Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


тақырып: ҚР отбасылық құқық негіздері (2 сағат). Мақсаты



бет39/70
Дата10.10.2020
өлшемі0,68 Mb.
#64427
түріСеминар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
8 тақырып: ҚР отбасылық құқық негіздері (2 сағат).

Мақсаты : Отбаслық құқықтың өмірге қалай қолдану тәсілдерін үйренеді.

Негізгі сөздер : отбасы, неке, патронат..

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

  1. 1. ҚР отбасылық құқық ұғымы және жүйесі.

  2. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы 17 декабря 1998 ж. ҚР неке және отбасылық заңнамасының қағидалары.

  3. Некеге отырудың тәртібі мен шарттары ұғымы. Некені тоқтату.

  4. Ерлі зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері. Ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары.

  5. . Отбасы ұғымы. Баланың құықтары. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

  6. Бала асырап алудың ұғымы. Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы. Патронат ұғымы.

  7. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынасы.

  8. Азаматтық хал актілері

неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ
отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы
Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. 
      2. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. 
      3. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.
      4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
      5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі. Некеге тұруға:
      1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
      2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);
      3) асырап алушылар мен асырап алғандардың; 
      4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. 


Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. 
      Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
      Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. 


      Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. 
      Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды. 
Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. 
      Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды. 

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. 


      Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:
      1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
      2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
      3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет