Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


тақырып: ҚР қылмыстық құқық негіздері (2 сағат) Мақсаты



бет42/70
Дата10.10.2020
өлшемі0,68 Mb.
#64427
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
10 тақырып: ҚР қылмыстық құқық негіздері (2 сағат)

Мақсаты : Қылмыстың қоғамға аса қауіпті екенің, оның алдын алу шараларын үйренеді.

Негізгі сөздер : қылмыс, жаза, жауапкершілі.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. ҚР қылмыстық құқық принциптері, пәні, әдістері.

  2. Қылмыс ұғымы мен белгілері

  3. Қылмыстық жауапкершілік ұғымы және қамқоршылықты белгілеу

  4. Жазаның түрлері, мақсаты, жүйесі.

  5. Жаза тағайындаудың алғы шарттары.

  6. Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлар

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы – қылмыс жасаған уақытта оны жасаушы адам мен мемлекет атынан әрекет ететін оның органдары ( анықтау, тергеу, сот, прокуратура органдары) арасында пайда болып, қылмыстық жауаптылықты толығымен іске асырған сәтінде аяақталатын қоғамдық қатынастар. Демек, қылмыс жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасындағы туындаған қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге құқық салаларымен реттелген қатынастарды және кеййбір құқық салаларымен мүлде еттелмеген қоғамдлық қатынастарды қорғайтын нормалардың жиынтығын қыылмыстық құқық деп атаймыыыз.Ол осы жолда қандай әрекеттер қылмы болып табылатындығын, олар үшін қандай жазалар қолдану керектігін,қандай жағдайларды тұлға жаза мен жауаптылықтан босатылатындылығын, қылмыстық жазаны іске асыыруда, қылмысқа қарсы күрес пен оның алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен бірлстіктердің қатысу нысандарын қарастырады.

Қылмысты құқықтың барлық нормалары екіге, Жалпы және Ерекше бөлімге бөлінеді.

Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін , міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағаййындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты трде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормаллардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзету ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардыың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да Жалпы бөліммен реттеледі.

Жалпы бөлімнің нормалары өзара да, Ерекше бөлімнің нормаларымен де тығыз байланысты.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормаллары жаза түрлері мен оның қолдану шегін корсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.

Қылмыс істеген кезінде 16 жасқа толған адам жауапқа тартылады. Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс істеген 14 жастағы қылмыскер де жауапқа тартыады.

Қылмыс әдейі, қасақана, немесе байқаусызда жасалуы мүмкін.

Егер адам қылмыс жасау кезінде оның қоғамға қауіптілігін сезбесе, өзін-өзі ұстап тұра алмаса, психикалық ұстама кезінде еш нәрсені сезбейтін болса, немесе жалпы кем ақыл болса, ондай адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды. Сот оны емдеуге мәжбүр ете алады. Егер адам мас қалпында қылмыс жасаса, онда ол жауапкершіліктен босатылмайды.Қылмыстың түрлері – ұрлық, тонау, қарақшылық, кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру,зорлау, есірткі сату,алаяқтық,пара алу, пара беру, әскери қызметтен жалтару, т.б.Жаза түрлері- айыппұл салу, мүлкін тәркілеу, қамау, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, шартты түрде соттау,бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет