3 тақырып: Мемлекет және құқық негіздері
Мақсаты : Құқық ұғымы мен белгілері мен әдістерімен танысады.
Негізгі сөздер : норма, функция, мораль.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Құқық ұғымы мен белгілері, функциялары.
құқықтық реттеу әдістері.
Құқық қайнар көздері ұғымы мен түрлері.
Нормативтік құқықтық актінің түрлері (НҚА).
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелерінің жиынтығы. Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық..
Жүйелілігі, Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс.
Нормативтік сипаты – Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді.
Формальдық анықтылық – Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады.
Мемлекеттің күшіне сүйенуі- Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды.
Адамдардың еркін білдіруі- Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай – ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдетер,сот прецеденттері(үлгілер) құқықтық келісім – шарттар, нормативтік-құқықтық актілер. Нормативтік –құқықтық актілер акті (НҚА) – мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Үкімет өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Жоғарғы Сот да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |