Семинар-15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат


Білім беруді ізгілендіру – басым міндет



бет38/43
Дата12.10.2020
өлшемі475,5 Kb.
#65870
түріСеминар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Білім беруді ізгілендіру – басым міндет
Жалпы білім берудің мазмұнын жаңартудың маңызды аспектісі- ізгілендіру, адамгершілік және эстетикалық құндылықтарды, идеологиялық парадигмалардың өзгеруіне ұшырамаған жоғары қоғамдық идеалдарды сақтау мен дамытуға бағыт. Мектептегі білім берудің ізгілік бағдарының күшейту міндеті бірқатар ұлттық және халықаралық құжаттар мен көптеген баспа құралдарда көрініс тапқан.

Білім беру мазмұнын ізгілендіру барлық оқу пәндеріне қатысты, алайда олардың ізгілік «салмағы» бірдей емес. Жаратылыстану мен математика адамгершіліктен нейтальды. Ал олардың мектепте оқылу басқа іс. Жаңа нұсқау адамзаттық факторға көп зейін аударуды ұысынады, адамдар өміріне ғылыми жаңалықтардың қалай әсер ететінін көрсету, бұл курстардың тәрбиелік мәнін пайдалану, оқушыларды ғалымдардың өмірімен, олардың ғылыми ақиқатты таныту жолындағы күресін таныстыра отырып қолдану. Екінші жағынан қазіргі жаратылыстану философияның дамуына, ғылыми танымда әмбебап әдістерді іздеуге бағасыз үлес қосады.

Бірақ білім берудің мазмұнын ізгілендіруде алғашқы рөлді гуманитарлық пәндер ие. Оған қандай мектептегі пәндер жатады дегн сұраққа әртүрлі көзқарастар бар және бүгінгі күнде екі жақты бағыттағы ғылымдар дамуда, олар жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың қилысында пайда болуда. «Физиктер» мен «лириктердің» арасындағы бәсеклестік ҒТТ дәуірінде пайда болды деп санамау қажет. Бұл мәселе тамырын терең тарих қойнауынан алады.

Жарты ғасырлық тарихы бар мысалға жүгінейік. 1837 жылы француз парламентінде орта мектепте жаратылыстану ғылымын оқытуды кеңейту туралы заң жобасын талқылауда атақты диспут болған физик Д.Ф.Араго мен ақын А.Ламартин арасындағы диспут болды. Араго гуманитарлық пәндерді жаратылыстану пайдасына ысыруды талап етті.: «Өнеркәсіп әдемі сөздер мен өлеңдердің көмегімен дамымайды. Білім әрекеттің иқұралы болуы қажет. Сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарын оқу тек материальдық қызығушылықтан емес. Жаратылыстану білімінің жарығы көптеген тұманды сейілтеді, оның әсерінен халық белін жаза алмауда...». Ламартин керісінше заңшығарушыларды мектеп білімінде гуманитарлық пәндердің басым рөлін сақтауды адамгершілік құндылықтарды негізгі сақтаушы ретінде сақтауды жақтады.: «Егер біз оқыстан барлық жаратылыстану білімдерінен айрылып қалсақ, материальды әлем сақталып қалған болар еді, әрине үлкен шығынға кенелген болар еді. Ал егер адам гуманитарлық білім беру сақтайтын ең болмаса бір моралдық ақиқатты жоғалтса, адам және барлық адамзат өлер еді».

Гуманитарлық және жаратылыстану білімдерінің үйлесімі мәселесін танымал ағылшын ғалымы және жазушы Ч.Сноу «Екі мәдениет»мәнерлі формуламен белгіледі, және ол біздің кезімізде өзінің өзектілігі артып отыр. Ол білім берудің мазмұнын анықтауда қиын сұрақтар қойып отыр. Болашақ гуманитар қандай деңгейде жаратылыстану білімінің негіздерімен таныс болуы қажет? Инженер мен агрономның минимальды қажетті гуманитарлық білімі қандай болу қажет?

Бұл мәселенің айналасында ғылыми-техникалық төңкеріс пен оның әлеуметтік салдарын қарама-қарсы бағалауы да көрініс алды.

Технологиялық детерминизмнің жақтаушылары мектептің оқу жоспарында жаратылыстану пәндерінің салмағының әлемдік артуын жақтайды. Олардың ойынша басқа білім аймақтары мифология болып табылады.

Білім берудің мазмұнында гуманитарлық білімінің дәстүрлі рөлін қайта қарауды Ж.Фрустье де жақтады. Оның пікірі бойынша Еуропаның басына түскен трагедиялық жағдайларға (кейбір елдерге тоталитарлық режимнің, екінші дүниежүзілік соғыстың келуі) үлкен жауапкершілікті классикалық гуманитарлық мәдениет ие; ол шындыққа сәйкес емес құндылықтар жүйесін жасады, мифтер мен иллюзиялар таратты, ал оларды жүзеге асыру бұрынғы ғасырларда болмаған жабайы зорлық пен варварлықты тудырды. Сондықтан да жаңа тұлға типі дәстүрлі мәдениет әсерінен біршама босаға дәрежеде болу қажет. АҚШ-та білім беруді ізгілендіру тұжырымдамасының жақтаушылары (Ч.Паттерсон, К.Винберг, А.Комбе) тұлғаның эмоциялық сферасының қалыптасуынңы бірінші дәрежелі маңыздылығын баса көрсетіп еді. Олардың пікірі бойынша интеллекттің дамуы баланы жақсы да, бақытты да қылмайды, ол керісінше тұлғаны кедейлендіреді. Ал эмоцияның дамуы гумандық импульстардың дамуына әсер етеді және күрделі өмірлік жағдайларда этикалық дұрыс шешім таңдауға көмектеседі. Бастысы- сезімді тәрбиелеу, альтуризм мен эмпатияның бекуі. Мұны мектеп бағдарламасын құраушылар мен педагог-практиктер басшылыққа алуы қажет. Осындай көзқарасты американдық мәдениеттанушы Т.Роззак ұстанады. Өзінің «Тұлға-Планета» кітабында ол үлкендер өздерінің балаларының интеллектуальтдық дамуын ғана ойлайды, болашақ қызметке тар функционализм тұрғысынан даярлайды, эмоциональдық тәрбиенің міндеттерін дұрыс бағаламай отыр. Американдық мектепті сынау Роззак байқағанындай неге Джонни жылдам оқи алмайды және сауатты жаза алмайдыға тіреледі. Бұл әрине жаман, бірақ неге адамгершілік-эмоциональдық сферасын ойламаймыз? Неге бізді үнемі Джоннидің жүйке қысымымен жүретіні, босай алмайтыны, агрессиясын және қызғанышын баса алмайтыны, сенім мен нәзіктігін бейнелей алмайтыны, өзін-өзі жүзеге асрыра алмауы толғандырмайды?




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет