9 тақырып: ҚР еңбек құқығы негіздері (2 сағат)
Мақсаты : Еңбек заңдарының нормаларымен танысады.
Негізгі сөздер : жеке еңбек шарты, жалақы, демалыс.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :
ҚР еңбек құқығы ұғымы.
ҚР еңбек құқығы қайнар көздері.
Еңбек қатынастары.
Жеке еңбек шарты. Ұжымдық шарт
қызметкерлердің санаттары.
Жұмыс уақыты
Демалыс уақыты
жалақы
Еңбектік –құқықтық қатынастар дегеніміз – азамат бекітілген ішкі еңбек тәртібіне сәйкес бағына отырып, белгілі бір жұмысты атқару үшін еңбек ұжмына кірген кезде пайда болатын өңдірістік қатынастардың бір түрі. Жеке еңбек шарты дегеніміз-қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытымен және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Барлық жағдайларда жеке еңбек шартында және жұмыс берушінің бұйрығында жеке еңбек шартының жасалған мерзімі көрсетілуі тиіс, егер көрсетілмесе ол белгісіз мерзімге жасалған еңбекшарты болып табылады.
Жеке еңбек шартын жасасу барысында жұмыс беруші қызметкерден еңбек кітапшасын, жеке басының куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжаттарын талап етуге құқылы. Жеке еңбек шартын тоқтатуды мерзімі бітуіне қарай және мерзімінен бұрын тоқтату деп бөлген жөн. Жеке еңбек шарты жасасылған мерзімнің бітуіне қарай ол әлде бір қосымша дәлелдемесіз тоқтатылады. жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша мына жағдайларда бұзылуы мүмкін:
ұйым таратылғанда, жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда;
қызметтердің саны немесе штаты қысқартылғанда;
жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде қызметкердің жеткілікті білімінің болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкессіздігі аңғарылады;
жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан сондай-ақ заңдарда сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмысқа екі айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкін.Аурулар түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Еңбек қабіетін еңбекте мертігуіне немесе кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердің жұмыс орны еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектік анықталғанға дейін сақталады.
Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқанда;
осы Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқанда;
еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқанда;
егер қызметкер тәртіптік жаза алған болса, ол еңбек міндеттерін дәлелді себептерсіз қайталап орындамағанда;
қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкін.
Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуының бір жұмыс күнінде дәлелді себептерсіз жұмыста үш сағат болуы-болмауы; жұмысқа алкогольдік немесе өзге де түрдегі уыттық улану жағдайында келуі; жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық масаңдық немесе өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалану, қызметкердің еңбек қорғау немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, оның жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соғуы немесе әкеп соғу мүмкіндігі; жұмыс орны бойынша соттың зңды күшіне енген үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті ұрлауы жатады;
егер іс-әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімінің жоғалуына негіз болса, ақшалай немесе тауарлай құндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жасағанда;
білім беру саласында тәрбиешілік міндетті атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға сыйымсыз моральға жақсылық жасағанда;
Жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып саналатын мәліметтерді жария еткенде;
Осы Заңның 21-бабына және осы баптың 5-тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқанды;
бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда;
Қызметекер жеке еңбек шартың жұмыс берушіге бұл туралы бір ай ішінде жазбаша түрде ескертіп тоқтатуға құқылы.Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шарты ескерту мерзімі біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін. Жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын немесе едәір қиындататын мән-жайлар (денсаулық жағдайы, зейнеткерлік жас, басқа жерге көшу, жалақыны мерзімінде төлемеу және өзге де жағдайлар) болған кезде жеке еңбек шартын бұзу қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |