Семинар-15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат



бет36/43
Дата12.10.2020
өлшемі475,5 Kb.
#65870
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік- психологиялық қарым-қатынасының тәсілі. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары: жеке адамды тану, апарат алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, рөлдермен алмасу, бірге әсерлену, өздігінен нығаю, беку.

Индустриялы қоғам дәуіріндегі білім берудің дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары.
Дамыған елдерде білім берудің прогесі ғылыми-техникалық қазіргі төңкерістің қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Микроэлектрониканы, роботтехникасын, биотехнолгоияны, энергияны сақтайтын құрылғыларды қолдану, компьютерлерді әлі де жетілдіру еңбектің сипатын және адамның орнын өндіріс үрдісінде өзгертеді, қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымын, адамдардың өмір қалпы мен психологиясын модифициялайды. Көз алдымызда ақпарат негізгі ресурс болатын дәуір тууда. Бүгінде ең өнеркәсіптің кірісті саласы бағдарламамен қамтуды жасақтау, ал ең ақпараттық қоғамның анық бейнесі глобальды ақпараттық жүйе Интернет жүйесі болуда.

Интеллектуальдық мамандық массалық бола бастады және оған бұрынғы тән ерекшелігін жоғалтуда. Өнеркәсіптің жаңа салаларында жұмысшылар мен инженер-техник персоналдың еңбектерінің жақындауының тенденциясы байқалуда. Дамыған елдерде кәсіби жұмысшылардың салмағы артуда.

Халықаралық тәжірибе ғылыми-техникалық прогресс жұмысшылардың санымен емес кәсіби даярлық пен жалпы білім берудің сапасымен алға жылжыйтынын көрсетіп отыр.

Егер өткен ғасырдың өнеркәсіптік төңкерісі саутсыздықты жою мен бастауыш білім беруді қолға алуды қажетсінсе, бүгінгі ҒТТ массалық орта білім беру мен жастарды орта білімнен кейінгі әртүрлі білімнің түрлерімен кең көлемде қамту мінддетін қойды. Әрине білім беру деңгейі мен мамандарды даярлау өнеркәсіпті жетілдіру мен жаңа технологияларды жасаудың маңызды құрамды бөлігі болып отыр.

Бұл жерде екінші нәрсені де баса айту қажет. Білім берудің тенденциялары мен перспективаларын тек экономиканың қажеттіліктері тұрғысынан қарастыруға болмайды. Бұл мәселені гуманистикалық жағы әлемде кең тарауда. ЮНЕСКО-ның геральды директоры Ф.Майор 1990 ж. Білім беру бойынша халықаралық конференцияның 42 сессиясындағы сөзінде: «Ерлер мен әйелдерді «адамзаттық ресурстар» деп, ал білім беруді даму құралы деп қарастыру тенденциясы туындап жатқан дәуірде, мен бұл жерде- басты негіде ізгілік, ЮНЕСКО құралған кезде негіз болған- адам ең жоғарғы құндылық болып табылады, оның гүлденуі мен саулығы біз үшін ең маңызды мақсаттарды құрайды, және білі берудің алғашқы міндеті максимальды тиімділікпен және ең ашық түрде осыған барынша көменктесу.»

Субьективті факторлерден, адамдардың еркі мен білімінен біздің дәуірімізде обьективтік әлеуметтік заңдылықтардың өмірде іске асуы тікелей бағыныштылығы артуда. Қоғамдық прогесстің критерийлері жаңадан жасалуда. Экономикалық көрсеткіштің белгілі бір соммасы емес, оның барлық маңыздылық жағдайында, алдымен адамға өзінің интеллектуальдық мүмкіндіктерін және адамгершілік сапаларын, өзінің шығармашылық қабілеттерін, қолайлы тұлғаның өзін жүзеге асыруыны мүмкіндік беретін жағдайлардың жасалуы шешуші фактор болып отыр. Білім берудің мақсаты бұл жерде айқын. Сондықтан да толыққанды білім беруге қажеттілік артып отыр, және бұл мәселе қоғамдық қызығушылық туғызып отыр.

Бұрын халықтың көпшілік бөлігіне білім алу алғашқы қатарда тұрмады және ең төменгі қажеттіліктерді қанағаттандыру міндеті басымдық танытқандай еді. Ал бүгінде дамыған елдердің көбіне басқаша өмір сүру қалпы тән, ол жоғары экономикалық стандарттармен және жоғары деңгейдегі әлеуметтік сұраныспен ерекшеленеді. Оларда салмақ постматериалдық құндылықққа ауысуда ( еңбектің шығармашылық сипаты, толыққанды бос уақыт, т.б).

Сонымен қатар бұрынғы түрткілер де сақталуда. Жастардың көпшілігі толыққанды білім алуды қалаулы әлеуметтік статусқа жетудің қажетті жағдайы деп қарастырады. Білім алу деңгейі мен еңбек ақы көлемінің арасында анық корреляция табылып отыр. АҚШ-та орта мектеп аяқтаған жұмысшы өзімен қатар бакалавр дипломдыға қарағанда 1,5-2 есе кем, ал докторға қарағанда 3 есе кем еңбек ақы алады. Осыған жақын пропорция Европада да сақталған. Барлық жерде жастардың білім алуын стимулдайтын механизмдер жұмыс жасайды. Білім алу баспалдағымен жоғары қарай көтерілетін әр қадам белгілі бір жолмен мадақталып отырады. Қоғамның білімге деген қажеттілігі аз білімді жұмысшылардың жалақысы төмендеп отыруымен, ал жоғары білімділердік салыстырмалы түрде, абсолютті түрде өсуімен көрініп отыр.

Жорғары білімділік деңгейі шет елдерде жұмыссыздықтан танымал гарантия ретінде қарасытылыады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет