Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


тақырып: ҚР әкімшілік құқық негіздері Мақсаты



бет38/70
Дата10.10.2020
өлшемі0,68 Mb.
#64427
түріСеминар
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
7 тақырып: ҚР әкімшілік құқық негіздері

Мақсаты : Әкімшілік құқықтын маңыздылығын үйренеді.

Негізгі сөздер : атқарушы билік, мәжүрлеу, ескерту.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

  1. ҚР әкімшілік құқығы ұғымы, қайнар көздері.

  2. Әкімшілік құқық нормасы мен құқықтық қатынас.

  3. Атқарушы билік органы жүйесі.

  4. ҚР мемлекеттік қызмет ұғымы мен жүйесі.

  5. Әкімшілік құқықбұзушылық ұғымы мен құрамы.

  6. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы. Әкімшілік жазалардың түрлері мен ұғымы.

Әкімшілік құқық- Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады. Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында өнеркәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешені көлік пен байцланыс, табиғи орта мен табиғи ресурстар сауда, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету әлеуметтік, мәдениеттік құрылыс білім денсаулық сақтау мәдениеті ғылым әлеуметтік қорғау дене тәрбиесі және спорт, әкімшілік – саяси құрылыс қорғаныс ұлттық қауіпсіздік сыртқы істер әділет ішкі істер саласында мемлекеттік басқаруды қамтиды. Атқарушы билік органдарының функциясы-Заңдарды орындау және олардың орындалуын бақылап отыру. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-сы кодексінің» ерекше маңызы бар.

Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігн атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар А, В, С, Д, Е санатар топтарына бөлінген: А-тобына – Президент әкімшілігі; В -Парламент Палаталарының аппараттары, Премьер-Министрдің Кеңсесі, Жоғарғы Соттың аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы; С – Президентке тікелей бағынышты және есепті органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың ведомствалары, облыстық, аудандық аумақтық органдар; Д – облыстардың, аудандардың, кенттердің, ауылдадың аппараттары, облыстар, аудандар мәслихаттарының аппараттары, облыстар, аудандар соттарының аппараттары; Е – жергілікті атқарушы органдар жатады. Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекеттік қызметке кіруге, заңдарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сәйкес келетін ҚР-сы азаматының құқығы бар. Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде салық ықзметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу обьектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті. Мемлекеттік қызметшіге өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға рұқсат етілмейді. Оған, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақылы қызметпен айналысуға болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет