Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңуімен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің ауырпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін де атқарады.
Ерік

Ерік- адамның өз мінез- құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен бағыттайтын нәрсе - мақсат қою, соған талпыну. Адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймай, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді.

1. Ерікті 2. Еріксіз Еріксіз дегеніміз - мақсат қойылмайтын қозғалыстар, мысалы: жөтелу, шашалу, түшкіру т.б жатады. Ерікті дегеніміз - кез-келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды,бұл ерікті қозғалыс,мысалы: жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу, ерікті әрекеттің түріне жатады.
Еріктің негізгі екі түрі бар. Олар:
1. Ерікті 2. Еріксіз Еріксіз дегеніміз - мақсат қойылмайтын қозғалыстар, мысалы: жөтелу, шашалу, түшкіру т.б жатады. Ерікті дегеніміз - кез-келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды,бұл ерікті қозғалыс,мысалы: жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу, ерікті әрекеттің түріне жатады.
Еркіндік
Еркіндік- адамның о бастан ешбір сыртқы себептілікпен, жағдайлармен, ешбір сыртқы күштермен әрі өзін қоршаған ортамен алдынала анықталмағандығы.
Еркіндік- адамның кім, не және қандай болатындығы қалыптасу, даму жолында, өз өмірінде түбінде тек өзі анықтайтындығы немесе анықтамайтындығы.
Еркіндік
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекеттерінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады.
Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты.
Шығармашылық
– алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау.
Шығармашылық іс-әрекет адамды болашаққа бағытталған, өмір сүріп отырған ортасын өзгерте алатын жан етеді. Шығармашылық – таңдаулы адамдар, даңышпандар мен таланттыларға ғана тиесілі емес, ол адам қиялдап, құрастырып, өзгертіп және жаңа нәрсе жасауға қабілетті жердің барлығында бар болады.
Шығармашылық
Шығармашылық – сапалы жаңа материалдық және рухани құндылықтар өндіретін адам әрекетінің процесі.
Шығармашылықтың басты ерекшеліктерінің бірі - адамды өзіндік дамуға бағыттау деуге болады. Бұл үрдіс жас баланың тілі шығып, сыртқы ортаны тануға ұмтыла бастаған шағынан, балабақшадағы, мектептегі кезеңдерде кең етек жаюға тиіс. Жеткіншектің келешекте үлкен шығармашылық тұлға болып қалыптасуының ең қажетті негізі осы кезеңде жатыр.
Бақылау сұрақ
Бостандықтың оң және теріс жақтары неде?
Бостандық дегеніміз – барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғы шарты – адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі.