Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45сағат СӨж -45 сағат


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



бет5/9
Дата01.04.2017
өлшемі1,25 Mb.
#13148
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Жеке жұмыс

Меңгерілген материалдар бойынша тірек конспекттерін даярлау

Бейсенова.А.С.

Шiлдебаев.Ж.Б.

Экология,Алматы Ғылым 2001

6 апта

14 апта



5(10) % (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Жазбаша

2

Үй тапсырмасы

Берілген тапсырма бойынша есептесу

Бродский.А.К.

Жалпы экологияның қысқаша курсы

1 - 15 апта

Бір жұмыс

0,2(9) % бағаланады

СОСӨЖ баяндау

3

Бақылау жұмысы


Мақсаты: оқыған материалдарын тексеру

Бейсенова.А.

Ж. Акбасова.

Сағымбаев.Ғ.

экология


6-14 апта

Бiр жұмыс 5(6апта), 5,5 (14 апта) % бағаланады


Тест түрінде

4

Реферат

Мақсаты: Әдебиеттермен жұмыс жасап үйрену

Әдебиеттер

5-11 апта

3 (6)%

Жазбаша

5

Глоссарий құрау

1.Экологиялық факторлар. 2.Табиғат ресурстары.3.ҚР халықаралық ынтымақтастық

Бейсенова.А.

Ж.Акбасова.

Сағымбаев.Ғ.

экология

7,15 апта

2, (4)%

Жазбаша

6

Дәріске қатысу




Сағымбаев.Ғ.К.

Экология негiздерi

Алматы 1995

1-15 апта

0.1(3)

Жазбаша

7

Сабақ кезіндегі белсенділігі

Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру

Бейсенова.А.

Ж.Акбасова.

Сағымбаев.Ғ.

экология

1-15 апта

0.5(7,5)

Ауызша

8

Тест құрастыру

Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру

Бейсенова.А.

Ж.Акбасова.

Сағымбаев.Ғ.

экология

3,6,9,12,15 апта


2(10)

Жазбаша

7

Емтихан

Бiлiмдi тексеру




15 апта

40%

Тест

4. ГЛОССАРИЙ
_____Экология____ пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)


На казахском языке

На русском языке

На английском языке

1

2

3

Экожүйе

Ээкосистема

Ecosistem

Қоршаған орта

Окружающая среда

Environment

Биосфера

Биосфера

Biosphere

Селбесу

Симбиоз

Simbios

Түр

Вид

Species

Түрдің құрылымы

Структура вида

Structure of species

Табиғат

Природа

Nature

Экологиялық қуыс

Экологическая ниша

Ecologist niche

Ғаламдық экология

Глобальная экология

Global ecologist

Ғылым

Наука

Science

Жарық

Свет

Lighte

Жыртқыш

Хищник

Beast

Қоректену

Питание

Nourishment

Паразит

Паразит

Parasite

Сараптау

Экспертиза

Examination

Топырақ

Почва

Soil, ground

Тіршілік

Биота

Bios

Тұтынушылар

Консументы

Consumo

Терең

Бентос

Benthos

Тiршiлiк етушi

Биос

Bios

Тамшы

Гуттация

Gutta

Ұнтақталынған

Детрит

Detritus

Адамдар, халық

Популяция

Popula

Қадағаланушы

Мониторинг

Monitor

Өзгеру

Метоболизм

Metabolic

Жақсарту

Мелиорация

Melioratio

Бұзылу

Деструкция

Destructio

Таралу

Диффузия

Diffusia

Шайып, жуып кететiн

Делювий

Deluo

Орман

Фауна

Fauna

Орын басатын

Сукцессия

Seccessio

Тұман

Смог

Smog

Сақтаймын

Резерват

Reservo

Жүзу

Плейстон

Pelo

Өзен

Литораль

Litorulis

Аймақ, аудан

Ареал

Area

Қосылу

Ассоциация

Asociatici

Тiрiлу

Анабиоз

Anabiosis



5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 дәріс

Пән, мақсаты
Қазіргі кезде адам мен қоршаған ортаның арасындағы қарым –қатынас күшейе түсуде. Адам санасының артуы, индустриалды (ауыл шаруашылығы, транспорт) даму нәтижесінде табиғи ресурстарды пайдалану артып, адамның табиғатқа әсері өсуде.

Адамның табиғатқа әсері қандай? Оны ғалымдар үш топқа бөледі:



  1. Пайдалы (ресурсты–шаруашылық) қазба қорларының азаюы;

  2. Өсімдік пен жануар түрлерінің жойылуы;

  3. Қоршаған ортаның немесе топырақтың, судың, ауаның ластануы;

Ал қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына әсер етуде. Нәтижесінде адам қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне көп көңіл бөлуде.

Табиғатты тиімді пайдалану пәні жаратылыстану, ғылыми, техникалық пәндермен отырып дамуда. Сонымен қатар билогия, география, экономика, ауыл шаруашылығы, тарих т.б. ғылымдармен байланыса отырып даму үстінде.

Табиғатты пайдалану мәселелеріне мыналар жатады:


  1. Табиғат ресурстарын өңдеу, қалпына келтіру;

  2. Тіршілік үшін қажетті қоршаған ортаны қорғау;

  3. Биосферадағы табиғи жүйенің экологиялық тепе–теңдігін сақтау, қалпына келтіру;

Табиғатты пайдалану адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық– өндірістік қызмет ретінде қарастырылады. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғат қорларын қорғау қажеттігін түсінді. Табиғат қорғау дегеніміз– табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздестіру, қайта түлету, бүліну, ластауға қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік, қоғамдық ауқымдағы іс– шаралар жатады. Әр елдің, ұлттың, мемлекеттің ежелден қалыптасқан салт– дәстүрі бар. Мысалы, қазақтарда түз тағысы киікті, киелі, шұрайлы жайылымды дұрыс пайдалану, т.б.

Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат – табиғат байлығын тиімді пайдалана отырып, оны болашақ ұрпаққа қалдыру.

Табиғаты тиімді пайдалануда қандай мәселеге көңіл бөлу қажет?


  • Адамның қажетігі

  • Адам әрекетінің түрлері (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, урбанлалу)

  • Қоршаған табиғи ортаның өзгерісі

  • Адамға тигізетін әсері

Адамның әр түрлі әрекеті нәтижесінде табиғат пайдаланудың түрлерін үш топқа біріктіреді.

    1. Ресурстық

    2. Салалық (отраслевые)

    3. Территориялық


Дәріс № 2

Ағза және орта .
Ағзалардың тіршілік ету орталары.

Жер шарындағы алғашқы тіршіліктің пайда болуы, одан тірі организмдердің құрлыққа шығуы, топырақ түзілу процестері бәрі де тірі организмдердің жер бетінде табиғи заңдылықпен таралуына әкеп соқты. Организмдердің суда, құрлық пен әуеде, топырақта тірішілік ететін формалары келіп шықты.

Мекен ету ортасы дегеніміз – тірі ағзаны қоршайтын және оған тура немесе жанама әсер ететін табиғаттың бөлігі. Планетамыздағы тірі ағзалар 4 негізгі мекен ету ортасын игерген. Олар:


  1. Су;

  2. Құрлық-ауа;

  3. Топырақ;

  4. Тірі ағзалар.

Дене температурасының тұрақтылығана байланысты жануарлар:

А) Пойкилотермді (салқынқандылар);

Ә) Гомойотермді (жылықандылар).

Ылғал режиміне байланысты өсімдіктер:

А) Гигрофиттер (ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер);

Ә) Мезофиттер (ылғалы орташа жерлерде өсетін өсімдіктер);

Б) Ксерофиттер (құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер).

Ылғал режиміне байланысты жануарлар:

А) Гигрофилдер (ылғалы мол жерлерде тіршілік ететін жауарлар);

Ә) Мезофилдер (ылғалы орташа жерлерде тіршілік ететін жауарлар);

Б) Ксерофилдер (құрғақ жерлерде тіршілік ететін жауарлар).

Жарыққа байланысты өсімдіктер мынадай экологиялық топтарға жіктеледі:

А) Гелиофиттер (жарығы мол жерлерде өсетін өсімдіктер);

Ә) Сциофиттер (көлеңке жерлерде өсетін өсімдіктер);

Б) Факультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды өсімдіктер).

2. Құрлықта тіршілік ететін ағзалаларға топырақтың әсері – эдафикалық фактор:

химиялық құрам; физикалық және механикалық ерекшелігі.

3. Суда тіршілік ететін ағзалар үшін гидрологиялық факторлар:

судың тұнықтығы; күн сәулесінің түсуі; құрамы; қысымның түсуінің өзгеруі, ластануы.

4. Жер бедерінің әсері:

күн сәулесінің түсу ерекшелігі; беткейдің еңістігі, т.б.

Биотикалық факторлар: түрішілік, түраралық.

Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір-біріне және қоршаған ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.

Оған ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тірішілікке көшуі, жыртқыш пен жемтігі, т.б. жағдайлар жатады. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі даралар арасында байқалады. Мысалы, бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, бөкендердің тірішілік үшін бір-біріне өзара әсері немесе қасқырдың бөкенге шабуылы, т.б. әсерлерді атауға болады. Түрішілік және түраралық.

Антропогендік факторлар.

Экологиялық апаттардың негізгі себептерінің бірі – ғылыми-техникалық өрлеу. Қазіргі ғылым мен техниканың құдіретін адамзат дұрыс пайдалана білгенде ғана, антропогендік экологиялық дағдарыстардың алдын алу мүмкіндігіне кең жол ашылады.

Алғашқы антропогенді экологиялық проблемалар, адамдар өмір сүретін аймақтарда өте ерте кездерде-ақ байқалған. Сол кездердің өзінде-ақ, жабайы аңдардың, өсімдіктердің түрлерінің азаюы байқалады. Кейбір ғалымдар бұл жағдайдың себебін климаттың өзгеруімен байланыстырса, ал кейбіреулері математикалық есептерге сүйене отырып, «жан-жануарлар мен өсімдіктердің қырылуына адамдар кінәлі» деген жорамалдарды айтуда.

Антропогендік факторларды биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады. Антропогендік факторлар тікелей ағзаларға және айналадағы жағдайларына да әсер ете алады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шараныңы барлық аймақтарында айқын байқалуда. Оған мысал ретінде Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтараға айналғандығына антропогендік факторлар негіз болғанын атап айтуға болады.


3 дәріс

Даралар экологиясы – аутэкология.
Аутэкологиялар жеке ағзалар арасындағы қарым қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық , физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп, биохимиялық, биофизикалық, генетикалық сипат алады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына , ролі мен маңызына , айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс әрекеті туралы практикалық маңызына жан жақты сипаттама беріледі.

Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық фактор деп атаймыз, олар абиоталық, биоталық, антропогендік болып бөлінеді.


4 дәріс

Даралар экологиясы – аутэкология.

Экологиялық факторларға ағзалардың бейімделу қабілеті.

Ағзаға қажетті немесе кері әсерін тигізетін қоршаған ортаның элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Табиғатта бұл факторлар жеке емес, күрделі кешен түрінде әсер етеді.

Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.

Шөл-шөлейітті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғары темрпература, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факторлары болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.

Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропогендік.

Абиотикалық факторлар:жарық, температура, ылғалдылық.

Абиотикалық факторлар дегеніміз - бейорганикалық табиғаттың тірі ағзаларға тигізетін әсері.

1. Белгілі бір аймақта тіршілік ететін барлық ағзалар тобына әсер ететін климаттық немесе физикалық факторлар:

ауаның ылғалдылығы; жауын-шашынның мөлшері; ауаның температурасы; жарық мөлшері; күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері; ауа қысымы, ауаның құрамы.

Жарық, температура, ылғалдылыққа байланысты ағзалардың келесі экологиялық топтарын бөліп көрсетеміз.

№5 дәріс



Популяциялар экологиясы-демэкология.

1. Түрлер, әдетте тиесілі даралар біркелкі таралмай, популяциялар ретінде үлкен ареалды алып жатады. Түрдің тұрақтылығы популяциялар арасындағы байланыстармен қамтамасыз етіледі.

Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.

«Популяция» ұғымы латынның populus – халық, тұрғындар деген сөзінен шыққан, сондықтан экологиялық популяцияны белгілі бір территориядағы бір түрдің тұрғындары ретінде анықтауға болады. «Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді. Популяция ішіндегі панмиксияның (еркін шағылысудың) да, даралардың арасындағы байланыстың да деңгейі әр түрлі популяциялардағы даралардың арасындағыдан жоғары. Популяция эволюцияның, сонымен қатар түрдің құрылымдық бірлігі болып табылады. Популяцияда түраралық қатынастарға тән барлық байланыс формалары байқалады.

Популяция немесе түрдің өз тіршілігінің соңына дейін мекен ететін жері таралу аймағы – ареал деп аталады.

Ареал может быть сплошным или разорванным (дизъюнктивным), если между его частями возникают различные преграды (водные, орографические и др.).

Ареалдың әр түрлі орталықтарын бөледі: геометриялық орталық; ареал шегіндегі түрдің пайда болу орталығы; даралардың ең жоғары мөлшері қоныстанған молшылық орталығы.

Ареал көлеміне және таралу деңгейіне байланысты:

Космополиттер – өкілдері Жердің тіршілік аймақтарының көпшілік бөлігінде кездесетін ағзалардың түрлері (мысалы, бөлме шыбыны);

Убиквистер – әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуге қабілетті, үлкен ареалы, кең экологиялық валенттілігі бар ағзалардың түрлері (мысалы, кәдімгі қамыс, қасқыр);

Эндемиктер – кішкентай шектелген ареалдары бар ағзалардың түрлері (көбінесе аралдарда, таулы жерлерде және тұйық суқоймаларда кездеседі).

Жануарлар үшін арасында құстарға тән ұшу жолдары немесе кейбір сүтқоректілер мен балықтарға тән миграция жолдары түрінде байланысы бар трофикалық және репродуктивті ареалдарды жіктейді.


6 дәріс

Популяциялар экологиясы-демэкология.
2. Популяциялар мөлшері және генетикалық тұрақтылығының деңгейі, тіршілік ұзақтығы, даралардың көбею жолдары, т.б. белгілері бойынша жіктеледі.

Алып тұрған территориялары және даралар арасындағы байланыс деңгейіне байланысты популяциялар:



  1. Қарапайым (локальді) популяция – толық дерлік панмиксия тән даралардың қарапайым жиынтығы;

  2. Экологиялық популяция дегеніміз – экология жөнінен біркелкі жағдайлы аймақтармен байланысты жергілікті популяциялардың жиынтығы;


  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет