Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық педагогикалық және психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы.
Педагогикалық технология – жобалау, реттеу, әрі іс-тәжірибеде оқыту мен тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру. «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы» еңбегінде: «Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтің жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуде қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамның рухани жоғары биіктен көрінуіне ықпал ететін адамгершілік жүйе», –деп анықтама береді . Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты алдын ала болжау арқылы диогностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып қойылатындықтан, оқыту процесін нәтижелі жүргізуге көмектеседі. Оны төмендегі сызбадан көруге болады:
Педагогикалық технология төмендегідей бөліктерден құралады:
диогностикалық жолмен мақсат қою деңгейін және оқушылардың білімді меңгеру сапасын, дамыту дәрежесін, тәрбиелік деңгейін обьективті түрде анықтау, бақылау;
мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою; - жеке тұлғаны тұтас дамыту.
Педагогикалық технология жөніндегі қатаң түсініктің басты белгілері болып мыналар табылады:
педагогикалық процестің өндірушілігі (оның ішінде оқытудың мақсатына және оқытушы мен оқушы іс-әрекетінің (қызметінің) сипатына сай этаптардың жасалуы).
педагогикалық нәтижелердің өндірушілігі.
технологияның кез келген оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.
Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.