Семинар 15 Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Пән бойынша дәрістердің конспектісі



бет4/6
Дата28.06.2017
өлшемі1,1 Mb.
#20269
түріСеминар
1   2   3   4   5   6


5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі

Тақырыбы:Диалектология ғылымы,міндеттері.

Диалектология ғылымының зерттеу нысанына тоқтала келіп,диалект пен говордың пайда болу жолдары мен қалыптасу негіздеріне тоқталамыз.Диалектолгия ғылымының зерттеу сипатына қарай түрлеріне және жергілікті диалекті мен әлеуметтік диалектілер,олардың ерекшеліктері сөз болады.Белгілі бір ұлттың әдеби тілінің қалыптвсуында диалекті мен говорлардың алатын орны мен әдеби тілдің сөздік құрамын байытуда жергілікті лексиканың рөлі,әдеби тілді таза сақтау туралы ғалым,жазушылардың пікірлері сөз болады.



Тақырыбы: Қазақ диалектологиясының Қазан революциясына дейін және кейін зерттелуі.

Революциядан бұрынғы тюркологтардың қазақ диалектілері туралы пікірлеріне тоқталып,зерттелуін сөз ету,сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі халық тілінің көріністерін көрсету. Қазақ диалектологиясының негізін салушылар-С.Аманжолов,Ж.Досқараев, Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаевтың еңбектері мен пікірлеріне тоқталу. Қазіргі диалектолог-ғалымдардың қазақ диалектілерін бөлуі қарастырылады.



Тақырыбы:Лексикалық ерекшеліктер.

Зат,құбылыс атауын білдіретін жергілікті тіл ерекшеліктері,әдеби тілде баламасы бар доминанттар мен сәйкесті,сәйкессіз диалектизмдер сөз болады. Жергілікті жерде қолданылатын заттың сыр-сипатын білдіретін сөздер мен қимыл-амалды білдіретін сөздер,сонымен қатар үстеу,шылау сөздер де әңгіме болады.



Тақырыбы:Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер.

Дилектілік сипаттағы:балық,бау-бақша,су,мақта,темекі шаруашылығымен байланысты сөздерге тоқталамыз.Диалектілік синонимдер мен омонимдер,көп мағыналы сөздер,олардың жасалу жолдары мен диалектілік архаизм және неологизм сөздер сөз болады.



Тақырыбы:Говорлардағы кірме сөздер.

Кірме сөздердің ену жолдары,орыс тілінен енген сөздер,олардың түрлері,жасалу жолдарына тоқталамыз. Бұл тілдерден енген сөздердің ену жолдары,түрлері,таралуы,зерттеген ғалымдар туралы сөз етіледі.



Тақырыбы:Қазақ диалектісіндегі фонетикалық ерекшеліктер.

Дауысты дыбыстардың алмасуы. Жіңішке және жуан,ашық және қысың,еріндік дауыстылардың алмасулары мысалдар арқылы түсіндіріледі.Диалектолог-ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары келтіріледі Сөз басы мен ортасы және сөз соңындағы алмасулар,кейбір қатаң,ұяң дауыссыздардың ауысулары,аффрикат дыбыстар,метатезалық құбылыстар сөз болады.



Тақырыбы:Оңтүстік және батыс говорларына тән морфологиялық сипаттар.

Септік,тәуелдік,жіктік жалғауларға,етістік тұлғалар мен есімдіктердің тұлғалық ерекшеліктері сөз етіледі. Септік,тәуелдік,жіктік жалғауларға,етістік тұлғалар мен есімдіктердің тұлғалық ерекшеліктері сөз етіледі.



Тақырыбы:Говорлардағы үстеу,шылау сөздердің түрлеріне байланысты ерекшеліктер.

Жергілікті жердегі үстеу,шылау сөздер,олардың түрлері сөз болады. Диалектілік сөздердің жасалу ерекшеліктеріне байланысты түрлері мен біріккен сөздер жасалуындағы ерекшеліктерге тоқталамыз.



Тақырыбы:Говорлардағы сөз тудырушы жұрнақтар.

Зат есім,сын есім,етістік тудыратын жұрнақтар мысалдар арқылы түсіндіріледі.



Тақырыбы:Лингвистикалық география-диалектологияның бір саласы.

Лингвистикалық географияны зерттеу әдісі,тілдік ерекшеліктерді лингвистикалық география тұрғысынан зерттеу,изоглостық белгілерге,олардың түрлеріне тоқталамыз. Диалектілер мен говорлардың этимологиясын анықтаудағы диалектолог-ғалымдардың еңбектері мен кейбір сөздердің шығу төркіні сөз болады.



Тақырыбы:Аймақтық лексикография.

Лексикографияның салалары,алғашқы диалектологиялық сөздіктер,кейін шыққан 3 томдық сөздік,оның орны.



Тақырыбы:Қазақ тілі говорларының батыс тобы.

Белгілі диалектолог-ғалым,профессор Ә.Нұрмағамбетовтың «Қазақ тілі говорларының батыс тобы» атты монографиясында көрсетілген лексикалық,фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерді саралау,өзге говорлармен салыстыру.



Тақырыбы:Қазақстаннан сыртқары,туыстас республикаларда тұратын қазақтардың жергілікті тіл ерекшеліктері.

Түркменстанда тұратын қазақтар тіліндегі ерекшеліктердің ену жолдары,олардың фонетикалық,лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері сөз болады. Қарақалпақстандағы және Тәжікстандағы қазақтардың тілі. Қоныс тебулеріне себеп болған тарихи жағдайлар,тілдік ерекшеліктері лексикалық,фонетикалық,грамматикалық жақтан қарастырылады.



Тақырыбы:Қазақ диалектологиясының ғылым ретенде қалыптасуындағы қазақ ғалымдарының рөлі.

Диалектология ғылымын дамытудағы алғашқы диалектолог-ғалымдар-С.Аманжолов,Ж.Досқараев,Н.Сауранбаев,Ғ.Мұсабаев және Ш.Сарыбаевтардың орны сөз болады.



Тақырыбы:Қазақ сөйленістерінің монғол,қытай тілдерімен байланысы.

Қазақ пен монғол тілдерінің арақатынасы,ортақ сөздер сөз болады.Зерттеген ғалымдар,олардың еңбектері көрсетіледі.


6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары




Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Диалектология ғылымы, міндеттері.

1 . Диалектология ғылымы, оның зерттеу объектісі.

2. Жергілікті диалекті мен говорлар туралы ұғым, пайда болу жолдары.

3. Зерттеу сипатына қарай бөлінуі.

4. Жергілікті және әлеуметтік диалектілер, ерекшеліктері.




1




  • Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч.Ш. СПБ 1870.

  • Вопросы диалектологии тюркских языков 3 том, Баку. 1963.

  • Мусаев К.М. Лексикология тюркских языков. М., 1934.

  • Сарыбаев Ш. Казахская региональная лексикография. А., 1976.

  • Сауранбаев Н. Диалекты в современном языке. – «Вопросы языкознания», №5, 1955.

  • Тереньев М. Грамматика турецкая, персидская, киргиская и узбекская, СПБ, 1875

2

Қазақ диалектілерінің Қазан революциясына дейін және кейін зерттелуі


    1. Ревалюциядан бұрынғы - Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Н.Р.Катанов, В.В.Катаринский, М.Терентьевтердің қазақ тіліндегі диалектілері туралы пікірлері. Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков, Ә.Нұрмағанбетов т.б. еңбектері мен ой- тұжырымдары.

  1. Ревалюцияға дейін бастырған ауыз әдебиеті нұсқаларында жергілікті тіл ерекшеліктерінің қоса қамтылуы. (Батырлар жырлары, маақал – мәтелдер. т.б.)




2

  • П.М.Мелиоранский. Краткая гамматика казахского и киргизского языка ч. 3., 1870.

  • Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч.Ш. СПБ 1870.

  • Тереньев М. Грамматика турецкая, персидская, киргиская и узбекская, СПБ, 1875.

  • Ш. Сарыбаев., Ғ.Қалиев. Қазақ диалектологиясы. А., 2004 ж.

  • Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка А. 1959.




3

Лексикалық ерекшеліктер

    1. Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер.

    2. Әдеби тілде баламасы бар доминанттар.

    3. Сәйкесті, сәйкессіз диалектілік ерекшеліктер.

3

  • Ж.Досқараев. Қазақ тілінің жергілдікті ерекшелітері.

  • Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. А. 1990.

  • Қазақ тілі тарихы мен диалектісінің мәселелері. А. 1960-1965жж.

  • О.Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. А. 1982ж.

  • Ә Нұрмағанбетов. Түрменстандағы қазақтардың тілі. А. 1972ж.

  • Ш. Сарыбаев., О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. А., 1987 ж.




4

Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер

  1. Балық шаруашылығымен байланысты сөздер.

  2. Бау – бақша шаруашылығымен байланысты сөздер.

  3. Су шаруашылығымен байланысты сөздер.

  4. Мақта және темекі шаруашылығымен байланысты сөздер.




4

  • Ш. Сарыбаев., Ғ.Қалиев. Қазақ диалектологиясы. А., 2004 ж.

  • Ж.Досқараев. Қазақ тілінің жергілдікті ерекшелітері.

  • Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. А. 1969ж. А. 1999-2004. 3-томдық.

  • Ш. Сарыбаев., О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. А., 1987 ж.

  • Қазақ тілі тарихы мен диалектісінің мәселелері. А. 1960-1965жж.




5

Говорлардағы кірме сөздер

  1. Кірме сөздердің ену жолдары

  2. Орыс, араб-парсы, моңғол, туысқан түркі және қытай тілдерінен енген сөздер

5

1. Атабаева М. Қазақ говорындағы кірме сөздер және олардың мағыналық ерекшеліктері// Актуальные проблемы общ наук А. 1986 83-84б

2. Жексенбаева Ғ. Тіліміздегі кірме сөздер және олардың диалектизмдер жасалуына қатысы// Қазақ диалектологиясының зерттеу мәселелері А. 1987 63-69б

3. Құрманәлиев К. Омбы облысының Есілкөл аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктер// Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер А,. 1990 203-207б

4. Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер А. 1990




6

Қазақ диалектілеріндегі фонетикалық ерекшеліктер.

  1. Дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер

  2. Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер

  3. Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы

6

1. Ш.Сарыбаев, Ғ.Қалиев Қазақ диалектологиясы А.2004

2. Х.Кәрімов Қазақ тілі говорларындағы жуан, жіңішке дауыстылар сәйкестігі// Қазақ тілі теориясы мен тарихының мәселелері А.1986 23-45б

3. С.Омарбеков, Н.Жүнісов Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі А. 1985

4. О.Нақысбеков Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы А.1982

5. Н.Жүнісов Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері А.1981


7

Қазақ диалектілеріне тән морфологиялық сипаттар

  1. Септік, тәуелдік, жіктік жалғауларына байланысты ерекшеліктер

  2. Етістік тұлғаларына байланысты ерекшеліктер

  3. Есімдіктердің тұлғалық ерекшеліктері




7

1. С.Омарбеков Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер А.1965

2. Ә.Нұрмағамбетов Түркіменстандағы қазақтардың тілі А. 1974 Қазақ тілі говорларының батыс тобы А. 1978

3. Н.Жүнісов Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері А,.1981

4. Б.Бекетов Казахскийй говор южный Каракалпакий, Автореферат канд.фил.наук А.1969

5. О.Нақысбеков Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы А.1982

6. ҚТТ мен ДМ А. 1960-1965




8

Говорлардағы үстеу, шылау сөздердің түрлеріне байланысты ерекшеліктер


  1. Үстеу сөздер, түрлері, ерекшеліктері

  2. Шылау сөздер, түрлері, ерекшеліктері




8

1. Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков Қазақ тілінің аймақтық лексикасы А.1989

2. Нұрмағамбетов Ә Қазақ говорларының грамматикасы А.1986

3. ҚТТ мен ДМ А.1960-1965

4. Ш.Сарыбаев, Ғ.Қалиев Қазақ диалектологиясы А.2004




9

Говорлардағы сөз тудырушы жұрнақтар.

1. Зат есім тудыратын жұрнақтар

2. Сын есім тудыратын жұрнақтар

3. Етістік тудыратын жұрнақтар


9

1.Ә.Нұрмағамбетов.Қазақ говорларының грамматикасы. А1986

2.Қазақ диалектологиясынзерттеу мәселелері. А , 1987

3.Қазақ тіліндегі сөз тудыру пробламалары.А , 1985

4.Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі. А , 1982

5.Ғ.Қалиев. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. А , 1985


10

Лингвистикалық география-диалектологияның бір саласы

  1. Лингвистикалық географияның зерттеу әдісі

  2. Түркі тілдерін лингвистикалық география тұрғысынан зерттеу

  3. Изоглостық белгілер (изофон, изолексема, изоморфема, изосинтагма)




10

1. Жирмунский В.М. О диалектологическом атласе тюркских языков СССР// Вопросы языкознания, 1963 №6.

2. Сарыбаев Ш. Диалектологический атлас казахского языка//Советская тюркология. 1972

3. Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. А , 1989

4. Ахманова А.С Словарь лингвистических терминов М.,1966 с.170

5. Кенесбаев С, Жанузаков Р. Русско-казахский словарь лингвистических терминов А,1966 с.69


11

Аймақтық лексикография

1.Жалпы лексикографияның салалары.

2.Алғашқы диалектологиялық сөздіктер.(С.Аманжолов,Ж.Досқараев)

3.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктері.А.1969,А1991,1999,2001


11

1.Ш.Сарыбаев,О.Нақысбеков.Қазақ тілінің аймақтық лексикасы.А1989

2.С.Аманжолов.Вопросы диалектологии и истории казахского языка.А.1959

3.Ж..Досқараев Қазақ тілінің жергілікті ерекшкліктері.Лексика.(II бөлім).А.1955

4.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі.А.1969.А.1991,1999,2001.3-томдық



12

Қазақ тілі говорларының батыс тобы

1.Фонетикалық ерекшкліктер 2.Лексикалық ерекшеліктер 3.Грамматикалық ерекшеліктер

12

1.Ә.Нұрмағанбетов.Қазақ тілі говорларының батыс тобы.А.1987

2.ҚТТ мен ДМ.А.1958-1965

3.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі.А.1969,1999,2001


13

Қазақстаннан тысқары,туыстас республикаларда тұратын жергілікті тіл ерекшеліктері

1.Фонетикалық ерекшеліктер. 2.Лексикалық ерекшеліктер 3.Грамматикалық ерекшеліктер

13

1.О.Нақысбеков.Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы.А.1982

2.Қтт мен ДМ.А.1958-1965

лексикасы.А.1990

3.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 4.Ш.Сарыбаев,О.Нақысбеков.Қазақ тілінің аймақтық лексикасы



14

Қазақ диалектологиясының ғылым ретінде қалыптасуындағы қазақ ғалымдарының рөлі.

1.С.Аманжоловтың өмірі мен қызметі

2.Ж.Досқараев,Н.Сауранбаев,Ғ.Мұсабаев еңбектері.

3.Академик Ш.Сарыбаевтың орны


14

1.Ш.Сарыбаев,Ғ.Қалиев.Қазақ диалектологиясы.А,2004

2.Қазақстан ғалымдарының библиографиясы.А,2000

3.Тағылым.А,2004

4.Ш.Сарыбаев.Қазақ тіл білімі мәселелері.А,2000



15

Қазақ сөйленістерінің монғол,қытай тілдерімен байланысы

1.Қазақ пен монғол тілдерінің ара қатынасы туралы.

2.Қазақ пен қытай тілдеріне ортақ сөздер.




15

1.Ш.Сарыбаев,Ғ.Қалиев.Қазақ диалектологиясы.А,2004

2.ҚТТ мен ДМ.А.,1962.4-шығуы;2-шығуы

3.Қазақ тілінің аймақтық лексикасы.А.,1989

4.Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер.А.,1990.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет