Семинар №1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»



бет12/15
Дата09.09.2023
өлшемі58,37 Kb.
#180558
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Практикалық сабақтар

Семинар №12.
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан (1991-2023 жж.)
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы және мемлекеттік құрылысының қалыптасуы туралы білім қалыптастыру;
2. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі туралы түсінік қалыптастыру;
3. Қазақстандағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғыру процесін қарастырып, тағылым алу;
4. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына талдау жасау;
5. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастарын бағалау.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы және мемлекеттік құрылысының қалыптасуы. Қазақ КСР Президентін тұңғыш жалпыхалықтық сайлау. Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы. Тәуелсіздік ұлттық және мемлекеттік құрылыстың басты факторы ретінде. Тәуелсіз мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясын айқындау. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінің маңызы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1992 ж. 4-маусымында «ҚР Мемлекеттік Туы туралы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік Әнұранын музыкалық редакциялау туралы» заңдарға қол қоюы. Мемлекеттік рәміздер – халықтың рухани құндылықтарының айнасы. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және партриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы. ҚР Қарулы күштерін құру туралы заң ұлттық әскердің құрылуы. ҚР Конституциясының жобасын әзірлеу. 1992 ж. 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясының қабылдануы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Бүкілхалықтық референдум және қазіргі қолданыстағы ҚР жаңа Конституциясының қабылдануы және оның маңызы. Қазақстанда парламентаризмнің дамуы.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына алғашқы жолдауы: «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» – ҚР дамуының стратегиясы. Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары: «Қазақстан – 2050. Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». ҚР «Мәңгілік Ел» ұлтық идеясы және оның тарихи қайнары мен маңызы.
2. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі. Тәуелсіздіктің бас кезіндегі Қазақстан экономикасының дағдарыстық жағдайы және нарыққа өту қйыншылықтары. Әлеуметтік-экономикалық реформалаудың кезеңдері. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Экономиканы либеризациялауға бағыт алу. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру. Кәсіпкерлік секторды қалыптастыру. Аграрлық секторды реформалау. Қаржылық, банкілік жүйені реформалау. Қазақстанның өзіндік банк жүйесін қалыптастыру. Ұлттық валютаны енгізу. Шетелдік инвестицияны тарту, оларды тиімді пайдалану. Экономиканы тұрақтандыру. 1998 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезеңіндегі экономикалық даму. Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шаралары. 2001-2007 жж. тұрақты экономикалық өсім. Индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын іске асырудың алғашқы қорытындылары. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері.
Жаһандық экономикалық дағдарысты еңсеру және республиканың дағдарыстан кейінгі дамуы. Индустриялық-инновациялық экономиканың дамуы. Үдемелі индустриялық-инновациялық экономиканың дамуы. Индустрияландыру картасы және Бизнестің жол картасы – 2020.
Астанадағы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі – инновациялық экономиканың катализаторы.
БҰҰ-ның даму жөніндегі Бағдарламасы (БҰҰДБ), адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының индексі (АДИ). Қазақстанда Адам дамуы туралы есептің тұңғыш басылымы. БҰҰДБ Қазақстанда АДИ-нің өсуі туралы. Қазақстанда ұлттық компаниялардың құрылуы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.
Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. 2025 жылға дейінгі «ұлттық даму жоспары». Ұлттық жобалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет