Семинар-15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат


Білім берудегі интеграциялық үрдістер: халықаралық ұйымдардың рөлі



бет39/43
Дата12.10.2020
өлшемі475,5 Kb.
#65870
түріСеминар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Білім берудегі интеграциялық үрдістер: халықаралық ұйымдардың рөлі

Ұлттық білім беру жүйесінің ерекшелігін сақталуына қарамастан халықаралық интеграция бұл аймақта дамуда. Оқытудың әдістері мен құралдарын, мазмұнын модернизациялаудағы, білім берудің экономикалық тиімділігін жоғарылатуда қол жеткен табыстар бір елден екінші елг ауысуда. Білім беру мен тәрбиенінің теоретиктерінің ең жақсы еңбектері қай жерде жасалса да әлемдік педагогикалық ойдың байлығын толықтыруда. Сонымен қатар білім берудің дамуындағы кейбір негативті тенденциялар мен құбылыстар глобальдық сипат алуда.

Интеграция геосаяси аймақтардың масштабында, тарихи дамуы ұқсас біріккен елдерде және бір біріне жақын әлеуметтік-экономикалық құрылымда интенсивті жүреді.

Дезинтеграцияға қарағанда, интеграциялық үрдістер тиімді болу үшін ұйымдастырылған және мақсатқа бағытталған әрекеттерді талап етеді.



Батыс еуропалық білім беру интеграциясы: жетістіктер мен қиындықтар.

Интеграция біршама дамуы Батыс Еуропада жүрді. Тарих бұл аймаққа терең қарама-қайшылықты мұра қалдырды. Бірнеше ғасырлар бойы батыс еуропалық қоғамның өркениеті қалыптасты. Орта ғасырдың өзінде оның ерекшелік қырлары көріне бастады- феодалдарға қарсы тұрған қалалар, университеттер, шіркеудің үкіметтен тәуелсіз болуы. Бұдан кейін капиталистік қоғамның қарым-қатынас қалыптасып және дамыған сайын еуропалық елдердің экономикалық байланысы, олардың ғылыми және мәдени байланысы жиілеп, Ренессанс пен Ағарту ойлары аймақтың барлық түкпірінде қолдау тапты. Бір мезгілде батыс Еуропа көптеген қанды соғыстың, діни дау-жанжалдың шиеленісуінің, ұлтаралық жауласудың орталығы дав болды.

Экономикалық және саяси қарама-қайшылықтар, бәсекелестік біздің заманымызда біткен жоқ және кейде өткір көрініп жатады.

Алайда соңғы он жылда интеграциялық үрдістердің әсерінен мемлекетаралық қарама-қайшылық пен Батыс Еуропа халықтарының өзара жақтырмаушылық стереотипі азайып, орталықтану тенденциясы басымдық таытуда.

Батыс Еуропа адамзат тарихында ерекше рөлге ие. 18-19 ғасырларда ол экономика, техника және ғылымның дамуында көшбасшы болып, онда қалыптасқан құндылықтар мен ойлар тек бұл аймақпен шектелмеді. Елдер мен халықтар арасындағы үйлесім өзгеріссіз қаламасда, Батыс Еуропаның әлемдік шаруашылықтағы үлкен үлесі жүйелі түрде азаюда, бірақ оның қазіргі әлемнің дамуына әлеуметтік, саяси және мәден әсерін бағалау қиын. Онда үлкен өнеркәсіп күші, ірі ғылыми күштер, халық шаруашылығының әртүрлі салаларынан жоғары білікті мамандар; еуропалық жазушылар, суретшілер, музыканттар ізгілік мәдениеттің әлемдік қоймасына бұрынғыша мол үлес қосуда.

Басты еуропалық интеграциялық бірлестік болып Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ танылған. Олардың екеуі де әртүрлі әдістермен болсын білім беруді дамытудың жалпы еуропалық тенденцияларының қалыптасуына әсер етеді.

Еуропа Кеңесі 1949 жылы қалыптасқан. Оған алдымен 10 батыс еуропалық мемлекеттер кірді, кейін оның саны үнемі артып отырды.

Еуропа Кеңесінің қызметі интеграциялық үрдістердің әртүрлі гуманитарлық аймақтардың дамуы мен білім беру орындарының басшылары мен педагогтарының бағыт-бағдарына белгілі бір әсер етеді. Оның моральдық әсері де зор.

Интеграция оған кіретін мемлекеттердің экономикасы мен саясатының барлық бөлігіне кіреді, олардың арасындағы қарым-қатынас жүйесінің бөлінбес бөлшегі болды.

Еуропалық Кеңестің одан әрі дамуының маңызды бір шарты-білім беру интеграциясы, ол батыс еуропа елдерінің жақындау үрдісін бейнелейді және оның одан әрі дамуына жағдай жасайды. Білім беру аймағында интеграцияның жеделдеуіне ерекше ұлттықтан жоғары механизм қалыптасқан.

Батыс Еуропалық интеграциядағы маңызды мәселенің бірі-тіл. Тілдік барьерді жеңу білім беру жүйесіне тиесілі.

Интеграцияның маңызды міндеттерінің бірі- еуропа халықтарының рухани жақындауына әсер ету, сақталған өзара өкпе, сенімсіздік, ұнатпаушылық стереотипін жеңу. Еуропалық сананы қалыптастыру ойлары ұсынылуда.; бұл батыс еуропа халқыны өзін тек неміс, француз немесе ағылшын деп түсінбей, ең алдымен еуропалық екенін түсіну керек.

Батыс елдерде интеграция үрдісі дамып жатқанда Шығыс Еуропа елдерінде және бұрынғы Кеңестер Одағында 90 жылдарыдың басында өкінішке орай дезинтеграция тенденциялары белең алды.

1997 ж. Қаңтарында ТМД үкімет кеңесі ортақ білім беру кеңістігін қалыптастыру туралы келісімге отырды. Бұл қандай да бір көлемде батыс еуропалық интеграцияның позитивті тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет