Семинар- тақырыбы: Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер


Семинар-6 Тақырыбы: Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі



бет11/13
Дата12.10.2023
өлшемі62,17 Kb.
#184840
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
семинар ҚО және АОТ (1)
Назарова А отчет 2023, Олимпиада, aman-azy-yzy-m-phd-povtorno (4), bibliofond.ru 901474
Семинар-6
Тақырыбы: Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі
Жоспар:
1. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері
2. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары


1. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау жоғары. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.
Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.
Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

        1. Дидактикалықжүйе;

        2. Технологиялықжүйе;

        3. Қамтамасызетужүйелері.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

  1. Ақпараттық-рецептивті;

  2. Репродуктивті;

  3. Мәселелікмазмұндау;

  4. Эвристикалық;

  5. Зерттеу; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет