Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 45сағат СӨЖ 45 сағат


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет6/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,61 Mb.
#13117
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1. Жануарлар бөлімін ұйымдастырудың маңызы неде.

2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелердің қандай түрлері бар.

3.Қандай жануарлар қолға тез үйренеді.

4.Тамақты дұрыс берудің тиімділігі неде.

5.Оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастырудағы орны.



Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

30 дәріс



Тақырып: Мектептің оку-тәжірибелік аймағында тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау.

1.Егістік бөлімі.

2.Көкөніс бөлімі.

3.Жеміс-жидек бағы.

4.Гүлбақша бөлімі.

Дәріс мақсаты:Өсімдіктер бөлімін ұйымдастыру және оларды бөліп орналастырудың маңызы туралы баяндау.Өз бетімен жұмыс ұйымдастыруға үйрету.

Ұғымдар Егістік,көкөніс,жеміс-жидек,гүлбақша.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.Егістік бөлімі.Бұл бөлімге көкөніс дақылдары ашық жерде немесе беті жабылған жерде өсіріледі.Мектептің дүниетану,өсімдіктану және ауылшаруашылық еңбек сабақтарының бағдарламасына сай 5-6сынып оқушылары өсімдіктермен тәжірбие жұмыстарын жүргізеді.Әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының ылғалға,қоректік заттарға талабы және арамшөптерге төзімділігі әртүрлі.Сондықтан тәжірбие үлескісінде сол айналадағы шаруашы-

лыққа тән ауыспалы егістік жүйесі жүргізілуі тиіс.Ауыспалы егістікті екі бөлікке бөледі:

1)-шісі осы жылғы тәжірбие жүргізілсе,2)-шісі жинақтамалық (коллекциялық)егістік болады.

2.Көкөніс бөлімі.Бұл бөлімде негізгі көкөніс дақылдары ашық жерде немесе беті жабылған жерде өсіріледі.Биология және ауылшаруашылық еңбек сабағының бағдарламасына сәйкес 5-6сынып оқушылары жүргізеді.Бұл дақылдарды міндетті түрде сол жердегі шаруашылыққа тән ауыспалы егіс жүйесімен егу керек.Көкөніс дақылы егілген топырақ бір маусымның ішінде бірнеше рет қопсытылатындықтан топырақ құрамы өзгереді.Сондықтан топырақтың құнарлығын қалпына келтіретін көп жылдық шөптің ауыспалы егіс жүйесі пайдаланылады.

3.Жеміс-жидек бағы.Мектептің оқу-тәжірбие үлескісінде жеміс-жидек бағы үшін басқа бөлімдерге қарағанда аумақты жер бөлінеді.Бақта биология және ауылшаруашылық еңбек сабақтарының бағдарламасына сай 6-7сынып оқушылары жұмыс істейді.Онда сол ауданға тән барлық өндірістік жеміс-жидек және маңызы зор сырттан келген өсімдіктер өсірілуі керек.Өсімдіктердің сорттық құрамы негізгі аудандастырылған және оқу үрдісіне қажетті сорттардан тұрады.Жеміс ағаштарының аралығындағы бос жерлерге бүлдірген,көкөніс дақылдары өсіріледі.Мектептік бақ-оқушылардың тәжірбие базасы.

4.Гүлбақша бөлімі.Мектеп гүлбақша бөлімі негізінен эстетикалық тәрбие үшін пайдаланылады.Гүлдер әсемдігімен жағымды хош иісімен адамды қуанышқа бөлейді,эстетикалық сезім туғызады.Гүлдер өсімдіктану,тіршіліктану сабақтарына сараман- дық жұмыстар қоюға өте қолайлы.Газондар мен гүлкөмбелер мектептің алдындағы көрнекті жерде жолдың екі жағына орналасуы керек.Мектеп гүлбақшасы үшін бір жылдықтардан жұлдызшешек(левкой),қашқаргүл(астра),үлпет(цинния),екі жылдықтардан-дәстүргүл(марга- ритка),және көп жылдықтардан қызғалдақ,жыланқияқ,баршынгүл(гладиус),наурызгүл(геор- гин),бақытгүл(хризантима)сияқты т.б.өсімдіктер алынады.Гүлбақша үшін көбінесе көп жыл- дық өсімдіктер алынғаны дұрыс.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1.Егістік бөліміне қандай дақылдар отырғызылады.

2.Көкөніс бөлімінің өсімдіктерін ата.

3.Жеміс-жидек бағының маңызы неде.

4.Гүлбақша бөлімінің сабақтағы орны.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3. «Биология мектепте»журналы. №2, 2001ж.


6. Практикалық сабақтарының жоспары:



Тақырыбы

Мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Мектептік жаратылыстану оқулықтарын талдау.


1. Мектептік биология оқулықтарын талдау.

2.Биология оқулығы ның талапқа сайлығы, мазмұнының құндылы ғы.

3.Биология оқулықтары ның жүйелілігі.

4.Биология және эколог ияны оқытудағы инно- вациялық технология курсы бойынша қолданылатын әдебиет термен танысу.




1

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.

3.Мектеп бағдарламсы


2

Жаратылыстану пәндеріндегі деңгейлік тапсырмаларды құру әдістемесі.



1. Өсімдіктану пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар.

2. Жануартану пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар

3. Тәнтану пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар

4. Тіршіліктану деңгей лік тапсырмалар.




2

Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж


3.

Биология мен экологияны оқыту процессіндегі сөздік әдістер



1.6-шы сынып оқулығындағы «Кіріспе» бөліміне және «Тірі ағзалар» тақырыбына әңгіме лесуді құрастыру.

2.«Биологиялық ғылымдар» тақырыбы на әңгіме әдісін падаланып конспект жазу.




3

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г. 3.В.И. Кузнецов Уроки биологии 6-7 кл. М. Просвещ. 1991 4.К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.

5.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение 1985.


4

Өркен тақырыптары бойынша физиологиялық мазмұндағы сабақтардың өтілу әдістері.


1. Осы тақырыптағы физиологиялық ұғымдардың көлемі мен мазмұны.

2. Сабақта биологиялық эксперименттерді пайдалану әдістері.

3. Сабақта эксперименттерді меңгеру техникасын мына тәртіп бойынша жазып: а) Тақырыбы, мақсаты

б) Қай сабақта, қалай пайдаланады.

в) Құрал-жабдықтар.

г) Тәжірибені қою мезгілі және оған дайындық.

д) Суретін салу, схемасын сызу.


4

Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

А.В.Бинас и др. Биологический экспермнт в школе М.Просв. 1990

В.А. Тетюрев. Методика эксперимента по физиологии растений. Учпедгиз 1955 г

И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.

А.М. Розенштейн. Самостоятельные работы уч-ся по ботанике. М. Просвещ. 1977г.

В.И. Кузнецов Уроки биологии 6-7 кл. М. Просвещ. 1991 г.




5.

Оқытудың жаңа технологиялары биология және экология сабағында.

1. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологясының ерекшелігі

2.Өсімдіктану пәніне модульді технологияны пайдаланып,сабақ жоспарын құру.




5

А.В.Бинас и др. Биологический экспермнт в школе М.Просв. 1990

В.А. Тетюрев. Методика эксперимента по физиологии растений. Учпедгиз 1955 г

И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.

К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.




6

«Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту әдістері


1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.

2. №15 Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі. жазбаша)

2. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері (жазбаша)


6

Биология. Жануар бөлімі,7-8 кл., 1990

Н.А.Рыков «Зоологияны оқыту методикасы»А,1953ж

Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984

К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981

Г.С.Нога «Мектеп тірі бұрышында қолда өсірілетін жануарлар», 1988

Л.А.Луцкая, А.И.Никишов «Самостоятельная работа по зоологии», 1987 ж.

П.Виниченко «Лабораторные занятии по зоологии», 1978

И.Ф.Филатов «Уроки зоологии», 1981

В.Ф.Шалаев «Методика обучения зоологии», 1979

А.А.Яхонтов «Зоология для учителя», 1975





7

Экология тарауын оқыту әдістемесі.


1. Экология бөлімінің құрылымы және оны оқытудың маңызы

2. №2 «Өзгергіштікті зерттеу» зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі



7

1.Т.Қасымбаев.«Тіршіліктану оқулығы»А, «Мектеп»2002ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

4.Л.П.Анастасова «Самостоятельные работы учащихся по общей биологии»1989г.




8

Оқытудың инновациялық технологияларының ерекшеліктері.



1. Шаталовтың қарқынды оқыту техно- логиясы .

2. Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы бойынша тірек-хабар нұсқасын құру.




8

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.А.И.Никишов «Вне- классная работа по биологии» М, Прос..1974г

4.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.;


9

«Экология»курсында ойын түрлерін пайдалану.


1.«Экология» курсы бойынша белгілі бір таңдаған тақырыптар ыңызға ойын элементін пайдаланып сабақ өткізу.


9

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.А.А.Яхонтов «Зоология для учителя», 1975

3.Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклаассную работу по биологии» М,1978г


10

Генетика және селекция негіздері тарауын оқыту әдістемесі.


1.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы.Осы тарау- да тірек сигналдары арқылы оқыту техноло- гиясын қолдану.

2.Модульды технология ны пайдаланып сабақ конспектін дайындау.



10

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2. «Биология,география және химия»журналдары №15 2000ж,№3 2001ж.




11

Биология сабағында тестілік тапсырма ларды қолдану әдістері.


1.Тест-тапсырмасының өсімдіктану сабағындағы орны.

2.Тест-тапсырмасының жануартану сабағындағы орны.

3.Тест-тапсырмасының тәнтану сабағындағы орны.

4.Тест-тапсырмасының тіршіліктану сабағындағы орны



10

1.А.П.Большаков «Биология занимательные факты и тесты» Изд. Санкт-Петербург 2000г

2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

3.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

4.Б.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991

5.Т.С.Сухова «Контрольные и проверочные работы по биологии» М, Изд.«Дрофа» 1997г


12

Топтық оқыту мен іскерлік ойындар технологиялары.



1. Топтық оқыту мен іскерлік ойындар технологиялары.

2. Іскерлік ойындарды дайындау принциптері .




11

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991


13

Халықтық педагогика – оқу процесінде.


1.Өсімдіктану курсы бойынша халықтық педагогика элементтерін пайдаланып сабақ конспектін құру және өткізу

2.Жануартану курсы бойынша халықтық педагогика элементтерін пайдаланып сабақ конспектін құру және өткізу



12

1.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

2.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991

3. «Биология,география және химия»журналдары №2 ,№6 1999ж,№3 2002ж.

4.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.;

Просвещение 1985.


14

Экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары.


1. Диапозитивтер.

2. Диафильмдер.

3. Оқудың видео жазба- лары.


14

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Жалпы биологияны қалай оқыту керек» А, «Мектеп»1969ж.

3.А.И.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, Просвещение1974г

4.А.А.Яхонтов «Зоология для учителя», 1975

5.А.М. Розенштейн. Самостоятельные работы уч-ся по ботанике. М. Просвещ. 1977г.


15

Мектептің оку-тәжірибелік үлескісінің жұмысын ұйымдастыру


1.Жануарлар бөлімін ұйымдастыру және жануарлардың күтімі

2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелер мен бақылаулар

3.Егістік өсімдіктермен жасалатын тәжірибелер

4.Гүлбақша өсімдіктері мен жасалатын тәжірибе- лер .



15

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.Н.А.Рыков «Зоологияны оқыту методикасы»А,1953ж

3.Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984

4.К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981





Мақсаты:__Тапсырмалар:__Әдістемелік_нұсқаулар'>6. Практикалық (семинарлық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты:

Тапсырмалар:

Әдістемелік нұсқаулар:

Негізгі схемалар, формулалар:

Сұрақтар:
Практикалық сабақ № 1

Тақырып: Мектептік жаратылыстану оқулықтарын талдау.

Мақсаты: Мектептік жаратылыстану оқулықтарын талдау арқылы оқулықтармен танысу.

Тапсырмалар: 1. Мектептік биология оқулықтарын талдау.

2. Биология оқулығының талапқа сайлығы,мазмұнының құндылығы.

3. Биология оқулықтарының жүйелілігі.

4.Биология және экологияны оқытудағы инновациялық технология курсы бойынша қолданылатын әдебиеттермен танысу.



Әдістемелік нұсқаулар: Соңғы, жаңа (жылы) мектеп оқулықтарын пайдалану керек.

Сұрақтар: 1. Мектеп жаратылыстану пәндерінің мақсат, міндеттері.

2. Биология оқулықтарының жүйелілігі қалай құрылған?

3. Экологияны оқытудағы инновациялық технологияның маңызы неде?

Әдебиеттер:

1. Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение

3. К.Өстеміров «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары» А, 2007ж.



Практикалық сабақ № 2

Тақырып:Жаратылыстану пәндеріндегі деңгейлік тапсырмаларды құру әдістемесі.

Мақсаты: Жаратылыстану пәндеріндегі деңгейлік тапсырмаларды құру әдістемесін меңгерту.

Тапсырмалар: 1. Өсімдіктану пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар.(жазбаша)

2. Жануартану пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар .(жазбаша)

3. Тәнтану пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар.(жазбаша)

4. Тіршіліктану деңгейлік тапсырмалар.(жазбаша)

Жаратылыстану пәндеріндегі деңгейлік тапсырмалар төрт деңгейде құрылады. Ресей ғалымы В.П.Беспалько бұл деңгейлерді:

- бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық»,



  • екінші - алгоритмдік,

  • үшінші - эвристикалық

  • төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді.

3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейлі тапсырмаларға:

1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Үшінші деңгейлік тапсырмаларға:

1. Эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері беріледі. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.

Төртінші деңгейлік тапсырмаларға:

1. Алған білімдерін өзбетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар беріледі.



Әдістемелік нұсқаулар: Жаратылыстану пәндеріндегі деңгейлік тапсырмаларды оқулықтан жазу.

Сұрақтар: 1. Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға тән белгілер.

2. Екінші деңгейдегі тапсырмаларға тән белгілерді ата.

3. Үшінші деңгейдегі тапсырмаларға сипаттама бер.

4. Төртінші деңгейдегі тапсырмаларға қандай жағдайда беріледі.



Әдебиет: 1. Мектеп оқулықтары (6-11сынып).

2. Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж



Практикалық сабақ № 3

Тақырып: Биология мен экологияны оқыту процессіндегі сөздік әдістер.

Мақсаты: Сөздік әдіс туралы дәріс материалы бойынша алған білімдерін одан әрі жетілдіру.

Тапсырмалар: 1. 6-шы сынып оқулығындағы «Кіріспе» бөліміне және «Тірі ағзалар» тақырыбына әңгімелесуді құрастыру.

2. «Биологиялық ғылымдар» тақырыбына әңгіме әдісін падаланып конспект жазу.

Сөздік әдіске мына түрлер жатады: Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме, баяндау.

Әңгімелесу сұрақтарға оқушылар мен мұғалімдердің жауап беруі. Мақсатты әңгімелесу сұрақтан туындап, оған жауап берумен аңықталады. Әңгімелесудің нәтижесінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен қорытынды жасап, шешімге келеді. Әңгіме оқушылардың білмейтін оқу материалынан болмау керек. Бұл бос уақыт өткізу. Әңгімелесу қорытынды, қайталау, жаңа сабақта өткен білімді жаңа біліммен байланыстыруда маңызды. Әңгіменің индуктивті құрылымы бірнеше ұқсас объектілер немесе құбылыстарды оқығанда құрылады. Егер материал оқушыға белгілі немесе түпкіліпті белгісіз болса, негізі белгілерден дәлелді, фактілерді табуда әңгіменің дедуктивті құрылымы түзіледі. Мысалы, гүлді өсімдіктердің тұқымда тұқымдасты сарамандық жұмыста әңгімелесу түрлері. Әрі қарай 3-4 тұқымдасты оқу ол дедуктивті. Яғни тақырыпты алғашқы түсіндіруде индуктивті әңгімелесу әрмен оқу материалын қорытындылауда дедуктивті әңгіме жалғасады.

Әңгіме биология сабағында құбылыстарды, процестерді, жаңалықтарды ашылу тарихын, ғалымдардың өмірін айтқанда қолданады. Ол әңгіме педагогикада сөздік, көрнекілік образға ие. Әңгімеде индуктивті болады. Фактілерді қарастырғанда, ал фактілерді қорытындылағанда дедуктивті болады. Әңгімедің түсіндіру ерекшеленеді.

Түсіндіру оқу материалының мазмұны қорытындысын айтуда, дәлелдемелерде қолданылады.

Дәріс орта сыныптарда сабақ бастына жүрмейді, 10-11 сыныптарда тіршіліктануды оқығанда сабақтын түгелімен оқу материалын түсіндірумен шектелмейді. Дәріс кезінде мұғалім оқушыдан сабақ сұрайды, үй тапсырмасын тексереді. 10-11 сыныптарда оқу материалдарының қиындығына байланысты әр түрлі сөздік әдістер қолданылады. Олар бір бірімен байланысты. Мысалы, әңгімелесу-әңгіме, әңгімелесу, дәріс, әңгіме-дәріс кезінде оқушылар сабақтың негізгі сұрағын түсіну керек.



Әдістемелік нұсқаулар: Верзилин оқулығындағы әдістемелік таблицаларды пайдалану.

Сұрақтар:1.Сөздік әдістің оқу процесіндегі маңызы.

2.Сөздік әдістің түрлерін атап,мысал келтір.



Әдебиеттер: 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.

3.В.И. Кузнецов Уроки биологии 6-7 кл. М. Просвещ. 1991 г.

4.К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.



Практикалық сабақ № 4

Тақырып: Өркен тақырыптары бойынша физиологиялық мазмұндағы сабақтардың өтілу әдістері.

Мақсаты: Өркен тақырыптары бойынша физиологиялық мазмұндағы сабақтардың өтілу әдістерімен танысу және қою.

Тапсырмалар: 1. Осы тақырыптағы физиологиялық ұғымдардың көлемі мен мазмұны.

Төбе-өркеннің ұшында орналасқан бүршік. Қолтық-өсімдіктің төменгі бөлігіндегі майда бүр- шіктер.Қосалқы-кез келген мүшенің әр жерінен дамыған бүршік.Жанама-жапырақ қолтығына орналасқан бүршік.Бұйыққан-тыныштық күйге ауысқан бүршік.

2. Сабақта биологиялық эксперименттерді пайдалану әдістері.

Сарамандық әдіс-арқылы қойылған тәжірибені демонстрациялау.

3. Сабақта эксперименттерді меңгеру техникасын мына тәртіп бойынша жазу.

б) Қай сабақта, қалай пайдаланады. Өркен тақырыбы бойынша.

в) Құрал-жабдықтар.

Топырақта өсірілген бұршақтың 3-5күндік өскіні немесе 10-14күндік фасоль,бөлме өсімдігі.

г) Тәжірибені қою мезгілі және оған дайындық.

Жас өркеннің ұзындығынан өсуі-3-7күн; өркеннің әртүрлі сыртқы жағдайларға байланысты өсуі-5-10күн.

д) Суретін салу, схемасын сызу.

Әдістемелік нұсқаулар:Тәжірибелерді демонстрациялау керек.

Сұрақтар:1.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелердің маңызы неде.

2.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелердің орнын қалай анықтаймыз.

3. Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді қою уақыты.

Әдебиеттер:

Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

А.В.Бинас и др. Биологический экспермнт в школе М.Просв. 1990

В.А. Тетюрев. Методика эксперимента по физиологии растений. Учпедгиз 1955 г

И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.

Практикалық сабақ №5

Тақырып: Оқытудың жаңа технологиялары биология және экология сабағында.

Мақсаты: Оқытудың жаңа технологияларын биология сабағында қолданудың әдістемесін меңгеру.

Тапсырмалар: 1. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологясының өсімдіктану пәніндегі орны. 2. Өсімдіктану пәніне модульді технологияны пайдаланып,сабақ жоспарын құр.

Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және ізденушілік элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді. Модульдік оқыту технологиясында оқушылардың оқу қызыметінің нәтижелерін бағалаудың, өзін-өзі және бірін-бірі бағалаудың мәні зор.Оқушылар білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі. Сонымен талқылауға ұсынылып отырған бұл технология: - оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; - таным процестерін дамытуға; - белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға; - тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі белсендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер ететіні сөзсіз. Модуль оқушыда интеллектінің, өз бетімен еңбектену қабілеттерінің, ұжымшылдықтың, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділіктерінің дамуын қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологясының өсімдіктану пәнінен «Өсімдіктердің көбею мүшелері» тақырыбы бойынша қарайық. Тақырыпты тірек-сызбалар арқылы түсіндіру:



  1. Өсімдіктің генеративті мүшелері

  2. Гүлдіңқұрылысы

  3. Гүлдің түрлері, гүл түріне байланысты өсімдіктерді жіктеу

  4. Гүлдің формуласы

5.Гүл шоғырының түрлері

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет