5 тақырып: Қазақстан Республикасы конституциялық құқық негіздері
Мақсаты : Қазақстан Республикасы конституциясымен танысады.
Негізгі сөздер : демократия, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
ҚР конституциялық құқығы ұғымы мен жүйесі. (ҚР КҚ).
Конституция ұғымы мен түрлері. ҚР конституциясы мемлекеттің негізгі заңы. ҚР конституциясы қағидалары.
ҚР конституциялық құрылысы ұғымы. ҚР егеменді мемлекет. ҚР- құқықтық, әлеуметтік, зайырлы, демократиялық мемлекет.ҚР - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Тұлғаның құқықтық мәртебесі ұғымы мен түрлері. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттері.
Азаматтық ұғымы. Азаматтық алу мен тоқтатудың негіздері.
Конституция сөзі (латынның conctilutio бекіту, орнату деген сөзі). Конституция ұғымының қазіргі түсінігі 18 ғасырдан бастап орнықты.Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та,сонан соң 1789 жылы Францияда қабылданды.Кез келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің негізгі ұстындарын бекітіп береді. Қазақстан Республикасындағы қолданылып жүрген 1995 жылғы Конституциясы оның таптық сипаттылығын қабылдамады,1995 жылғы Конституцияда басқа бағыт, айталық жалпы демократиялық сипат қаланған.Өзінің қайнар көзіне қарай-ел халықтық конституция болып табылады,өйткені халықтың қатысуымен референдумда қабылданды. Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1926,1937,1978,1993,1995ж.ж).Кейінгі екеуінің алдынғылардан елеулі айырмашылығы сол-бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.Кейінгі Ата Заңда (1995ж.)құқықтық мемлекеттің қалыптастыру бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары,соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси ор алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары,экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Қазақстан Республикасын – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Принциптері :
1.өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтарын айқындап,бекіту.
2.өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті,ынтымақтастық пен тату қарым-қатынастықтың әдістерін нақтыландырып бекіту;
3.байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау;
4.республиканың егемендігін сақтап,ұстап тұру;
5.Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің мызғымастығын бекіту.Мұның ұшқыны ретінде,республика қызметінің түбегейлі принциптері де айқындалады.Олар:
1.қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
2.бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму,
3.қазақстандық патриотизм;
4.мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен,оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |