Сәлеметсіздер ме! Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы
Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр. Мазмұны [жасыру] 1 Физико-географиялық мінездеме 1.1 Географиялық жайлау 1.2 Климаты 1.3 Жер бедері және гидрологиясы 1.4 Пайдалы кендер 1.5 Флора және айуанаттар дүнием 1.6 Экология 1.7 Павлодар облысының табиғат және табиғи ресурстары 2 Халқы 2.1 Демография 2.2 Санның серпінділікі 2.3 Этникалық құрам 2.4 Дін 3 Тарих 3.1 Этимология 3.2 Облыстың таңбасы 3.3 Ең ескі тарих 3.4 Советтік кез 3.5 Қазіргі 4 Әкімшілік айыру 4.1 Елдімекендер 4.2 Атқару органдары 4.3 Павлодардың облысының басқармалары: 4.4 Аумақтық мемлекеттік органдар 4.5 Павлодардың облысының бастықтары 5 Экономика 5.1 Өнеркәсіп 5.2 Ауыл шаруашылық 5.3 Энергетика 5.4 Сауда және қызмет атқарудың шеңбері 5.5 Көлігі 5.6 Байланыс және БАҚ 5.7 Туризм 6 Әлеуметтік шеңбер 6.1 Білім және ғылым 6.2 Денсаулық сақтау 6.3 Спорт 7 Мәдениет және өнер 7.1 Кітапханалар 7.2 Мұражайлар 7.3 Театрлар 7.4 Бос уақыт орталықтар және концерттік қонақ бөлмелер 7.5 Кинотеатрлар 8 Көрікті орындар 8.1 Табиғи ескерткіштер 8.2 Ғимараттар 8.3 Діни ғимараттар 9 Белгілі адамдар 9.1 Павлодарлықтар – Кеңес Одағының Батырлары 9.2 Павлодарлықтар – Социалистік Еңбек Ерлері 9.3 Павлодарлықтар – КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегерлері 9.4 Ғалымдар 9.5 Шығармашылық адамдар 9.6 Спортшылар 10 Cуреттер жинағы 11 Ескерту және сілтемелер 12 Дереккөздер Физико-географиялық мінездеме[өңдеу] Географиялық жайлау[өңдеу] Облыс Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Павлодар облысы аумағының көп бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысындағы Батыссібір жазығының оңтүстік шегінде орын алған, қазіргі кезде 127,5 мың ш.км. аймақты алып отыр. Солтүстігінде облыс Ресей Федерациясымен (Омбы облысы), оңтүстігінде – Қарағанды облысымен, шығысында – Шығыс-Қазақстан облысымен, батысында – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Климаты[өңдеу] Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48ӘС-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 ӘС-тан 22,2ӘС-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41ӘС-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі.[3] Ертіс өзені Жер бедері және гидрологиясы[өңдеу] Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті мұнда теңіз деңгейінен 120 – 150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100 – 110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянаула (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері – Әулие тауы, 1055 м), Желтау (959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан. Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Қараша айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз айында мұздың қалыңдығы 115 см-ге дейін жетеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 147 км болатын Ертіс – Қарағанды каналы Екібастұз қ. мен Ақсу кентін сумен қамтамасыз етеді. Облыстың батыс жағымен кішігірім Өлеңті және Шідерті өзендері ағып өтеді. Облыста көлдер көп (1210 көл). тауларында көлдер тектоникалық ойыстарда (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл), Ертіс бойындағы көлдер жайылмадағы қазаншұңқырлар мен ескі арналарда, ал жазықта әр түрлі көлемді қазаншұңқырларда орналасқан. Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауданы 965 км²), Жалаулы (398 км²), Қызылқақ (180 км²), Үлкен Әжболат (110 км²), Маралды (80 км²). Тұщы көлдер көбінесе Ертіс жағасы мен облыстың солтүстік бөлігінде тараған. Одан оңтістікке қарай тұзды көлдер саны арта береді. Жер асты суларының құрамы әр түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында жер асты сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар арқылы шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне 3816,5 мың м3 болатын пайдалануға жарайтын жер асты суының 11 кен орны барланған. Қазіргі кезде тәулігіне 118,5 мың м3 су беретін 6 су көзі пайдаланылады. Жер асты суының негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералдығы 4,4 – 5,5 г/дм3. Құрамы бромды, йод-бромды келген. Олардың жалпы минералдығы 8,0 г/дм3.3 Павлодар облысының өзендері Павлодар облысының көлдері Павлодар облысының жерасты сулары Пайдалы кендер[өңдеу] Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шикізат кешенінде жетекші рөл атқарады. Ертістің Павлодар өңірінің қатты пайдалы қазбаларының баланстық қорының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Бұл – алтынды, құрылыс материалдары мен өзгелерін қоса алғанда, көмір мен әр түрлі [[металдар. Кен орындарының бір бөлігі ертеден және табысты өндірілуде, қалғандарында қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемдері, өндіру жағдайлары анықталуда. Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз және Майкөбен, оларда сәйкесінше 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Жалпы көмір қоры үш миллиард тоннадай болатын басқа да тоғыз кен орнын болашақта өндіруге болады. Барлық кен орындарының ерекшелігі көмірдің тереңде жатпағандығы, ал кей жерлерде тікелей жер бетіне шығып жатқандығы болып табылады. Сондықтан ол ашық үнемді әдіспен өндіріледі. Екібастұз бассейнінің көмірін өндірудің бірінші жарты ғасырында 2 миллиард тонна көмір өндірілді. Барлау жүргізілген қалған көлемдері бірнеше жүзжылдыққа жетеді. “Бозшакөл” мыс-порфироидтық ірі кен орны өндіруге дайын. Мұнда руда жер бетіне жақын орналасқан және өндірістік шоғырлануында тек қана мыс емес, молибден, күміс, басқа да құнды металдар бар. Барлық кен орындарындағы мыстың жалпы қоры үш жарым миллион тоннаны құрайды. Екібастұз ЖЭО-ы Алтын кен орнының болжалды қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, онда осы бағалы металдан басқа күміс, мыс, мырыш, барит бар. Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтық рудалық қорлардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас болуы: негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар. Облыста малахит пен ферузаның кен орындары табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді. Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газдың ашылған кен орындары жоқ. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжалды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады. Облыста кең тараған деп аталатын пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар деп есептеледі: бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, қорама құмының Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Каолин (ақ күйдірілген) отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды шикізат сақталған. [3] Флора және айуанаттар дүнием[өңдеу] Каз
Түлкі
Павлодар облысының жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт және саздақ топырақтан, ал сол жағалық аңғары плейстоцен кезеңінің сортаңданған бозғылт топырағы мен ауыр саздақ топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44,0 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған. Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, саңырау құр, тоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалық, бекіре, нәлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі. Экология[өңдеу] Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан, Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор. Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін тұқанды агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады. Шығарылып тасталынатын негізгі масса Екібастұз (46 %), Ақсу (26,5 %) және Павлодар (25,5 %) қалаларында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі, облыстың қалған аудандарына шығарылып тасталынатын өнімнің 2%-на жуығы тиесілі. Павлодар облысының табиғат және табиғи ресурстары[өңдеу] Халқы[өңдеу] Демография[өңдеу] Облыс халқы 2012 жылғы 1 қаңтарда 747,1 мың адамды құрады. Облыс бойынша (1 км² аумаққа) халық тығыздығы орта есеппен 6 адамды құрайды. Қала және ауыл тұрғындарының саны 514,4 мың мен 232,7 мың адамға тең. Облыста әйел тұрғындар тұрғындардың жалпы санының 52,9%, ал ер адамдар — 47,1% құрайды. 2012 жылғы 1 қаңтардағы кезеңге сәйкес Павлодар облысында 0-15 жас (жалпы санның 21,2%) аралығындағы балалар саны - 158,2 мың, 16-63 (58) жастағы тұлғалардың саны - 491,7 мың (65,8 %), 63 (58) жастағы егде адамдар мен олардан жоғары жастағы адамдар саны — 97,2 мың (13 %). 2011 жылы халық санының табиғи артуы 4682 адамды немесе халықтың 1000 адамына 6,3 құрады, бұл орта республикалық көрсеткіштің 54,3% немесе екі еседен артық болып табылады. 2011 жылы 1000 адамға неке қию саны 9,4 және 1000 адамға ажырасу саны— 4,0 құрады. Павлодар облысы халықтың жоғары көші-қонымен ерекшеленеді, көші-қон айырмасы соңғы бес жыл ішінде теріс сипатта келеді. Көшіп-қонушылар көп бөлігініңТМД елдеріне жылыстауы байқалады. Өзге елдерден көшіп-қону айырмасы соңғы бес жылда оң көрсеткішті көрсетіп келеді. Санның серпінділікі[өңдеу] Халық саныңың серпінділігі соңғы бес жылда (2007—2011) біртіндеп дамуда және 2008 жылғы төмендеуден кейін 2007 жылғы көрсеткішке қайта жетуде. Этникалық құрам[өңдеу] Облыстың этникалық құрамы халықтың келесі этникалық топтарымен айқындалады - қазақтар, орыстар, украиндер, немістер, татарлар, белорустар, молдовандар, азербайжандар, шешендер, ингуштар, башқұрттар, корейлер, поляктар, болгарлар, чуваштар, мордвалар, удмурттар және басқалары. 2012 жылдың басында барлық этникалық топтардың ішінде халықтың жалпы санының көп бөлігін қазақтар — 48,8% және орыстар— 37,9% құрады. Өзге этностар мен этникалық топтардың үлесі облыс халқының 13,3% болып табылады. 2012 жылғы 1 қаңтарда қазақтардың саны 364,9 мың, орыстардың саны — 283,4 мың, украиндердің саны — 37,9 мың, немістердің саны — 21,1 мың, татарлардың саны — 14,2 мың, белорустердің саны — 5,1 мың, өзге ұлттардың саны — 19,3 мың адамды құрады. Дін[өңдеу] Павлодар облысы халқының ішінде әр түрлі діни сенімдер, соның ішінде ислам, православиелік және католиктік христиан, протестантизм, иудаизм және өзге де аз санды діндерді ұстанатындар байқалады. 2011 ж. 1 қаңтарында облыста 172 діни бірлестіктер мен топтар тіркелген, оның ішінде мұсылмандық — 94 (54,7 %), православиелік — 17 (10 %), католиктік — 8 (4,7 %), иудейлік — 1(0,6 %), протестанттық пен өзгесі — 52 (30 %). Облыста 126 діни ғимараттар бар. Тарих[өңдеу] Этимология[өңдеу] Облыс атауы облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын Павлодар қаласы атауымен аталады. Негізі 1720 жылы орыстың Ертіс бойындағы әскери бекіністерінің алдағы шебі ретінде қаланған; шебтің атауы одан 20 км жерде орналасқан Коряковка тұзды көлінен алынған. 1838 ж. шеп Коряковская станицасы болып өзгертіледі.1860 ж. аяғында жергілікті көпестер станицаны Александр II-нің жаңа дүниеге келген Павл ұлының құрметіне Павлодар қаласы деп өзгертуге өтініш білдіреді. Бұл өтініш іске асырылы, 1861 жылы Павлодар қаласы пайда болды. Облыстың таңбасы[өңдеу] 2011 жылдың 3 қазанының сессияда - облыстың маслихат депутаттары облыстың тарихында бірінші логотипты бекітті. Сол конкурстың қорытындысының аймақтың мәдениетінің басқармасымен жарияланды. Ең сәтті үлгімен комиссия Қасымханның Жапанованың жұмысын мойындады. Павлодар облысының таңбасы Логотипте Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің белгілері бар. Таңбаның түсі мемлекеттік рәміздер түсіне негізделген – көгілдір түстің алтын түспен үйлесуі тәуелсіз мемлекет халықтарының бірлігі мен гүлденуінің белгісі. Өткен салт-дәстүрлерімізді ұстану белгісі ретінде логотипте қазақ ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының негізгі идеясынан алынған – киіз үйдің шаңырағы бар. Шаңырақ – отбасы құт-берекесінің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Киіз үйдің түндігі көгілдір ашық аспан астындағы жарқыраған күнді елестетеді. Ал таңбаның ортасынан бастап көгілдір кеңістік бойымен таралған уықтар - өмір мен жылудың көзі есептелетін күн сәулесі іспеттес. [3]
жүктеу/скачать 3,13 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |