Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Табиғат ресурстарының жіктелу критерилері қандай?
2. Табиғат ресурстарының сарқылу деңгейі бойынша жіктелуі қандай?
2 апта
3 кредит сағат
№3 дәріс
Тақырып: Ауа және оның ғаламдық деңгейдегі өзгерістері
Дәрістің мазмұны:
1. Атмосфера табиғи жүйе ретінде
2.Атмосфераның ластануының негізгі көздері
Дәрістің мақсаты: Атмосфералық ауаның ластануы нәтижесінде туындаған ғаламдық мәселлер түрлерімен, олардың әсер ету деңгейімен танысу
Негізгі сөздер: атмосфера, қышқылдық жауындар
Биосфера тек қана табиғи құбылыстармен байланысты қиын дағдарысты кезеңдерді бірнеше рет басынан өткерді. Әсіресе, осыдан 70-100 млн. жыл бұрын болған кезеңнің жағдайы тарихта жақсы белгілі. Бұл кезеңде геологиялық қысқа мерзім аралығында ішіне 35-тен кем емес тұқымдастар мен көп мөлшердегі түрлер кіретін рептилийлердің бес отряды (динозаврлар, птерозаврлар, ихтиозаврлар және т.е.с.) құрып кеткен.
Табиғаттағы дағдарысты құбылыстар бірнеше ретте климаттың өзгеруінен және осы өзгерістерге қосарлана жұрген мұз құрсанудан немесе шөлденуден туындап отырды. Мәселен, 30-40 мың жыл бұрын болған мұз дәуірінде (ерте палеолит) зіл, мүйізтұмсық пен көптеген жыртқыштар тәрізді ірі жануарлар қырылып қалған.
Жер бетінде пайда болғаннан бастап адамның іс-әрекеттері көбіне табиғатқа қарама-қайшы болып отырды, бұл түрлі көлемдегі дағдарыстардың туындауына себеп болды (1-кесте).
Алайда халықтың саны аз, әрі өздерінің техникамен жабдықталуы нашар болған кезде, олардың табиғатқа әсері ешқашан да ғаламдық деңгейдегі мәнгі ие болмағанды. Адам өзінің мүмкіндігіндегі әдістерімен қандай да бір ресурсты ғана сарқа немесе шектелген аумақтың табиғатын ғана бүлдіре алатын. Міне, соған екі мысал.
Ежелгі Вавилонды (миллионға жуық халқы болған қаланы) халқы оның айналасындағы жерлер топырағының жөнсіз мелиорация нәтижесіңде қарқынды сортандануымен және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігіне байланысты тастап кетіп қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |