Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


тақырып: Құқық негіздері Мақсаты



бет35/70
Дата10.10.2020
өлшемі0,68 Mb.
#64427
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
4 тақырып: Құқық негіздері

Мақсаты: Құқық нормасының, құқықтық қатынастың құрылымын үйренеді.

Негізгі сөздер : әрекет, оқиға, құқықтық сана.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Құқық нормасының құрылымы мен ұғымы.

  2. Құқық жүйесі және оның элементтері.

  3. Құқықтық қатынастың құрылымы мен ұғымы. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік. Заңды құрам: әрекет және оқиға.

  4. Құқықтың сананың деңгейі және олардың түрлері.

  5. Құқық бұзушылықтың құрамы ұғымы және түрлері. Заңды жауапкершіліктің ұғымы мен түрлері.

Құқықтық норма – мемлекет таныған,қамтамасыз еткен,қоғамдық қатынстарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,олардың әрекеттерін үлгі,эталон,масштаб,өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма. Әрбір құқықтық норманың үш элементі болады:диспозиция(мінез-құлық ережесі),гипотеза және санкция(жаза,шара).

Құқықтық норманың гипотезасы(жорамалы) – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтың бөлшегі. Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Құқықтың жүйесі оның ішкібірлігін білдіреді,ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен байланысты.Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау – құқық нормасы болып табылады. Құқықтық институт – бұл біртектес қоғамдық қатынастардың дербес түрін реттейтін құқық саласының бөлігі. Құқық саласы - өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық қатынастардың ортақ болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен институттардың бөлектенген тобы. Құқықтың салалары- Мемлекеттік(конституциялық) құқық, Әкімшілік құқық, Қаржы құқығы, Еңбек құқығы, Азаматтық құқық, Отбасы құқығы, Қылмыстық құқық,т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет