7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: 1. Диалектология ғылымы, міндеттері.
Мақсаты: Қазақ лексикологиясының өз алдына бір саласы – диалектология ғылымымен, оның зерттеу объектісі – диалекті мен говор туралы ұғым бере отырып, жерілікті ерекшеліктердің әдеби тілімізді байытудағы рөлін көрсету.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
1.Диалектология ғылымының негізгі нысаны.
2.Говорлар мен диалектілердің пайда болуы.
3.Жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытудағы рөлі.
Әдістемелік нұсқау:
-
Жаңа лингвистикалық терминдердің анықтамасын жазып, мағыналарын терең түсіндіру.
-
Басты-басты ұғымдар туралы конспектілер жазу.
-
Көркем әдебиеттен тілдік ерекшеліктерге мысалдар келтіру.
Әдебиет : 1,2,3,12,13
Тақырыбы: 2. Қазақ диалектілерінің Қазан революциясына дейін және кейін зерттелуі
Мақсаты: Қазақ диалектілерін Қазан революциясына дейін және кейін зерттеген тюрколог және орыс ғалымдары мен қазақ диалектолог ғалымдарының ой-тұжырымдарымен таныстыру.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
-
Ревалюциядан бұрынғы - Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Н.Р.Катанов, В.В.Катаринский, М.Терентьевтердің қазақ тіліндегі диалектілері туралы пікірлері. Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков, Ә.Нұрмағанбетов т.б. еңбектері мен ой- тұжырымдары.
-
Ревалюцияға дейін бастырған ауыз әдебиеті нұсқаларында жергілікті тіл ерекшеліктерінің қоса қамтылуы. (Батырлар жырлары, мақал – мәтелдер. т.б.)
Әдістемелік нұсқау:
семинар – диспут. Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.
Әдебиет : 1,2,3,17,18,19
Тақырыбы: 3. Лексикалық ерекшеліктер
Мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі лексикалық ерекшеліктерге тоқтала келіп, оларды лексика-семантикалық жақтан топтастыруға, варианттар мен дублеттерді, сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдерді ажырата білуге үйрету.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
1. Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер.
2. Әдеби тілде баламасы бар доминанттар.
-
Сәйкесті, сәйкессіз диалектілік ерекшеліктер.
Әдістемелік нұсқау:
-
Ауызша баяндау. Әдебиеттер тізімінде берілген шығармалармен толығырақ танысу.
-
Ғалымдар зерттеулерінен өзіне керекті, маңызды жерлерін конспекті жазу
Әдебиет : 1,2,3,1
Тақырыбы: 4. Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Мақсаты: Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздерді әдеби тілдегі кәсіби сөздермен салыстыру, жасалу жолдарын меңгерту.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
-
Балық шаруашылығымен байланысты сөздер.
-
Бау – бақша шаруашылығымен байланысты сөздер.
-
Су шаруашылығымен байланысты сөздер.
-
Мақта және темекі шаруашылығымен байланысты сөздер.
Әдістемелік нұсқау:
-
Ауызша сұрақ, жауап, кәсіби сөздерді топтастыру
Әдебиет : 1,2,3,5,7,1
Тақырыбы: 5. Говорлардағы кірме сөздер
Мақсаты: Кірме сөздердің ену жолдарымен таныстыра отырып сөйленістердегі кірме сөздерді анықтау, салыстыру.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
-
Кірме сөздердің ену жолдары
-
Орыс, араб-парсы, моңғол, туысқан түркі және қытай тілдерінен енген сөздер
Әдістемелік нұсқау:
Карточкалар түрінде
Әдебиет : 1,2,12,18
Тақырыбы: 6. Қазақ диалектілеріндегі фонетикалық ерекшеліктер.
Мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың ауысулары мен алмасулары, өзара сәйкестігі және кейбір дыбыстардың тұрақсыздығының кездесетіндігін көрсету.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
-
Дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
-
Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
-
Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы
Әдістемелік нұсқау: Осы тақырыптардағы білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін қосымша оқу әдебиеттерімен жұмыстануы керек. Фонетика, тарихи-фонетика ғылымдарымен байланысына назар аударылуы керек.
Әдебиет : 1,2,3,5,12
Тақырыбы: 7. Қазақ диалектілеріне тән морфологиялық сипаттар
Мақсаты: Қазақ сөйленістерінің морфологиялық сипаты әдеби тілдің грамматикалық тұлғалануынан соншалықты өзгешелігінің жоқтығын, кейбір септік жалғаулары мен грамматикалық формалардың ауытқуларына байланысты ерекшеліктерді көрсету.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
-
Септік, тәуелдік, жіктік жалғауларына байланысты ерекшеліктер
-
Етістік тұлғаларына байланысты ерекшеліктер
-
Есімдіктердің тұлғалық ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау: Әдеби тіліміздеі морфологиялық тұлғалар мен жергілікті жердегі морфологиялық сипаттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына ой жүгірту.
Әдебиет : 1,2,3,12,13
Тақырыбы: 8. Говорлардағы үстеу, шылау сөздердің түрлеріне байланысты ерекшеліктер
Мақсаты: Жергілікті жерде ұшырасатын үстеу және шылау сөздер, олардың түрлері мен ерекшеліктерін саралау.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
-
Үстеу сөздер, түрлері, ерекшеліктері
-
Шылау сөздер, түрлері, ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.
Әдебиет :12,5,4
Тақырыбы: 9. Говорлардағы сөз тудырушы жұрнақтар
Мақсаты: Әдеби тіліміздегі жұрнақтардың қазақ сөйленістерінде есімнен зат есім, сын есім, етістік тудыратын түрлеріне мысалдар арқылы көз жеткізу.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
1. Зат есім тудыратын жұрнақтар
2. Сын есім тудыратын жұрнақтар
3. Етістік тудыратын жұрнақтар
Әдістемелік нұсқау: Сабақтың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға дайындалу және мерзімді баспасөзден мысалдар келтіре отырып баяндау. Ашық ойлар минуты сабағы.
Әдебиет : 4,7,6
Тақырыбы: 10. Лингвистикалық география-диалектологияның бір саласы
Мақсаты: Бұл ғылымның беріде дамыған сала екендігінен хабардар ете отырып, зерттеу әдістерімен, негізгі терминдермен, бұл саладағы диалектолог-ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
-
Лингвистикалық географияның зерттеу әдісі
-
Түркі тілдерін лингвистикалық география тұрғысынан зерттеу
-
Изоглостық белгілер (изофон, изолексема, изоморфема, изосинтагма)
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың мазмұнымен танысып, ауызша баяндай отырып талдау.
Әдебиет : 18, 8 ,6,14
Тақырыбы: 11. Аймақтық лексикография
Мақсаты: Алғашқы диалектологиялық сөздіктер, бұл сөздіктердің толықтырылып қайтадан шығарылуындағы ғалымдардың еңбектері мен ондағы тілдік ерекшеліктердің берілу тәртібін меңгерту.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
1.Жалпы лексикографияның салалары.
2.Алғашқы диалектологиялық сөздіктер.(С.Аманжолов,Ж.Досқараев)
3.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктері.А.1969,А1991,1999,2001
Әдістемелік нұсқау: Сөздікпен жұмыс.
Әдебиет : 1,2,3,12,13,27
Тақырыбы: 12. Қазақ тілі говорларының батыс тобы
Мақсаты:Қазақ тілі батыс говорының басқа говорлардан өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
1.Фонетикалық ерекшеліктер
2.Лексикалық ерекшеліктер
3.Грамматикалық ерекшеліктер
Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау, студенттер әдебиеттермен жұмыстана отырып, ғылыми зерттеулерге толық сипаттамалар беру қажет.
Әдебиет : 11.12,13,18
Тақырыбы: 13. Қазақстаннан тысқары,туыстас республикаларда тұратын жергілікті тіл ерекшеліктері
Мақсаты: Қазақстаннан тысқары Өзбекстанда, Қарақалпақстанда, Түрікменстанда тұратын қазақтардың тіліндегі ерекшеліктерге тоқталу
Семинарлық сабақтың мазмұны:
1. Фонетикалық ерекшеліктер.
2.Лексикалық ерекшеліктер
3.Грамматикалық ерекшеліктер
Әдістемелік нұсқау: Осы мәселелер талданған ғылыми еңбектерді оқып, конспекті жасау.
Әдебиет : 1,2,3,21,12
Тақырыбы: 14. Қазақ диалектологиясының ғылым ретінде қалыптасуындағы қазақ ғалымдарының рөлі.
Мақсаты: Қазақ диалектолог ғалымдарының өмірі мен қызметі, диалектология ғылымын қалыптастырудағы орны мен өнегелі істері жөнінде әңгімелеу, үлгі тұту.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
1.С.Аманжоловтың өмірі мен қызметі
2.Ж.Досқараев,Н.Сауранбаев,Ғ.Мұсабаев еңбектері.
3.Академик Ш.Сарыбаевтың орны
Әдістемелік нұсқау: Ғылыми еңбектерін оқып, үйрену.
Әдебиет : 1,2,3,12,13,27
Тақырыбы: 15. Қазақ сөйленістерінің монғол,қытай тілдерімен байланысы
Мақсаты:. Соңғы кезде дәлелденіп жүрген шығыс сөйленістеріндегі моңғол, қытай тілдерінің элементтері туралы, олардың ерекшеліктерін сөз ету.
Семинарлық сабақтың мазмұны:
1.Қазақ пен монғол тілдерінің ара қатынасы туралы.
2.Қазақ пен қытай тілдеріне ортақ сөздер.
Әдістемелік нұсқау: Сабақтың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға дайындалу және көркем әдебиеттерден және мерзімді баспасөзден мысалдар келтіре отырып баяндау.
Әдебиет : 1,25,52,53
ОЖСӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
Осы курс бойынша аптасына 1 СОӨЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңес және бақылау функцияларын атқарады. СОӨЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барысында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағдайда, СӨОЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша есеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруына пайдаланылады.
ОжСӨЖ
Тақырып : Диалектология ғылымы, өзге ғылымдармен байланысы
ОжСӨЖ мақсаты:
-
Диалектология ғылымының нысанымен таныстыру
-
Говор мен диалектінің пайда болуынан хабардар ету
-
Әдебиет, тарих, география ғылымдарымен байланысын көрсету
Сабақ өткізу түрі: Сұрақ-жауап, салыстыру
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Тақырып сұрақтары бойынша кесте құрастыру.
-
Диалектология пәні бойынша глоссарий жасау.
-
Талдау әңгіме: «Диалектология мен әдебиет сабақтастығы».
-
Қазақ тіл біліміндегі диалектологияға қатысты зерттеу еңбектердің тізімін жасау
Әдістемелік нұсқаулық:
Әдебиеттер: 1,2,3,23,34
Тақырып : Қазақ диалектологиясының Қазан революциясына дейін және кейін зерттелуі
ОжСӨЖ мақсаты:
-
.Қазан революциясына дейін зерттеген ғалымдар еңбегімен таныстыру
-
Қазан революциясынан кейін зерттеген ғалымдар еңбегімен таныстыру
-
Қазіргі диалектолог ғалымдардың еңбегімен таныстыру
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Баяндама: «Қазан революциясынан кейін зерттеген ғалымдар еңбектері»;
-
Ильминскийдің, Позднеевтің, Мелиоранскийдің еңбектерінен
кесте жасау
3. «Тіл – халық рухы» тақырыбында ойбөліс
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
-
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер:
Тақырып : Қазақ сөйленістерінің батыс тобының лексикалық ерекшеліктері
ОжСӨЖ мақсаты: Батыс сөйленістерін өзге сөйленістердегі лексикалық ерекшеліктермен салыстыру
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Тақырып бойынша баяндама әзірлеу
-
Салыстырмалы карточкалар дайындау
-
Тест сұрақтарын әзірлеу
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
-
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 12,20,17,15
Тақырып : Батыс сөйленістерінде кездесетін кәсіби сөздер
ОжСӨЖ мақсаты: Жайық және Шалқар балықшыларының тіліндегі тілдік ерекшеліктерді өзге сөйленістердегі балықшылардың тілімен салыстыру, дақыл түрлеріне байланысты сөздердің ерекшеліктерін аңғарту.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Балық шаруашылығына байланысты ғылыми зерттеулерге шолу;
-
Сөздікпен жұмыс
4. Реферат тақырыбы: «Жайық өзенінде кездесетін балық атаулары»;
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
-
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 12,10,15
Тақырып : Қазақ сөйленістеріне орыс тілінен енген сөздер
ОжСӨЖ мақсаты: Орыс тілінің тек әдеби тілімізе ғана емес, сондай-ақ қазақ сөйленістеріне де, қазақ әдеби тілінің орыс тіліне де тигізген әсерін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Түркі тілдерінен орыс тіліне енген сөздер
-
Орыстың говорынан қазақ говорына енген сөздерді анықтау.
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек оқу және пысықтау.
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдебиеттер: 2,3,1,4
Тақырып: Қазақ сөйленістеріндегі дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер.
ОжСӨЖ мақсаты: 4 сөйленіске тән дауысты дыбысқа байланысты ерекшеліктерді салыстыру
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Дәріс материалдарының сұрақтары бойынша кесте құрастыру.
-
Интернет сайттарынан қосымша материалдар жинақтау.
-
Карточкалар жасау
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,
-
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдебиеттер: 3,4,5
Тақырып : Оңтүстік және батыс сөйленістеріне тән морфологиялық сипаттар
ОжСӨЖ мақсаты: Оңтүстік және батыс сөйленістеріне тән есімдік және етістік тұлғаларына, кейбір септік жалғауларының орын ауыстырып қолданылатындықтарына көңіл бөлу.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Оңтүстік сөйленісіне тән етістік, есімдік және септік жалғауларын атаңыз.
-
Батыс сөйленісіне тән етістік, есімдік және септік жалғауларын атаңыз
Әдістемелік нұсқаулық
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
-
Белгілі бір студенттер орындаған тапсырмаларды түсіндіру; Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер:
Тақырып : Қазақ сөйленістеріндеі үстеу, шылау сөздер
ОжСӨЖ мақсаты: Әдеби тілдегі үстеу, шылау сөздер мен сөйленістердегі үстеу, шылау сөздерді салыстыру.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Оңтүстік сөйленісіне тән шылауларды ата;
-
Батыс сөйленісінде кездесетін үстеулерге мысал келтір;
-
Шығыс және орталық-солтүстік сөйленістерінде кездесетін үстеу, шылау сөздерді анықта.
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
-
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер:10,14,20
Тақырып : Сөйленістердегі сөз тудырушы жұрнақтар
ОжСӨЖ мақсаты: Әдеби тілдегі жұрнақтар мен сөйленістердегі сөз тудырушы жұрнақтардың айырмашылығын анықтау.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Баяндама: «Әдеби тілдегі жұрнақтардың жергілікті жерде жаңа сөз жасауға қатысы»
-
Өнімді және өнімсіз жұрнақтарды анықтау.
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдебиеттер: 7,5,6,4
Тақырып : Диалектілік изоглостар
ОжСӨЖ мақсаты: Диалектілік изоглостардың түрлерімен таныстыру, мысалдар жинақтау
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Диалектілік, әдеби және аралас изоглостарға мысал келтір
-
Кең аумақты, орта аумақты, тар аумақты изоглостар бір-бірінен қалайша ерекшеленеді.
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,
-
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Әдебиеттер: 12,11,13
Тақырып : Қазақ диалектологиялық сөздіктері
ОжСӨЖ мақсаты: Қазақ диалектологиялық сөздігінің 1969 жылғы нұсқасы мен соңғы шыққан ІІІ томдық сөздіктің арасындағы айырмашылықтарды салыстыру
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Қазақ диалектологиялық сөздігін кімдер жасаған?
-
С.Аманжолов пен Ж.Досқараевтың еңбектері туралы не білесің?
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
-
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 9,10,11
Тақырып : Батыс сөйленісінің қазақ диалектілеріндегі орны
ОжСӨЖ мақсаты: Батыс сөйленісінің қазақ диалектілеріндегі алатын орнын, оның ертедегі ру-тайпа тілдерімен байланысын анықтау
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Батыс сөйленістерінің ерекшеліктері туралы ғалымдардың пікірлері
-
Ертедегі ру-тайпа тілдерінің батыс сөйленісіндегі көрінісін әңгімеле
-
ОЖСӨЖ сұрақтарының біреуі бойынша сұлба құру.
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
-
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдебиеттер: 7,5,13
Тақырып : Билингвизм сипатындағы сөздер
ОжСӨЖ мақсаты: Түрікменстандағы қазақтардың тілін Қазақстанда тұратын қазақтардың тілімен салыстыру, билингвизм сипатындағы сөздерді анықтау
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
-
Түркіменстандағы қазақтар тілінде түркімен сөздері көп пе, мысал келтір.
-
Билингвизм дегенді қалай түсінесің? Дәлелде.
Әдістемелік нұсқаулық:
-
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,
-
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
-
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |