуникациялық байланысты «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облысы бойынша телекоммуниация дирекциясы, «Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар облысы филиалы және басқа да республикалық және облыстық деңгейдегі теле- и радиоарналар қамтамасыз етеді.
Облыста дүниежүзі бойынша ірі IP-телефония (интернет-телефония), қалааралық және халықаралық телефон байланысы, жергілікті телефон байланысы, мобильді телекоммуниациялық байланыс (жылжымалы радио/ радиотелефондық, транкингтік және пейджингтік байланыс), сонымен қатар мәліметтерді жіберу қызметін ірі жеткізушілердің филиалдары қызмет етеді. Мобильді ұялы байланыс операторлары «Алтел» АҚ, GSM Қазақстан ЖШС, «Казахтелеком» БАҚ және «КаР-Тел» ЖШС болып табылады
Туризм[өңдеу]
Қазіргі кезде Павлодар облысында туристтік қызметті ісе асыруға рұқсат қағазы бар 72 туристтік ұйым тіркелген және қызмет етеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи бағында тұрғын орнын, қайық, катамаран, экскурсияға арналған автобус, жазғы кезеңге айналған мәдениет шараларын ұсынумен 35 демалыс үйі бар, оның ішінде 28 – Жасыбай көлінде, 5 – Сабындыкөл көлінде, 2 – Торыайғырда және 2 балалар лагері тіркелген. Қазіргі таңда ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіш, табиғат ескерткіштері мен көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықтағы және 1 ботаникалық орман жолымен 11 туристтік бағыттар әзірленіп, бекітіліген. Облыс өз емдік орындарымен де бай. Павлодар қ. Солүстік-шығысында емдік-сауықтыру орны – «Мойылды» санаторийі орналасқан. Мойылды өзені мен оның сазының емдік қасиеттері туралы Ертіс өңірінің халқы бұрыннан білген. Павлодар облысының шығыс жағында Ертісің оң жағалауында ««Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ бар. Шекарасының ұзындығы 556 км. «Ертіс орманы» МОТР екі филиалдан тұрады – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданының Шалдай ауылы), Бесқарағай (ауданы134714 га, орталығы Лебяжі ауданының Шақа ауылы) және 16 орман шаруашылығы. Аумақ «ерекше бағалы орман массивтері» сақтаудың бір санатымен ұсынылған. Шығыс-қазақстан және жартылай Павлодар облысы - Қазақстан бойынша мұз кезеңінен бері сақталынған жолақты қарағай ормандары бар жалғыз облыстар болып табылады. Ертіс өзенінің оң жағасында Республикалық маңызды «Қаздар ұшуы» атты табиғи Палеонтологиялық ескерткіш бар. Осыдан 7-10 млн жыл бұрын өмір сүрген неогендік қазба жануарлардың – гиппарионның, көріктің, мүйізтұмсықтың, азу тісті жолбарыстардың және т.б. көмінділері 6-8 м тереңдікте жатыр. Гиппариондық фаунаның көмінділері Еуразия бойынша ірі болып табылады. Болашақта ескерткіш орнында палеонтологиялық бақ пен қазба павильонды құру жоспарланған. Палеонтологиялық бақ пен қазба павильонын құру ғылым үшін қажет бірегей ескерткішті сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге аймақтары мен шетел туристтерін тартуға, сол арқылы аймақтың туристтік және экономикалық жағдайын көтеруге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік шеңбер[өңдеу]
Білім және ғылым[өңдеу]
Облыстың білім беру жүйесі білім алушыларға оқу орны, білім алу деңгейі сияқты әр түрлі оқу түрін таңдауға шынайы мүмкіншіліктерді ұсынады. Облыста инновациялық оқу орындары қызмет етеді: жалпы білім беру лицейлері мен гимназиялар, дарынды балаларға арналған мектептер. Білім берудің мектептен тыс жүйесі қалыптасқан, бұл - облыстық оқушылар Сарайы мен аудандардағы мен қалалардағы балалар шығармашылығы үйлері, жас натуралистер, техниктер станциялары, қалалар шағын аудандарының жасөспірім клубтары. Облыста мектептерді, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерін компьютерлендіру толығымен аяқталған. Internet желісіне барлық мектептер қосылған, облыста білім беру ұйымдарын мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталарамен және проекорлармен, лингафондармен жабдықтау жүргізілуде, компьютерлік техника жаңартылуда. Білім беру жүйесінің дамуына қаржыландыру көлемінің артуы көп септігін тигізуде. 1998 жылдан 2010 жылға дейін білім беру шығындары 6 есеге артқан (4,2 млрд-тан 25,5 млрд теңгеге дейін).
Мектепалды білім беру жүйесі облыста тұрғындардың сұранысына бағытталған және бала дамуының жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленген білім берудің әр түрлі қызметтерін ұсынатын мектепалды білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын көпқызметті жалпы беру мекемелерінің желісімен байқалады. 2010 жылы 0 мен 7 жас аралығында балалар саны артты және 2010 жылдың 1 қазанында 71451 адамды (2009 жылы — 71250, 2008 жылы — 70866) құрады. Облыстың 2008-2010 жылдарға арналған білім берудің мектепалды ұйымдарын қалпына келтіру мен салу бойынша білім беруді дамыту Бағдарламасының шаралары орындалды. Бір жылда 14 қалпына келтірілді, 1 салынды, қызмет етуші 5 балабақша ауданы 2270 орынға ұлғайтылды. Павлодар облысында 144 мектепалды ұйымдары бар: Павлодар қ.— 66; Екібастұз қ. — 23; Ақсу қ. — 10; Ақоғай ауданында — 2; Баянауыл ауданында— 5; Железинка ауданында — 3; Ертіс ауданында — 4; Қашыр ауданында — 3; Лебяжі ауданында— 7; Май ауданында— 7; Павлодар ауданында — 7; Успен ауданында— 3; Шарбақты ауданында — 4.
Павлодар облысының орта білім беру жүйесі 416 мектеп және мектеп-интернатты қамтиды: Павлодар қ.— 45; Екібастұз қ. — 49; Ақсу қ, — 34; Ақтоғай ауданы — 30; Баянауыл ауданы — 33; Железинка ауданы — 36; Ертіс ауданы — 31; Қашыр ауданы — 31; Лебяжі ауданы — 23; Май ауданы — 14; Павлодар ауданы — 28; Успен ауданы — 20; Шарбақты ауданы — 28; Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер — 14.[27] Облыста 2 гимназия мен 2 лицей, 12 мамандандырылған мектеп бар. Оның құрамына дарынды балаларға арналған 3 гимназия, дарынды балаларға арналған 5 мектеп лицей, дарынды балаларға арналған мамандандырылған кадеттік мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, «Жас дарын» (Павлодар қ.) және «Зерде» (Екібастұқ қ.) мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған 2 мектеп. 2010 жылы мамандандырылған мектептер қатарына Ақсу қаласының мемлекеттік тілде оқытатын гимназиясы қосылды. 128 мектеп (30,1 %) жаңа 12-жылдық орта білім беру моделінің құрылымы мен мазмұнын апробациялау, ағылшын тілін 2 сыныптан бастап, үштілді және бейінді оқыту эксперименті аясында британдық «Макмиллан» баспасының ОӘК-нін апробациялау, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды апробациялау бойынша республикалық және облыстық тәжірибелік алаң болып табылады. Облыста 25 кәсіптік мектеп пен лицей бар: Павлодар қ. — 12, Екібастұз және Ақсу қалаларында — 2 мектептен, Қашыр, Железинка, Ертіс, Шарбақты, Успен, Ақтоғай, Баянауыл, Лебяжі және Май аудандарында — 1 мектептен. Облыста 29 колледж жұмыс істейді, олардың 22-сі Павлодар қаласында орналасқан, Екібастұз қ. — 5, Ақсу қаласы мен Красноярка ауылында — 1 колледжден.
Облыс аумағында төрт жоғары оқу орны жұмысын атқарады, олардың үшеуі Павлодар қаласында, біреуі Екібастұз қаласында орналасқан:
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Инновациялық Еуразия Университеті
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз Инженерлік-Техникалық Институты[29]
Сонымен қатар, Павлодар облысында Мемлекеттік Медициналық Университет (Семей қ.), Алматы Экономика және Статистика Академиясы (Алматы қ.) сияқты басқа да жоғары оқу орындарының филиалдары орналасқан. Павлодар облысының білім беру басқармасының бастығы Бексейітова Бақыт Мақанқызы болып табылады.[30]
Денсаулық сақтау[өңдеу]
Павлодар облысы денсаулық сақтауының тарихы 1905 жылы облыстағы бірінші медициналық мекеме Павлодар ауруханасынан басталады. 1907 жылы земство қаражатына Песчаное, 1912 жылы Ертіс ауылдарында он орындық емханалар ашылды. Бұл уақытқа қарай сегіз болыста фельдшерлік пункттер жұмыс атқарып жатты. 1920 жылдың қаңтарында Павлодар уездік атқару комитеті жанынан денсаулық сақтау бөлімі ашылды. 1926 жылы Павлодар уезінде 391 орындық 10 аурухана, 6 дәрігер мен 51 дәрігер көмекшісі, 1939 жылы 871 орындық 34 аурухана (10 қалалық және 24 ауылдық), 40 амбулаториялық-емханалық ұйым, 53 фельдшерлік-акушерлік пункт, маляриямен күрес бойынша 2 тірек пункт және 1 автокөлігі бар жедел жәрдем станциясы жұмыс атқарды. Екі ауруханада рентген кабинеттері мен клиникалық-диагностикалық лабораториялар болды. Дәрігерлер саны 30 адамға дейін өсті, ауылдық жерлерде олардың саны 10 адамға жетті.
Бүгінгі күні облыста 403 медициналық объект жұмыс атқарады, олардың ішінде 65 заңды тұлға: 34 ауруханалық ұйым, 7 диспансер, 12 амбулаториялық-емханалық ұйым және басқа 12 медициналық ұйым. Одан басқа, ОАА мен емханалар құрамына 3 ауылдық учаскелік аурухана, 76 дәрігерлік амбулатоия, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 237 медициналық пункт кіреді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2467 дәрігер мен 6072 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Дәрігерлермен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 33,0 құраса, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 81,3 құрайды. Мемлекеттік медициналық ұйымдардан басқа облыста 120 жекеменшік ұйымдар жұмысын атқарады. Олардың ішіндегі 95 заңды тұлға, ал 22 жеке кәсіпкер болып табылады. Бұл ұйымдарда 506 дәрігер мен 898 орта буын медицина қызметкері жұмысын істейді.
Павлодар теміржол ауруханасы
Областық диагностикалық орталық
Жедел медициналық жәрдем ауруханасы және т.б.
Облыста денсаулық сақтауға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауы аясында 2012-2015 жылдары 2 емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшер-акушерлік пункт, 43 медициналық пункт құрылысы туралы мәселе шешілді. Облыста белсенді түрде мобильді медицина дамуда, ол 11 жылжымалы қондырғыдан тұрады: 6 стоматологиялық, 4 флюорографиялық, 3 амбулаториялық және 1 маммографиялық жылжымалы кешен. 2011 жылы заманауи жабдықталумен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі көздерден 1 миллиард 353 миллион теңге бөлінді. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қасымов Нұрлан Кәукенүлы болып табылады
Спорт[өңдеу]
Павлодар облысында жыл сайын дене тәрбиесі мен спорт дамуының көрсеткіші өсуде. 1991 жылы спортпен шұғылданатындар саны 97136 болса, 2001 жылы 102032 адам (+ 4896 адам), ал 2010 жылы бұл сан 162545 дейін өскен (1991 жылмен салыстырғанда + 65409 адам).
Дәстүрлі ат жарыстары, қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа аударыспақ, теңге алу, қыз қуу және кұсбегілік сияқты ұлттық спорт түрлерінің спортшылары тұрақты түрде республикалық жарыстарға қатысады. Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерімен шамамен 9000 адам айналысады.
Спортшылардың денсаулығын тексеру, бақылау және қалыптандыру мақсатында 2004 жылы дәрігерлік-физкультуралық диспансер жаңа ғимаратта өз жұмысын жалғастырды. Жыл сайын диспансер 6000 жуық спортшымен жұмыс жасайды. 2006 жылы 50 адамдық Олимпиадалық резерв дайындау орталығы құрылды. Спорттық мектептерде 19248 оқушы білім алады (2001 жылмен салыстырғанда +6205).
Павлодарда 20 спорттық мекеме жұмыс істейді, оларға «Астана» мұз айдыны мен мамандандырылған бокс орталығы да кіреді. Екібастұз қаласында 5 балалар мен жасөспірімдер спорттық мектеп жұмыс істесе, Ақсу мен аудан орталықтарында бұндай спорттық мектептер – біреуден.
Павлодар облысының футбол клубтары:
«Ертіс» ФК
«Екибастузец» ФК
«Батыр» ФК
2011 жылдың 17 мен 21 мамыр аралығында Павлодарда КСРО-ның спорт шебері,екі мәрте Еуропаны чемпионы, Павлодар тумасы Серік Конақбаевқа арналған бокстан халықаралық турнир өтті. Бұл шарада 12 мемлекеттен барлығы 190 боксшы қатысты. Сонымен қатар, 2011 жылдың 12-інші мен 16-шы желтоқсанда Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген бапкері, ПМУ профессоры – Рафаэль Вахитовқа арналған IV ашық турнирі өтіп, онда 12 мемлекеттен 135 боксшы қатысы. 2011 жылдың 13 желтоқсанында Павлодар Мұнайхимия зауыты демеушілік еткен бокстың Мамандандырылған орталығы ашылды.
Мәдениет және өнер[өңдеу]
Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады.
Кітапханалар[өңдеу]
Павлодардың ірі кітапханалары: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арналған облыстық арнайы кітапханасы, П.Васильев атындағы орталық кітапхана, А.Гайдар атындағы балаларға арналған орталық кітапхана, Павлодар қаоласының орталық кітапханалар желісі, Ұлттық кітап кітапханасы, Қазақ әдебиеті кітапханасы және т.б. Облыс бойынша 12 ірі кі тапхана бар, олардың арасында Ақсу қаласының орталық кітапханасы,Қазалжар ауылының модельдік кітапханасы /Ақсу қ. АОК/, Береговая ауылының модельдік кітапханасы /Қашырлық АОК/, Ақтоғай ауданының орталық кітапханасы, Мұткенов ауылының модельдік кітапханасы /Ақтоғай АОК/, Шарбақты ауданының орталық кітапханасы, Орлов ауылының модельдік кітапханасы /Шарбақты АОК/, Успен ауданының орталық кітапханасы, Галиц ауылының модельдік кітапханасы /Успен АОК/, Железинка ауданының орталық кітапханасы
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапана
Облысымыздың бас кітапханасы болып табылатын С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы ерекше орын алуда. Павлодар облыстық ғылыми әмбебап кітапхана ұзақ даму жолдарын бастан кешірген. Қазіргі таңда, С.Торайғыров атындағы кітапхана еліміздің үздік кітапханаларының бірі саналады. Оның қорында Павлодар облысының ірі білім, ғылыми, көркемөнер және өлкетану әдебиеттері бар. Жыл бойы кітапханада 32 мың адам болып, оларға 900 мың журнал мен кітап даналары беріледі. Бүгінгі күні, кітапхана құрылымы бойынша ақпараттық-кітапнамалық, кітапханалық қызмет көрсету және мәдени-ағартушылық бағыттар бойынша жұмыс істейтін 14 бөлімнен тұрады. 1985 жылдан бері М. А. Жиенбаева кітапхана басшысы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |