Семинар-5
Тақырыбы: Телеқатынастық технологиялар
1. Интернет желісінің білім беру сегменті
2. Республикалық интернет ресурстары
1. Интернет желісінің білім беру сегменті
Мектептердің интернет желісіне қосу, жедел түрде шешілуі қажет бірнеше мәселені дүниеге алып келеді. Олар педагогтарды кәсіби іс әрекетінде телекомуникациялық технологияларды қолдануға дайындау мен қайта даярлау, білім беру жүйесін Интернет желісінде жарияланған сапалы ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, сонымен қатар педагогтар мен оқушыларды осындай ресурстарға қолжеткізу тәсілдерімен ақпараттандыру аясында дайындау жүйесі қалыптастырылып, білім беру порталдары құрылған, желіде барлық мектеп пәндері бойынша электрондық білім беру ресурстары жасалған және жарияланған.
Интернет желісінде құрылған білім беру порталдары мектеп оқушыларын оқытуда Ақпараттық қатынастық технологиялар құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруға әсер етеді.
Электрондық басылымның алдыңғы бөлімдерінде Интернет желісінде ақпараттық ресурстарды орналастыру жүйелік, сонымен қатар психологиялық педагогикалық, технологиялық, эстетикалық, эргономикалық тұрғыдан қарастырылмағандығы және білім беру ақпараттық ресурстарын телекомуникациялық құралдарды жасау мен қолдану жалпы білім беру жүйесінде білім сапасын көтеруге мүмкіндік беретіндігі туралы бірқатар мәселелер айтылып кеткен болатын.
Бұл мәселелердің шешімі ақпараттық білім беру порталдардың кешенді түрде жасау мен енгізудің негізінде орындалады. Бұл жағдайда, мұндай порталдар өзінде жоғарғы білім берушілік құндылығы бар негізгі ақпараттық ресурстарды біріктіре отырып, қазіргі телекомуникациялық жүйелердің білім берумен байланысты "ену нүктесі" бола алады.
Порталдар жүйесін қолдану порталда қажетті ресурстар жинақталған және жүйеленгендіктен педагогтар жұмысын тиімді ұйымдастырға мүмкіндік береді. Оларды қолдана отырып, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар сапалы оқулық пен әдістемелік материалды алуға, қажетті ақпаратты іздеу уақытын шектеуге, Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстар жіктемесінің ерекшелігін меңгеруге мүмкіндік алады.
Жалпы орта білім берудің тиімділігін арттыратын көптеген сапалы ақпараттық ресурстар білім беру Интернет-порталдарында жинақталған. Қазіргі уақытты Қазақстанда өзіндік ерекшелігі бар білім беру порталдар жүйесін құрудың ұйымдастырушылық схемасы жасалған. Білім беру порталдары жүйесін құрудың ұйымдастырушылық схемасына:
- (www.edu.kz) "Қазақстандық білім беру" горизантал порталы;
- білім саласы бойынша профильдік вертикал порталдар: гуманитарлық, экономикалық-әлеуметтік, жаратылыстану-ғылыми, инженерлік, педагогиалық, медициналық, ауылшаруашылық және т.б.;
- арнайы вертика порталдар: кітап шығару, біріктірілген емтихан, білім беру жаңалықтары және т.б.
"Қазақстандық білім беру" горизантал порталы қамтамасыз етеді:
- барлық вертикал портал бойынша жаңалықтар;
- қызметтік және интерфейстің қызметтік бейімділігін қолданушының өзіндік категориясын (оқушы, мұғалім, администратор, портал жасаушы) таңдау жолымен және білім беру деңгейін көрсетумен, сонымен қатар жеке интерфейсті құру жолымен;
- білім беру деңгейі бойынша вертикал порталдарды қалыптастыру;
- білім беру аясындағы ақпаратты сақтау және алу (заңдар, бұйрықтар, нормативтік құжаттар, стандарттар, мамандықтар тізімі, оқулықтар кешені, жоғары оқу орындарының және т.б. мәліметтер қоры);
- білім беру мәселесі бойынша мәліметтер туралы жарияландыру;
- білім беру аясындағы жаңалықтар;
- форумдар жүргізу, топтар құру, жіберу тізімін ұйымдстыру.
Профильдік вертикал порталдар білім берудің барлық деңгейі үшін материалдарды қамтуы тиіс; бастауыш мектеп, орта мектеп, бастауыш кәсіби білім беру, орта кәсіби білім беру, жоғары білім беру, қосымша білім беру, жоғары мектептен кейінгі білім беру.
Мамандандырылған вертикал порталдар ақпаратпен қолдануды және жалпы мемлекеттік деңгейдегі арнайы міндеттерді шешуге арналған сервистерді қамтуы тиіс. Барлық вертикал порталдар үшін бірыңғай интерфейс, бірыңғай енгізу жүргізу және жүргізу ережесі болуы тиіс. Вертикал порталдар жоғары горизантал порталда орналасқан анықтамалық ақпаратты, оның іздеу машинасын, қызметтік құралдарын және интерфейске бейімдеуді толығымен қолдана алады.
Бөлінген білім беру порталдар жүйесі көптеген мемлекеттегі порталдар жиынында құрылады: горизантал, вертикал және корпоративтік.
Порталдар жалпы мемлекеттік, аймақаралық және аймақтық болып үшке бөлінеді.
Корпоративтік портал/сайттар білім беру мекемелерінің ұжымдық порталдарына және оқу мекемелерінің порталдарына бөлінеді.
Сонымен, білім беру жүйесінде қалыптасқан порталдарда бірнеше негізгі деңгейді ерекшелеуге болады.
Мемлекеттік және мамандандырылған білім беру порталдары үшін
білім берудегі ақпараттық ресурстарды жасаудың алдыңғы қатарлы бағыттары:
- жалпы орта білім беру жүйесінде берілетін пәндер тақырыптары;
- экономика, менеджмент және әлеуметтану;
- заң ғылымы;
- тарих және философия;
- физика, химия, биология;
- гуманитарлық ғылымдар;
- бірыңғай мемлекеттік эмтиханды ақпараттық қолдау;
- шет елдегі оқыту үдерісін ақпараттық қолдау.
Білім беру порталдарын мазмұндық толтыруға бағытталған білім берудегң ақпараттық ресурстарды жасауда негізгі нормативтік құжаттар есепке алынады, соның ішінде:
- мемлекеттік білім беру стандарттары;
- пәннің бағдарламасы;
- мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқу басылымдар тізімі.
Достарыңызбен бөлісу: |