Семинар №1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»



бет11/15
Дата09.09.2023
өлшемі58,37 Kb.
#180558
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Практикалық сабақтар

Семинар №11.
Тақырыбы: Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
Мақсаты:
1. «Қайта құру» реформалары және олардың қарама-қайшылықтары, ұлттық сана-сезімнің өсуі туралы білім қалыптастыру;
2. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы, ұлттық сана сезімнің жаңғыруы туралы түсінік қалыптастыру;
3. 1989 ж. «Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы туралы қарастырып, тағылым алу;
4. 1990 ж. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының маңызы мен мазмұнына талдау жасау;
5. КСРО-ның ыдырауының себептері және ТМД-ның құрылуын бағалау.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. «Қайта құру» реформалары және олардың қарама-қайшылықтары. Ұлттық сана-сезімнің өсуі. Қайта құрудың басталуы және оның проблемалық жағдайы: шынайы әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси ахуалдың түсініксіздігі. Болашақ қадамдардың айқынсыздығы, реформалық жоспардың жоқтығы, жаңа басшылықтың елдегі ахуалдың күрделілігін жете түсінбеуі.
Қайта құрудың төрт кезеңі және КОКП басшылығының әміршіл-әкімшіл сипаты мен М.С.Горбачевтың демократиялық, реформаторлық қызметінің арасындағы қарама-қайшылықтар.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі және демократияландыру мен жариялылықтың аясында ұлттық мәселедегі орталықтың бұйрықтары мен шешімдеріне төзбеушіліктің көрініс табуы.
Экономикалық дағдарыстың тереңдеуі және экономиканы реформалаудың алғашқы талпыныстары. Орталықтың одақтас республикаларға экономикалық еркіндік беру шешімінің жартыкештігі.
2. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы. Ұлттық сана сезімнің жаңғыруы. 1986 жылғы Алматыдағы және республиканың басқа да қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі – КСРО-дағы тұңғыш демократиялық қарсылық білдіру, оның тарихи маңызы. Жастар мен зиялы қауым өкілдеріне қарсы ұлыдержавалық қуғын-сүргіннің жаңа толқыны. Орталық Кеңестік биліктің Желтоқсан көтерілісіне әділетсіз баға беруі. Қазақстанда ұлттық сана сезімнің жаңғыруы. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы.
4. «Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы (1989 ж). «Тіл туралы Заңды» талқылау барысындағы айтыстар мен көзқарастар. Заңның маңызы және мемлекеттік тілде іс жүргізуді енгізудің қолайлы бағдарламасының рөлі. Қолайлы тіл саясаты – қазақ тілінің статусы туралы мәселенің, тілге мемлекеттік қолдаудың, іс жүргізуде қолданудың байыпты және бейбіт шешімін табу. Жоғарғы кеңестің сайлануы. Президенттік институттың енгізілуі және президенттік басқару.
5. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы(1990 ж). Одақтас республикалардағы егемендік туралы Декларациялардың қабылдануы – 1987 жылдан бастап жүрген экономикалық басқару үшін орталық пен одақтас республикалар арасындағы саяси күрестің жемісі. Республикалардың бастапқыда қаржылық дербестікті, сосын экономикалық автономияны және содан кейін егемендікті және, ең соңында, тәуелсіздікті талап етулері орталық пен республикалар арасындағы қарсылықтың, жаңа одақтық шартқа қол қою үшін күрестің тізбегіндегі актілер. М.С.Горбачевтың кеш қабылдаған жекеменшік институттарды енгізу туралы, егемендік туралы, одақтық келісімшарт туралы атақты шешімдері. «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі» туралы Декларацияның қабылдануы. Республика территориясының тұтастығына, жерасты, жерүсті, су, және т.б. ресурстарының жекеменшіктілігіне қол сұғуға тыйым салынатындығын жариялау. «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі» туралы Декларацияның қабылдануы – орталық жүргізген қайта құру үдерісінің аяқталуы.
1990-1991жж. экономикалық-нарықтық қатынастар саласында заңдарды қабылдаудағы Қазақстанның көшбасшылығы.
6. КСРО-ның ыдырауының себептері және ТМД-ның құрылуы. Тамыз бүлігі – консервативтік күштердің, ескі номенклатураның соңғы ұшқыны. Жаңа одақтық келісімшартқа қол қоюдың іске аспауы. КСРО-ның ыдырауы. КСРО ыдырауының бірқатар объективті және субъективті себептері. Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр табалдырығында» кітабы КСРО ыдырауының ішкі себептері жайында. ТМД-ның құрылуы және Алматы Декларациясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет