V. Сөздік жұмыс.
іс - дело
жолдастық - дружба
мінезі жұмсақ - мягкий характер
қадір-қасиет - уважение
оқу озаты - отличник учебы
мінезі шапшаң - шустрый
қатты сөзге келмеу - не грубить
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.
Жақсы іс, оның мінезі жұмсақ.....
4. Сөйлемдер құрау.
Менің досымның мінезі жұмсақ.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
VI. Лексикалық тақырып. Тақтада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады. ә) Мәтін бойынша «Қазымыр оқушы» ойыны.
Ойынның шарты:
I бөлім. Оқушылар мәтінді жылдам және мұқият оқып шығады, сосын сұрақтар кұрады. Кім көп сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді.
ІІ бөлім. Оқушылар кезегімен басқаларына сұрақтар қояды, ал олар қысқа жауап қайтарады. Жауап берушіні жүргізуші көрсетеді. Сонан соң ең «Қазымыр оқушыны» анықтаймыз.
VII. Сергіту жаттығу.
Аталар, Апалар,
Әжелер, Балалар -
Ағалар, Әр үйде
Әпкелер, Бар олар.
(Әли Ысқабай)
б) Мәтінде берілген мақал-мәтелдерді аударып, жатка айту (1-тапсырма).
Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.
VIII. Оқулықпен жұмыс. 3-тапсырманы жазбаша орындау.
Берілген көп мағыналы сөздерден сөз тіркестерін құрау. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.
Үлгі: ашық күн, күн нұры.
Күн, ай, жүз, қара, бас, жаз, жас, мақта, ара, сыр.
IX. Бекіту. Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5-7 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушылар бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.
№1
|
1. Сөздерді дұрыс аударыңдар.
1) іс а) отличник учебы
2) мінез ә) мягкий
3) жұмсақ б) дело
4) оқу озаты в) характер
2. 4-тапсырмада берілген сызба бойынша өз досың туралы әңгімелеңдер.
|
№2
|
1. Сөздерді дұрыс аударыңдар.
1) қадір-қасиет а) дружный
2) жолдастық ә) уважение
3) тату б) никогда
4) ешқашан в) дружба
2. 4-тапсырмада берілген сызба бойынша өз досың туралы әңгімелеңдер.
|
Жауап үлгісі
№1
1. 1-б
2-в
3-ә
4-а
2. Менің досым бар. Оның аты - Дәулет. Оның жасы он екіде. Досым 19... жылы қыркүйек айында туды. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Оның шашы қара, көзі көк. Бойы ұзын. Досымның мінезі жұмсақ. Оның ермегі - марка жинау.
|
Жауап үлгісі
№2
1. 1-ә
2-в
3-а
4-б
2. Менің досым бар. Оның аты - Дәурен. Оның жасы он екіде. Досым 19... жылы мамыр айында туды. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Оның шашы қара, көзі кек. Бойы ұзын. Досымның мінезі жұмсақ. Оның ермегі - кітап оқу.
|
X. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу.
2-сабақ
Екі дос
І. Ұйы
7---- сыынып
I МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Менің отбасы мүшелерім
Грамматикалық тақырыбы: Сұраулы сөйлем.
Құрмалас сөйлем. Шылаулар
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру
Грамматикалық
тақырып
Лексикалық тақырып
Бекіту
|
45
минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
«Мінездің ұнамды белгілері» мәтінімен жұмыс
Жаттығуларды орындау
|
45
минут
|
3-сабақ
|
Тіл дамыту
«Мен кешірдім»
диалогі
Тірек сызбамен
жұмыс
|
45
минут
|
4-сабақ
|
«Менің туыстарым» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
Жаттығуларды орындау
|
45
минут
|
Қорытынды
|
5-сабақ
|
1. Тест
|
45
минут
|
|
|
2. Бақылау сұрақтары
|
Кіріспе бөлімі
1-сабақ
Менің отбасым
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Құрмалас сөйлем
1. Сұраулы сөйлем бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңында сұрау белгісі (?) қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сұрау есімдіктері арқылы (кім? не? қанша? т.б.);
2) сұраулық шылаулар арқылы (ма, ме, ба, бе, па, пе, ше);
Мысалы: Сенің отбасыңда қанша адам бар?
2. Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.
Мысалы: Жазда мен ауылға бардым, бір ай жақсы
демалып қайттым.
3. Шылау — сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы. Шылау сөздер: септеулік, жалғаулық, демеулік.
1) Септеулік шылау белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Септеулік шылаулар: туралы, үшін, дейін, кейін, соң, бірге, қатар, т.б.
Мысалы: Мен ана туралы өлең оқыдым.
2) Демеулік шылау өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.
Демеулік шылаулар: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше; -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те, ғана, тек, т.б.
Мысалы: Сен үйге барасың ба?
3) Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салыстыра, тең дәрежеде байланыстырады.
Жалғаулық шылаулар: және, әрі, да, де, немесе, өйткені, себебі, т.б.
Мысалы: Мен кешке кітап оқимын немесе кино көремін.
|
Оқушылар оқулықта берілген сызбаларды қарап, ережелерді оқып шығады.
V. Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
VI. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.
2. 2-тапсырма. Ы. Алтынсариннің өлеңін түсініп, жаттау.
3. 3-тапсырма. «Әженің таңдануы» мәтінін рөлге бөліп оқу.
4. 6-тапсырманы орындау.
VII. Сабақты қорытындылау.
VІІІ. Үй тапсырмасы. Ы. Алтынсариннің өлеңін жаттау.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ
Мінездің ұнамды белгілері
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. Сөздік жұмысы.
Сөздік
келбет - внешность
жан дүниесі - внутренний мир
көркі - вид
үңілу - заглянуть
құдай сақтасын! - боже упаси!
ештеңемен - ничем
жуып кетіре алмау - не смыть
2. 1-тапсырма. А. П. Чеховтың айтқан сөзін қалай түсінесіңдер? Өз пікірлерін ортаға салу. Мәтіндегі жалғаулық шылаулары бар сөйлемдерді жазып алу.
3. 2-тапсырма. «Мінездің ұнамды белгілері» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Жеке-топтық жұмыс формасы
Құрал-жабдығы:
1. Бағалау парағы.
2. Оқулықтағы үш күрделілік деңгейдегі тапсырмалар.
3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды. Жетон дар.
Ойынның жүру барысы
I нұсқа:
Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Үстелде әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).
Оқушылар деңгейді таңдайды:
• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
• I деңгей (едеуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.
Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді тандап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді тандап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын тандап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.
Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
4. 3-тапсырма. «Уәде берсең қайтпа, қолыңнан келмесе айтпа» деген ата-бабаларымыздың айтқанын қалай түсінесіңдер? Осы тақырып бойынша шағын әңгіме дайындау.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттап келу.
8-сынып
I МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Отбасы
Грамматикалық тақырыбы: Құрмалас сөйлемдер.
Ырықсыз, ортақ етістер
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Аналарды ардақтаңдар» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
«Әкені сыйла» мәтінімен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар М. Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңімен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
3-сабақ
|
«Сәлемдесу» мәтіні Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
4-сабақ
|
Нақыл сөздермен жұмыс Ә. Тәжібаевтың «Балалар» өлеңімен жұмыс Жаттығуларды орындау Сұрақтармен жұмыс
|
45 минут
|
5-сабақ
|
Мақал-мәтелдермен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Ә. Сәрсенбаевтың «Сен құрметте оны!» өлеңі Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
6-сабақ
|
Тіл дамыту
Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс «Асыранды қаздар» мәтінімен жұмыс
|
45 минут
|
7-сабақ
|
Нақыл сөздермен жұмыс Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
8-сабақ
|
Суретпен жұмыс «Көке» мәтінімен жұмыс Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
9-сабақ
|
«Сезімталдық» мәтінімен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
Қорытынды
|
10-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлімі 1 - сабақ Аналарды ардақтаңдар
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Сөйлем түрлері
|
Құрамына қарай
|
Тұрлаулы мүшелерінің қатысына қарай
|
Мағынасына қарай
|
Жай сөйлем
|
Бастауыш - баяндауыш
|
Бір ой беріледі.
|
Құрмалас сөйлем
|
Бастауыш - баяндауыш,
Бастауыш - баяндауыш
(I жай сөйлем, II жай сөйлем )
|
Күрделі ой беріледі.
|
Құрмалас сөйлем бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.
Түрлері
|
Құрамына қарай
|
Белгісі
|
Мысалы
|
Салалас
құрмалас
|
Кемінде
екі жай сөйлемнен құралады.
|
Өзара тең
дәрежеде байланысады. Баяндауыштары тиянақты болады.
|
Бала қатты
ауырды, анасы күні-түні күзетумен болды.
|
Сабақтас құрмалас
|
Кемінде екі жай сөйлемнен құралады.
|
Бірі екіншісіне бағынады.
Бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.
|
Бала далаға шықса, есік алдында күтіп тұр екен.
|
Аралас құрмалас
|
Кемінде үш жай сөйлемнен құралады.
|
Өзара салаласа,
сабақтаса байланысады.
|
Олар келді де, күн жылынғандықтан, тысқа шығып кетті.
|
Орындаушының іс-қимылға қатысы қандай екенін білдіретін етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: ілінді, айтысты, т.б.
Етістің төрт түрі бар: өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ. Іс-әрекеттің, орындаушысының ырқынан тыс орындалатынын білдіретін етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -л, -ыл, -іл: жинал, -н, -ын, -ін: алын.
Іс-әрекетті, қимылды орындаушылар ортақтасып, бірлесіп орындайтын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -с, -ыс, -іс: жинас, сөйлес, т.б.
Оқушылар оқулықта берілген сызбаларды, ережелерді оқып шығады.
V. Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
Сөздік
тілегі - мечта
айналу-толғану - здесь: лелеять
жақын - близкий
тырмысып жабысу - здесь: прильнуть
іздеу - искать
қымбат - дорогой
толқу - волноваться
тасу - кипеть
сезім - чувство
VI. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді оқып шығу. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі дегенді қалай түсінетіндері туралы пікірлесу.
2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды жеке топтық оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге болады.
Жеке - топтық жұмыс формасы
Құрал-жабдығы:
1. Бағалау парағы.
2. Оқулықтағы үш деңгейлік тапсырмалар.
3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды. Жетондар
Ойынның жүру барысы
Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үстелде үш деңгейлік сұрақтар бар парақтар жатыр (әр парақта 2-3 тапсырмадан).
Оқушылар деңгейді таңдайды:
• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс. Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.
Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт бөлінеді (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған оқушылар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.
Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді құрмалас сөйлем түрінде тиісті сөздермен аяқтау.
Жауап үлгісі:
1. Ананың махаббаты, ананың тілегі шексіз жатқан бір теңіз, анамызды әрқашанда ардақтайық.
2. Ана деген сөздің өзі ыстық, сондықтан біз бар жақсылықты соған арнамақпыз.
3. Аналарымызды ардақтауымыз, жан-жақты қамқорлық жасауымыз керек, сол себепті барлық күшімізді салайық.
5-тапсырма. Мақалдарды түсініп оқып, құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтау.
Жауап үлгісі:
1. Өзің жебір көрсең де, кісіге қиянат жасама. - Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
2. Балам абзал болсын десең, өзің адал бол. - Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
3. Жігіт өз үйіне сыйлы болмай, елге қадірлі болмайды. - Қимылсын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. «Анамды құрметтеймін» деген тақырыпқа шығарма жазу.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ
Әкені сыйла
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту. Сөздік жұмысы.
Сөздік
мазақ қылу - дразнить
тыйып қою - утихомирить, успокоить
күлу - смеяться
уәде - обещание
өмір сүргім келмейді - не хочу жить
қартайғанша - до старости
қорқу - бояться
ұялу - стесняться
қызару - покраснеть
келемеж қылу - здесь: смеяться
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тапсырмаларды топтық оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге болады.
Сынып 3 адамнан топтарға бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Бір сабақта әр оқушыға 4 тапсырмадан болса, жеткілікті. Тапсырмаларды бөрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады). Өр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.
2-тапсырма. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Кімдерге арналғанын айту.
Қарағым
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.
Оқымай ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да, қасына ерме!
Кідірме, аялдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
«Қарманған қарап қалмас» деген рас,
Тоқтамай істей білсең батып терге;
Жасынан оқу оқып, өнер қуған,
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге...
(М. Жұмабаев)
3-тапсырма. Сөйлемдерге талдау жасау, тұрлаулы мүшелерінің астын сызу.
4-тапсырма. Берілген сызбалар бойынша сөйлем құрау.
5-тапсырма. Аударма сөздігін пайдалана отырып, мәтінді түсіндіру. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру немесе «Сұрақ-жауап» оқыта үйрету ойыны арқылы жүргізуге де болады.
«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны
Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.
I тур
Оқушылар, әдеттегідей, қатармен партада отырады. Барлығы 6 қатар.
1 қатар
|
2 қатар
|
3 қатар
|
4 қатар
|
5 қатар
|
6 қатар
|
Мұғалім екі-екі балаға барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.
II тур
2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырады, 4 және 5-ңатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.
1 қатар + 3 қатар
4 қатар + 6 қатар
2 қатар + 5 қатар
Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).
Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.
Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.
III тур
II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.
Енді кездесетіндер:
1 қатар + 6 қатар
2 қатар + 3 қатар
4 қатар + 5 қатар
(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Ауыл ақсақалдары киіз үйдің төрінде не істеп отырған?
2. Әкесі не істеп отырды?
3. Әкесі баласын шақырып не айтты?
4. Әкесінің сөзінен кейін бала не істеді?
5. Бала сыртта біраз тұрып, үйге қайта кіргенде не деді?
6. Ақсақалдар не істеді?
7. Әкесі әдепті бала қандай болу керек екендігін айтты?
8. Қалай ойлайсыңдар, үлкендерді сыйлау неден басталады?
6-тапсырма. М. Әуезовтің шығармасынан үзіндіні оқып, түсінгендерін айтып беру.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттап келу.
Дос және достық (презентациясымен)
Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
*Достық - аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас.
Жұлдызды да, гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.
Достық адамды асқақтатады.
*Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, жақсы көріп, тілектес болуы.
*Достық - адамдардың бір - біріне деген адалдығы. Адал дос әрқашан сеніммен қарайды, кешіре біледі. Үнемі қасыңнан табылып, көмектесуге дайын тұрады. Бұл - нағыз достық.
*Тамаша достықтың үлгісі ретінде, қазақ ғалымы Ш. Уәлиханов пен орыс жазушысы Достоевскийдің, ақын М. Шаханов пен қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың достығын айтуға болады.
*Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады. Олар бір - бірінің қуанышында да. сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
*Жалған достықтың - ғұмыры қысқа болады. Олар бір - біріне шынайы болмайды. Бір - бірінің кемшіліктерін түземейді.
Даналар деген екен…
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
- Достық нешеу?- деп сұрапты.
Әйтімбет:
- Достықтың 2түрі болады. Бірі - амал достық, екіншісі - адал достық - дейді.
- Дұрыс – ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа - деп жауап беріпті
Осы дана сөзді қалай түсінесіңдер?
- Дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту.
Дос - мені өте жақсы түсінетін адам.
Дос қандай болу керек?
Шығармашылық тапсырма:
І топ: 5жолды өлең құрау.
ІІ топ: “Жүректен шыққан”
4 жол өлең құра.
----------- тірегім,
----------- тіледім.
----------- қасымда
----------- сүремін.
ІІІ топ: РАФТ жазу.
Кел, ойланайық!
*Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
Қорытынды
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100 сом ақшаң болғанша 100 досың болсын дегенді ұмытпа!
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі:
Сабақ тақырыбы: ЕКІ ДОС. КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДІ бекіту.
Сабақтың мақсаты: тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: өткенді еске түсіру, жаңа материалды меңгеру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру, ой-өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: білім алуға ынталандыру, оқушыларды достасуға, құрдастарын қадір тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы .
Сабақтың әдісі: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен «Сен маған, мен саған ойынын» өткізу, өзін-өзі тексеру, бірін-бірі тексеру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, мәтіндер.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Cәлеметсіздер ме, балалар?
-Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз.
-Сыныпта кім кезекші?
-Кім жоқ?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
- Үй жұмысын тексеру(22-бет, ереже; 23-бет, 7-тапсырма, жаттау.).
Сурет бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сабақ тақырыбына шығу.
Флипчарт 1 ( «Екі дос » суреті)
Балалар, суретте кімдер бейнеленген?
Олар не істеп отыр?
Олар бір – біріне кім болып келеді?
Неліктен солай ойлайсыңдар?
- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, «Екі дос» және «Көп мағыналы сөздерді» бекіту. Флипчарт 2.( «Екі дос» , сурет )
II. Сабақтың барасы:
1 кезең. Сөздікпен жұмыс. Алдымен сөздікті өзім мәнерлеп оқып шығамын, ал балалар мұқият тыңдап, хормен қайталайды.
түйдей құрдас- ровесники
жұбын жазбау- не расставаться
қабақ шытыспау- не обижаться
қадір тұту -ценить
мойындау- сознаться
- Жаңа сөздерді бекіту мақсатымен жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.
2 кезең. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс істеу үшін алдымен не істеуіміз керек? Дұрыс, алдымен мәтінді іштей оқимыз.
Екі дос
Назым мен Бейсенгүл - түйдей құрдас, тату дос. Қашан көрсең де, жұбын жазбайды. Ойынды да бірге ойнайды, сыныпта да партада бірге отырады. Екеуі қабақ шытысып көрген емес. Сабақты да жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де, балалар да сыйлайды, қадірлейді. Әрі кішіпейіл, әрі достықты қадір тұтатын екеуінің мінезі мен ісі басқаларға ұнайды. Тентек Мәліктің өзі де:
-Назым мен Бейсенгүл жақсы жолдасымыз, -деп мойындайды. Оқушылар жиынында бұл екеуін оқушылар кеңесінің мүшелігіне басқалардан бұрын ұсынған да осы Мәлік.
(С. Сарғасқаев)
3 кезең. -Енді, балалар, «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Ойынның шарты: Оқушылар мәтінді іштей оқып шығып бір\ бір сұрақ параққа жазады. Әр топтың сұрақтары сандықшыларға жиналып, ауыстырылады. Ол сұрақтарға қарсы топтың оқушылары жауап береді.
- Осы жұмыс арқылы нені білдік? Неге үйрендік?
4 кезең. Сергіту сәті.
Ортақ бізге жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы, 2 рет
Достығымыз жарасқан.
5 кезең. Берілген көп мағыналы сөздермен сөз тіркестерін құраңдар.(дәптермен жұмыс).
ҮЛГІ: ашық күн, күн нұры.
Күн, ай, жүз, қара, бас, жаз, жас, мақта, ара, сыр.
- Осы жұмыс арқылы нені білдік? Неге үйрендік?
6 кезең. Интербелсенді тақтадағы керекті сөздерді пайдаланып сөйлемдерді жалғастырыңдар. Флипчарт 4
1. Назым мен Бейсенгүл ................................. .
2. Олар ешқашан ................................... .
3. ................ ойнайды, сыныпта ................................................ отырады.
4. Оларды мұғалімдер де, балалар да .......................... .
5. Олар әрі.................., әрі достықты ............................... .
6. Оқушылар жиынында ........................... мүшелікке ұсынған Мәлік.
Керекті сөздер: екеуін, кішіпейіл, қадірлейді, сыйлайды, бірге, бір партада, жұбын жазбайды, тату дос, түйдей құрдас.
- Осы жұмыс арқылы нені үйрендік?
- Осы жұмысты не үшін, не мақсатпен орындадық?
7 кезең. Рефлексия. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сенің досың бар ма?
2. Оның аты кім?
3. Досың неше жаста?
4. Нешінші сыныпта оқиды?
5. Ол қалай оқиды?
6. Оның мінезі қандай?
7. Ол қандай дос?
8. Сөздің неше мағынасы бар?
9. Сөздің тура мағынасына мысал келтіріңдер.
10. Сөздің ауыспалы мағынасына мысал келтіріңдер.
- Сабақтың мақсаты қандай болды? Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың мақсатына жеттік пе?
8 кезең. Үй жұмысы. 24 бет, 4,5- тапсырма. Флипчарт 5
8 кезең. Бағалау. Оқушылар өздерінің бағалау парағы арқылы бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |