Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 45сағат СӨЖ 45 сағат


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет4/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,61 Mb.
#13117
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Тәнтану биологиясының мазмұнына сипаттама бер.

2. Тәнтану биологиясының нешінші кластарды қамтыған.

3. Тәнтану биологиясында өткізілетін зертханалық жұмыстарды ата.

4. Зертханалық жұмыстардың сабақтағы орынын анықта.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Е.П.Брунов. «Уроки по анатомии,физиологии гигиене человека» Просвещение 1968г.

2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

13 дәріс



Тақырып: Тіршіліктану курсынын оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары

1.Тіршіліктану пәнінің міндеті және мазмұны

2.Тіршіліктанудағы оқу материалдарын іріктеу принциптері.

Дәріс мақсаты: Тіршіліктану курсының мектепте оқытылуының ерекшеліктеріне тоқтай отырып, жаңа ұғымдарға сипаттама беру,тәжірбиелерге тоқталу.

Ұғымдар:оогенез,сперматогенез,жасуша химизімі.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1.Тіршіліктану пәнінің міндеті және мазмұны.

Тіршіліктану курсы 10-11кластарда оқытылады.Пәннің негізгі міндеті-оқушыларға тірі ағзаның негізгі заңдары мен қасиеттерін,ағзаның жеке және тарихи дамуын түсіндіреді,биологиялық құбылыстар мен процестерді және биология ғылымының келешегіне тоқталады. Тірш. курсы басқа пәндермен,әсіресе химия мен тығыз бай-ты.Курс үлкен ғылыми материалдарды қамтиды.Тірш-у курсының алдына оқушыларға тиянақты білім беру ғана емес, оқып отырған материалға толық сенім туатындай етіп тәрбиелеу міндеті қойылған. Тірш. курсының мазмұны бүгінгі таңғы биология ғылымының осы заманғы даму дәрежесіне сәйкес келеді.Бұл курста табиғатта үнемі жүріп отыратын табиғи сұрыпталу процесі нәтижесінде түрлердің пайда болуы Дарвин ілімін баяндау мәселесі қалпына келтірілді.Дарвиннің өзі түсіндіргендей тіршілік үшін күрес-түрлі формадағы биологиялық бәсеке қарастырылады. Жалпы биология курсының жаңа мәселелерін қамтитыны,және биология ғылымдарының негізін сақтайтындығы айқын көрінеді.Тірш-у курсының мазмұны 1-1не байланысты мынадай тақырыптарды қамтиды.1.Кіріспе.2.Цитология негіздері.3.Жасушаның құрлысы мен қызметі.4.Жасушадағы зат алмасу.5.Ағзалардың көбеюі және жеке дамуы.6.Генетика мен селекция негіздері.7.Өзгергіштік.8.Эволюциялық ілім.9.Органикалық дүниенің даму жолдары. 10.Адамның шығу тегі.11.Экология және биосфера туралы ілім.12.Биосфера эволюциясы.

Тақырып соңында пысықтауға арналған сұрақтар,тексеруге арналған сұрақтар,зертханалық жұмыстар берілген.Оқушылар өте күрделі тақырыптарды меңгеруге тірі табиғат дамуының жалпы теориясы білімімен,оргаиикалық дүниенің дамуы туралы біліммен қаруланады.

Курстың мазмұны тірі табиғат дамуы заңдылығын зерттеудің төрт дәрежесіне –жасушалық,молекулалық,ағзалық және ағзадан тысқары сүйенеді.



2.Тіршіліктанудағы оқу материалдарын іріктеу принциптері

Тіршіліктану курсының материалдары педагогикалық талаптарға сай дұрыс іріктеліп құрылған.

Тіршіліктану курсын өткенде өсімдіктану,жануартану,тәнтанудан алған білімдеріне сүйену керек болады.Курста тақырыптарды өту тәртібі сабақ оқыту кезінде түсінікті дамыта беру жөніндегі әдістемелік теорияның талаптарына сай келеді. «Органикалық дүниенің дамуы»тақырыптарын өткенде табиғатқа,мектеп оқу-тәжірибе аймағына топсеруен жасауға барлық курс тақырыптарын өтуге қажет табиғи материалдар жинауға үлкен мүмкіншілік туады. Бұл аталған тақырыптарды күзде –курс басында өту уақытына қарағанда өткен класқа жақын және сондықтан оқушылардың бұдан бұрынғы жылдары басқа биологиялық пәндерден алған білімдерін қортуға және толық пайдалануға мүмкіндік береді.Мұғалімнің бірінші міндеті органикалық заттар жөніндегі оқушылардың басқа биологиялық курстардан алған білімін әсіресе тәнтанудан алған білімін пайдалану болып табылады.Кейін оқытушы био-қ маңызды заттар туралы ең қажетті химиялық білім көлемін іріктеп алады да,олардың химиялық мәніне тоқталмай қорытынды жасайды. (мыс: ақуыз,нуклейн қыш..химияда оқиды)Оқушылардың бейорг.-қ химиядан алған білімдерін пайдаланады. Осылайша жасуша химизмі түсіндіру жеңілдейді.Мыс:нуклейн қыш-ы молекуласы- ның құрлысын түсіндіру қиынға соқпайды себебі ол оқушыларға көмірсу құрамы-өсімдіктанудан, фосфор қыш.қалдығы бейорг-қ химиядан белгілі.Курс оқу пәні ретінде мазмұны әдістемесі және материалдарды орналастыру логикасы оқушылардың жас ерекшелігіне,ақыл-ой жетілуі дәрежесіне сай келеді.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1. Тіршіліктану биологиясының мазмұнына сипаттама бер.

2. Тіршіліктану биологиясының нешінші кластарды қамтыған.

3. Тіршіліктану биологиясында өткізілетін зертханалық жұмыстарды ата.

4. Зертханалық жұмыстардың сабақтағы орынын анықта.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Т.Қасымбаев.«Тіршіліктану оқулығы»А, «Мектеп»2002ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

14 дәріс



Тақырып: : Экология пәнін оқыту эдістері

1.Мектеп экологиясының мазмұны

2.Экология сабағының құрылымы және пәнаралық байланыстары

Дәріс мақсаты: Мектеп экологиясының бүгінгі таңғы құрлымына,мазмұнына тоқталу.

Ұғымдар:экология,биосфера,ноосфера.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.Мектеп экологиясының мазмұны.

Қазақстанның егеменді ел болуына байланысты қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесі мен оның сапасына күрделі өзгерістер тудырады.Оның үстіне мектеп құрлымы өзгеріп білім беру саласының алдына жаңа реформалар жасауды талап етті.Оқытуды жақсарту үшін білім берудің жаңа құрлымын мемлекеттік стандартын жасау қажет болды.Мектепте білім берудің мазмұның критерийлерін пәндер мазмұнын өзгерту жаңа бет бұрыстарды өмірге әкеледі.

Экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа деген сын көзқарасын қалыптастырмай жүзеге асуы мүмкін емес. Осыған байланысты оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып технологиясын жетілдіріп отыруы қажет.Солардың бірі проблемалық жағдайлар туғызу арқылы білім беруді дамыту.Оның түп мақсаты көтерілген фактымен құбылыстарды шешудегі оқушының білім қорының жетіспеу қиындығын туғызу. Экологиялық білім берудің бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру үшін оның үздіксіз ұстанымын жүзеге асыру қажет.Экология курсын пән ретінде оқытудың 1-10сыныптарға арналған мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру керек. Бұл 21ғасырдың күн талабына сай болып келеді.

2.Экология сабағының құрылымы және пәнаралық байланыстары.

Экология пәнін оқыту барысында оқушыларға білім,тәрбие және ой-өріс дамытатын педагогикалық ғылым.ЭОӘ-ның мақсаттары:Пәнді оқытудағы міндеттерін анықтап алу.Әдістеме алдымен не үшін оқыту керек деген сұраққа жауап береді.Экология пәнінің мазмұны мен мақсаты дидактикалық талапқа сай болуы тиіс.Яғни,нені үйренеміз. Оқытудың жаңа әдістерін формаларын анықтау.Қалай оқытамыз.Оқушылар қалай қабылдайды.Яғни,оқушылар қалай оқиды.Экологияны оқыту әдістемесі үш қызмет атқарады:білім беру,тәрбие беру,дамыту.Оқушылардың экология ғылымын өз еріктерімен оқып-үйренуге баулуға;оқушылардың ғылыми материалистік көз-қарасын қалыптастыру;

Табиғат заңдарын сүюге,қорғауға үйрету,білімді меңгеруге ынтасын арттыру.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1.Мектеп экологиясының мазмұны қандай.

2.Экология сабағының құрылымы және пәнаралық байланыстарын ата.

Пайдаланылатын әдебиеттер

Әдебиет:С.Д:Дерябо «Экологическая педагогика ипсихология» Ростов-на-Дону«Феникс1996

15 дәріс

Тақырып: Мектептегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері

1.Білім берудің негізгі түрі сабақ.

2.Оқыту әдісінің мазмұны мен мәні.

Дәріс мақсаты:Мектептегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне сипаттама беру және олардың арасындағы байланысқа тоқтау.

Ұғымдар:сабақ,жаңа материал,қортындылау,бекіту.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1.Биологияны оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары.

Әдетте ұйымдастыру бөлімінде сәлемдесу, оқушылардың жабдықтардыңкласс бөлмесінің сабаққа әзір екенің тексеру, келмей қалғаның аңықтау. Жұмыс жоспарын хабарлау енеді. Ұйымдастыру бөлімнің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын туғызу. Сабақтың кезекті элементі үйге берілген тапсырманы тексеру. Ол қойылған мақсатқа қарай әртүрлі әдістермен өткізіледі. Мысалы:жеке дара шаппай немесе қарама жауап алу. Ауысша тексеру арқылы өткізуге болады. Әсіресе жекелеп сұрау көп қолданылады. Сабақтың үш элементі жаңа материалды баяндау. Ол мұғалімнің баяндауынан, әңгімесінен көрнекіліктерді көрсетуінен, демонстрациялаудан және оқушылардың өздігінен жұмыс істеумен араласып отырған сөздік көрнекілік әдістері арқылы өтеді. Сабақтың 4 элементі жаңа материалды бекіту. Оны кейде алғашқы немесе ілеспелі бекіту деп атайды. өйткені ол жаңа материал баяндалған сол сабақ үстінде жүргізіледі. Ол мұғалімнің оқушыларға ең басты деген көңіл аударуларына көмектесетін сұрақтар қоюы арқылы жүреді. Ол сұрақтарға оқушылар жаңа ғана алған білімдерін қолданып, жауап береді. Кейбір жағдайларда жаңа материалдар бұрын меңгерілген біліммен де байланысты болады. 5 элементі үйге тапсырма беру. Сабақтың бұл бөліміне тапсырманың мәнін және егер қажет болса, оны орындау жолын түсіндіру. Оны мұғалімнің тақтаға ол оқушылардың дәптеріне, күнделіктеріне жазуы енеді немесе тапсырманы ауысша айтуғаболады. Сабақтың 6 элементі оның аяқталуы. Ол ұйымдасқан түрде өтуге тиіс. өйткені сабақ мұғалімнің айтуы бойынша ғана бітеді.егер мұғалім сабақта жаңа күрделі материалды талдамақ болса, ол үй тапсырмасын тексермей сұрауды жаңа материалды оның алдынан өтілгенмен байланыстырады.



2.Биологияны оқыту түрлерінің арасындағы байланыс

Негізгі білім немесе білімді тексеру, қорытынды. Білімді тексеру сабағы тақырыпты қаншалықты меңгергенің білу үшін және қай бөлімдерді нашар игергенің аңықтау мақсатымен жүргізіледі. Білімді тексеру сабағы оқушылардың іскерлігін байқау, ұзақ уақыт, ай, тоқсан ішінде материалды қаншалықты және терең меңгергенің аңықтау білімді тексеру, ауысша сұрау жйне жеке сұрау әдістерін пайдаланып, ол жазбаша түрде биологиялық диктант, сарамандық жұмыстар арқылы өткізуге болады. Биология курсында сабақтың әртүрлітиптер ара- қатынасы бірдей емес. Ол курсчтың мақсатына оқу- тәрбиелік мақсаты байланысты. Дегенмен жаңа материалды оқыту сабағы мен түсіндіру лабораториялық сабақ сияқты көбірек қолданылады.Сабақтың әртүрлі типтері мен түрлерінің құрлымы оқу материалының мазмұнына дидактикалық мақсаты әртүрлі әдістемелік құралды пайдалануға байланысты. Сабақтың кез- келген типінен оның буындары арасындағы байланысты аңықтаудың уақытты дұрыс бөлудің оның басты дидактикалық мақсаттарына бағынуының мәні зор. Ондай болмаған жағдайда сабақтың жалпы жүйесі бұзылады. Ол ұғымдардың дамуына оқушылардың ғылыми дүние-танымдық көзқарасының қалыптасуына теріс әсер етеді.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар.

1. Биологияны оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама бер.

2.Биологияны оқыту түрлерінің арасында қандай байланыс бар.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии

16 дәріс

Тақырып: Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабақ.

1.Сабақтың сипаттамасы

2.Сабақтың түрлері мен типтері

Дәріс мақсаты: Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабаққа және оның типтеріне,түрлеріне сипаттама беру.

Ұғымдар:сабақ,түрлер,типтер.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны. 1.Сабақтың сипаттамасы

Сабақ мемлекеттік бағдарламаға тұрақты сабақ кестесіне сай мектеп оқу орындарында бірдей жастағы балалар ұжымы мен мұғалімнің ұйымдастырған оқу- тәрбие жұмысы. Биология сабағында мұғалімнің басқаруымен оқушылар, жүйелі мемлекеттік бағдарламалардың тобына сай теориялық білім практикалық дағды білікті алуы және жан- жақты жеке дамуы жүзеге асады. Сабақта жас ұрпақтың дүниетанымдық негізі қаралады. Негізгі оқу материалы сабақта оқылады. Онымен басқа биологияны оқыту түрлерімен ( топ серуен ) тәжірибе қою, тірі табиғи бұрышты бақылау, кеш өткізу сыныптан тыс оқу байланысты. Сабақта мұғалімнің басқаруымен оқушылар білімнің қарапайым сатысынан күрделіге аяқ басады. Логикалық ойлауға үйренеді. Биологиялық ұғымның құрамын ескере отырып, мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу материалын берудің әдісін тандайды. Сол сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз етеді. Жергілікті жердің маусымдық ерекшелігіне байланысты мұғалім қандай үлестірме құралдарды міндетті түрде жинап алу қажет, тірі табиғат бұрыш үшін қандай өсімдіктер мен жануарларды қай уақытта жинап алу қажет, қай кезде топ серуен өткізуге мұражайға баруға болады соның барлығын ескеру қажет.Мұғалім қандай сарамандық жұмыс тәжіребелерді дасап, демонстрациялауды сабақты қай кезінде пайдалану қажеттілігі ғылыми кеш, конференция өткізуге болады, қай әдебиеттерді, сыныптан тыс оқуға ұсыну қарастыру қажет. Барлығын алдын- ала қарастырып жоспарлауы қажет. Тақырыпқа сағаттарды бөлу, жылдық жоспар құру кезінде өтілу мерзіміне мейрамды күндер тура келсе, оны ескеру керек. Мұғалім тақырып бойынша бағдарламалардан ауытқуы мүмкін. 1 сағат 2 сағатқа көбейтуге көп сағат берілгендерді азайтуға.



2.Сабақтың түрлері мен типтері

Сабақтың негізгі екі түрі бар: дәстүрлі және дәстүрсіз. Әрбір сабақ белгілі класс үшін дәл осы пән бойынша өткізілетін сабақтар жүйесіне ене отырып, сонымен бірге оқу процесінің аяқталған буыны болып табылады. Сабақ типологиясы әрі қиын, әрі күрделі мәселе. Оның типологиясы мен құрлымы туралы педагогикалық баспасөз беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Педагогикалық тұрғыдан алғанда биология сабағының типтері төмендегідей: - кіріспе - жаңа білімді игеру - білімді қабылдау және бекіту

- білімді тексеру - білімді қайталау және қорыту .Сабақ біртұтас бола отырып, мұғалімнің класпен жүргізетін жұмысынын оп- оңай бөлшектенетін біртұтас кезендерінен тұрады. Сабақтың оңай ажыратылатын бұл бөлімдері сабақ элементтері деп аталады. Кейбір сабақтарға элементтердің барлығы ал екіншілеріне тек кейбірі ғана енеді. Қазіргі кезде сабақ құрлымына аса көңіл бөлінуде. Сабақ құрлымы сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін оның элементтерінің жиынтығы. Әрбір сабақтың құрлымы оның мақсатына, оқылатын материалдық мазмұнына, оқытудың әдістері мен тәсілдеріне оқушылардың дайындық деңгейіне тәуелді болады. Әртүрлі сабақтар құрлымыныңұқсас болуы мүмкін емес, ең алдымен құрлымына барлық негізгі элементтер енетін аралас типті сабақты таңдап көрелік. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:Ұйымдастыру кезені. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Жаңа материалды баяндау. Жаңа материалды бекіту, қорытындылау.Үйге тапсырма.Бағалау.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1.Сабақ дегеніміз не,сипаттама бер.

2.Сабақтың қандай түрлері бар.

3.Сабақтың қандай типтері бар.

4. Сабақтың типтері мен түрлерін дұрыс таңдаудың маңызы неде.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии

17 дәріс

Тақырып: Сабаққа дайындық

1.Сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері

2.Мұғалімнің сабаққа дайындығы, еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы

Дәріс мақсаты: Сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін анықтау және оны жүзеге асырудағы мұғалімнің орнын көрсету.

Ұғымдар: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1.Сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері

Сабақтың тиімділігі жоғары болу үшін: мұғалімнің білімі, класс сапасы оқушының сабаққа қызығушылығы оқушымен оқытушының қарым- қатынасы сабақтың кестедегі орны соңғы сабақ кабиниеттің жабдықтауы. Мұғалімнің сабаққа дайындауы:

1. Сабақтың тақырыбын сәйкестендіре отырып, сабақтың әдістері типін таңдау.

2. Мектеп оқулығын ғылыми әдебиеттер методикалық нұсқауларды қарап шығу, керекті материалды іріктеп оқу.

3. Сабақ тақырыбын сәйкестендіре отырып, сабақтың әдістері типін таңдау.

4. Көрнекіліктерді таңдау.

5. Сабақтың құрлымын аңықтау, логикалық жүйелеу.

6. Сабақтың әрбір этапына көңіл бөлу.

7. Сабақтың жалпы жоспарын құру. Олар:

- сабақтың тақырыбы.

- сабақтың мақсатының мақсаттарын ( білім, тәрбие, дамыту)

- әдістерді жазу.

- керекті құралдар, әдебиеттер.

2.Мұғалімнің сабаққа дайындығы, еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы

Конспектінің жақсы жазылуы үнемі жетістікке апармайды. Шындығында да мұғалімнің жоғары практикасы да жүзеге аса бермейді. Сабақтың сапасы мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты. Жаңа материалды игеру сөзге, кесте, схемаларға, т.б байланысты әңгіме барысында оқушыларды үнемі нысанаға алып ілестіріп отыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру, байыту.

- оқушылардың отырған жерінен сұрақ қою, жауабын сабаққа қатысын қадағалау.

- оқушыларды сұрақ берумен жауап беру мәдениетіне үйрету.

- жаңа материалды оқушылар тыңышталған кезде ғана түсіндіре бастау.

- әрбір оқушы назардан тыс қалмауы керек.

- оқушыларды қызықтырып, көрнекі құралдарды пайдалана білу. Оқушылармен өзінді тең дәрежеде ұстауға тырысу.

- қиын жерлерді қайталап түсіндіріп, жаздырып отыру.

- ғаламның соңғы жаңалықтарымен таныстыру.

- материалдың практикасының маңызын айту.

- оқушылардың өз бетінше іздену қабілетін творчестволық қызығушылығын ояту.

- логикалық түрде айтуға дағдыландыру.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1.Сабақтың білімділік мақсаты неде.

2.Сабақтың тәрбиелік мақсаты неде.

3.Сабақтың дамытушылық мақсаты неде.

4 .Сабақтың мақсаттарының арасында қандай байланыс бар.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

18 дәріс



Тақырып: Ойын түрлерін пайдаланып,сабақты құрастыру әдістері.

1.Биологияны оқытудағы ойынның көптүрлілігі.

2.Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орны.

Дәріс мақсаты: Биологияны оқытудағы ойынның көптүрлілігі және биологияны оқыту процесіндегі ойынның орнын анықтап,сабақ өткізуді меңгерту.

Ұғымдар:рольдік ойын,жұмбақ шешу ойыны.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1.Биологияны оқытудағы ойынның көптүрлілігі.

Биология сабақтарында ойын түрін қолдана отырып,сабақты түрлендіріп өткізуге болады.

Ойынды қолдануда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.Ойын элементін пайдалануда оқушылар оқу материалына қосымша материалдар іздейді және ұжымдық іскерліктері артады.Сабақта ойынды әртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады.

2.Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орны.

Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орнын дұрыс анықтай білу,сабақтың мақсатына жетуіне жәрдемдеседі.Өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршіліктану курстарында ойынды сабақ сұрау барысында ,үлкен тарауды қорытындылау кезінде қолдануға болады.Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып,нашар деген оқушының өзін сабаққа тартуға болады.Сондықтанда сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы өте жоғары болады.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ойынды сабақтағы орны,маңызы.

2.Өсімдіктану пәніндегі ойынның орны.

3.Жануартану пәніндегі ойынның орны.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2. «Биология,география және экология» журналы,№2,6,9.2000,2002ж.

19 дәріс



Тақырып: Топсеруен-биологияны оқыту формасы ретінде.

1. Топсеруен түрлері,биологияны оқыту жүйесіндегі орны.

2.Топсеруенді табиғатта өткізу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Дәріс мақсаты Топсеруен түрлері,биологияны оқыту жүйесіндегі орны және ұйымдастыруға қойылатын талаптар туралы әңгімелеу.

Ұғымдар:топсеруен,оқу формасы,мопфология,анатомия.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1. Топсеруен түрлері,биологияны оқыту жүйесіндегі орны.

Мектеп топ серуені мұғалімнің бағдарламаға сай тақырып таңдап табиғи немесе жасанды жағдайда танымдық мақсатта класпен немесе оқушылар тобымен өткізілетін оқу тәрбиесін жұмыс түрі.Топ серуен сабақ жүиесіне кіреді негізі көктемде, күзде өсімдіктанк, жануартану, тіршіліктану курсы бойыншажүргізіледі. Топ серуеннің мазмұны өткен сабақ материалымен өте тығыз байланысты және алынған мәліметтер бақылау және жиналған материалдар нәтижелері келесі көптеген сабақтарда қолданылады. Мұғалім алдын ала жылдық жоспарда топ серуеннің өтілу мерзімін анықтап топ серуеннің тақырыбына сай табиғи құбылыстар мен оқушыларды таныстырады. Бұдан сұрақ туындайды. Ол сұраққа жауап беру үшін қайталауға тапсырма береді, алдын ала матнриалдармен танысады. Топ серуеннің танымдық, тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың білімін тереңдетіп шындайды. Оқушылар өсімдіктер мен жануарларды табиғи ортада көреді. Өсімдік топырақпен байытылған, жануар өсімдікпен байланыстылығын, биоценоз туралы жалпы мәлімет алады. Топ серуенде бұрыннан таныс ағзалар және құбылыстар ұғымын кеңейген түрде қарай топ серуенде оқушылар эстетикалық эмоция сезеді. Табиғаттың әсемдігін көріп, қабылдау олардың отан қабілетін сүюге бастама береді. Топ серуенді өткізу әдістемелерден оқушылар жергілікті жерді бағдарлау, бақылау салыстыру құбылыстарын байланысын білу, керекті обьектті табуға, табиғатын зерттеуге үйретеді. Топ серуенде материалды жинақтап өңдеп оларды алдағы сабаққа, сабақтан тыс, класстан тыс жұмыстарда қолданады. Осыдан оқушылар тірі объектілерді жинап коллекция, кеппешөп жасауға үйретеді.

Әр бір биология курсының топ серуендері өзінше пәнге байланысты ерекшеленеді: өсімдіктану бойынша топ серуен өткізуді тақырыбы «жалпы гүлді өсімдіктермен танысу». Бұл топ серуенде балалар өсімдіктің әрбір мүшелерінің өсімдік үшін ролін гүліне, гүлшоғырына, жеміс, тұқымына мән береді. Жеміс, тұқымының таралуына бақылау өткізеді, тамыр тақырыбында өсімдік және топырақ топ серуенін өткізуге болады. Бұл топ серуенге келесі элементтерді кірістіруге болады: топырақтың 2-3 түрінің құрамымен, онда өсетін өсімдік түрлерімен танысу, түскен жапырақтар топырақ түзетін тыңайтқыштар, шырша, қарағайдың тамыр жүйесінің құрылысы . қысқы топ серуен «өсімдік қыста» бұл топ серуен сабақ тақырыбында өткізуге болады. Оқушылар әр ағаштың діңі мен бұтақтарымен, бүршіктерінің орналасуымен танысады, көктемде жылыжайда өсімдік өсіру жағдайларын топ серуен өткізуге болады. Топ серуеннің мазмұны өсімдіктерге жарық, жылу, ылғалдың қажеттілігі, өсімдіктану бойынша басқа тақырыптпрға да топ серуен өткізуге болады.

2.Топсеруенді табиғатта өткізу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Әрбір топ серуен жергілікті жерді анықтауын бастайды . Оман ба, батпақ па, дала ма, шалғын ба ол лантшафт бөлігіне байланысты өскен өсімдігіне байланысты анықталады. Табиғатта әр бір бұрышының әр маусымында өзіндік әдемілігі болатын оқушыларға түсіндірусіз керек. Кіріспеден соң бақылау орны, мерзімі нақтыланып оқушы материал жинауға кіріседі. Топ серуеннің бастамасы, мұғалім сұрақ қойып оның әнгімелесуімен басталады. Топ серуеннің келесі негізгі бөлімі өз бетімен бақылау жүргізуі бірінші топ серуенде оқушыға кездескен барлық объект атын атап тіркете беруге болмайды. Тек қажетті деген қарапайым 5-10 өсімдік жануар түрлерімен таныстыру керек. өсімдіктің тек бір ғана мән беріп қана қоймай оны біртұтас ағза ретінде онын топ серуен мен байланысында қарастырып кеткен жөн. Топ серуенде тақырыпқа байланысы бар объектілерді көрсетіп, ал тақырыптан тыс объектілерді таныстырудын қажеті жоқ. Анатомиалық, морфологиалық анықтамасын класта сарамандық жұмыста өткізу керек, әсіресе өсімдіктің қандай ортада кездесіп тұрғанын онын бұл жерге қалай таралғаны туралы атап кеткен дұрыс. Мсысалы: бейік ағаштарды тұқым жемістері желмен тарайды. Аласа ағаш бұталарының жемісі құстарымен тарайды, төменгі ярус өсімдік тұқымдары ұсақ жануарлар арқылы таралады. Өз бетімен бақылаудың тапсырмасы келесідей анықтау, өлшеу, сипаттау, тірі материалды жинау оқушының өз бетімен кезінде мұғалім барлығын сыртынан қарап жүреді де белгілі бір синалда барлық оқушылар талқылауға жиналады



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет