Семинар сұрақтарын қарастыру кезінде белсенділікке қойылатын бағаның талаптары Жоғарғы балл – 3 балл 3-2,8 балл – тақырып сұрақтарын қарастырып, толық жауап береді. Оқытушының тарапынан қойылған сұрақтарға да барынша жан-жақты және себеп-салдар принципін сақтап жауап береді. Жауапты нақты да дәйекті құрастырып береді. Қарастырылған мәселелерді қазіргі қоғамдағы тарихи оқиғалармен байланыстыра біледі.
2,7-2,5 балл – жауап берілді, бірақ мәселені толық қарастырмайды. Сонымен қатар себеп-салдар байланысын нақты көрсетті. Жауап логиканың принциптеріне сәйкес келеді және ғылыми терминдерді дұрыс пайдаланбаса да қателікті дер кезінде түзетеді.
2,4-2,0 балл – толық және нақты да жанжақты жауап берілмеді. Терминдер мен түсініктерді дұрыс пайдаланбады. Себеп пен салдар принципін дұрыс қарастырылмады. Жауап беру кезінде құрастырылған сөйлемдері түзетулерді талап етеді.
1,9-1,5 балл – толық және жан-жақты жауап берілмеді. Айтылған ойлары және құрастырылған сөйлемдері нақты емес, сонымен қатар логиканың принциптеріне дұрыс сәйкес келмейді. Терминдердің мағынасын түсінбейді. Әруақытта оқытушы тарапынан түзетулерді талап етеді.
1,4-0 балл қанағаттанарлықсыз– тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап болмады, бірқатар қателіктер жауаптарда орын алды. Логикалық принцип мүлдем жоқ. Жауабы тақырып мәселелеріне мүлдем сәйкес келмейді.