Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 45сағат СӨЖ 45 сағат



бет7/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,61 Mb.
#13117
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдістемелік нұсқаулар: Тірек-сызбалар жоспарын құру үшін берілген әдебиеттерді қолдан.

Сұрақтар: 1. Оқытудың жаңа технологиялары дегеніміз не?

2. Тірек сигналдары арқылы оқытудың тиімділігі неде?



Әдебиеттер: «Биология және салауаттылық негізі» журналдары. №2005,2006,2007. Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.

К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.

Практикалық сабақ №6

Тақырып: «Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту әдістері

Мақсаты: «Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту және омыртқасыз жануарларды өсіру әдістемесін меңгерту.

Тапсырмалар: 1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.

Жауын құртын зерттеу оның сыртқы құрлысымен танысудан басталады.Үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды,жауын құртын оқушыларға үлестіріп беруден бастаймыз.Оқушылар жауын құртының цильиндір пішіндес,буылтық болып келетінін көреді.Жауын құртының сыртқы құрлысын зерттеп болғаннан кейін,ішкі құрлысын қарайды.Тітіркенуге жауап реакциясын бақылау керек.



2. Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі.

Мақсаты:Жауын құртының сыртқы құрлысымен тіршілік әрекеті топырақ арасында тіршілік етуге бейімдеушілігінің басты белгілерімен таныстырып,олардың топырақ түзудегі,құнарлы- ғын арттырудағы рольін түсіндіру.Зертханалық жұмысты нұсқау карточкасы бойынша жүргіземіз. Мына терминдерге түсінік беріледі:целом,параподия,трохофора,гирудин.



3. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері (жазбаша)

Жауын құртын әртүрлі жәшіктерде сақтап,температурасы пльюс3-5градус погрубте сақтайды.Жәшіктің түбіне 1см.құм төсейді.Оның үстіне құнарлы топырақ төсейді.Топырақ- тың үстіне ағаштан түскен жапырақтарды төсеп оның үстіне тағы да топырақ салады. Ең үстіне құм себеді.Құрттарды құмның үстіне төгу керек.Оқушылар құрттардың бірігіп түйдектелуі арқылы едәуір дәптерге ылғалдықты сақтай алатын,рефлекторлық қорғаныс бірлестігін ,соның нәтижесінде тіршілігін ұзарта алатынын бақылады.Содан соң топырақты ылғалдаса болды,құрттар бірте бірте жан жаққа тарап кетеді.



Әдістемелік нұсқаулар: Жауын құртының суретін салу, құрлысының схемасын қолдану.

Сұрақтар: 1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын қалай ұйымдастырасың?

2.Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау үшін қандай жұмыстар жасайсыңдар?

3. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері қандай?

Әдебиет: Биология. Жануар бөлімі,7-8 кл., 1990

Н.А.Рыков «Зоологияны оқыту методикасы»А,1953ж

Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984

К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981

Г.С.Нога «Мектеп тірі бұрышында қолда өсірілетін жануарлар», 1988

Практикалық сабақ №7

Тақырып: Экология тарауын оқыту әдістемесі.

Мақсаты: Экология тарауын оқыту әдістемесін студенттерге меңгерту.

Тапсырмалар: 1. Экология бөлімінің құрылымы және оны оқытудың маңызы.

2. №2 «Өзгергіштікті зерттеу» зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі .



Әдістемелік нұсқаулар: Мектеп оқулығындағы зертханалық жұмысты өткізуге арналған нұсқау бойынша жүргізу.

Сұрақтар: 1. Мектеп экологиясының мазмұны қандай.

2. Экология сабағының құрылымы және пәнаралық байланыстарын ата.



Әдебиет: 1.Т.Қасымбаев.«Тіршіліктану оқулығы»А, «Мектеп»2002ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

Практикалық сабақ №8

Тақырып: Оқытудың инновациялық технологияларының ерекшеліктері.

Мақсаты: Оқытудың инновациялық технологияларының ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Тапсырмалар: 1. Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы(ауызша).

2. Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы бойынша тірек-хабар нұсқасын құру.

Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиенің көптеген жетістіктері бар. Осындай кең арналы, осы заманғы білім берудің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі ерекше. Бұл өз екті мәселеге оқушыға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б.жатады. Шаталовтың басты еңбегі – оқу ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Шаталовтың оқу-әрекетінің негізгі формаларын атап өтелік. Жаңа материалды игеру алдымен мұғалімнің көмегімен түсіндіруін тыңдау түрінде өтіледі. Материалдар да блокты қабылдау жүреді.

Әдістемелік нұсқаулар: Шаталовтың оқу-әрекеті негізіндегі схемасын құр.

Сұрақтар: 1. Проблемалық оқыту дегеніміз не?

2. Проблемалық оқыту маңызы неде?

3. Шаталовтың оқу-әрекетінің негізгі формаларының ерекшелігі неде?

4. Шаталовтың оқу-әрекетінің негізгі формаларын ата.



Әдебиеттер:

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение

3. К.Өстеміров «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары» А, 2007ж.



Практикалық сабақ № 9.

Тақырып: «Экология» курсында ойын түрлерін пайдалану.

Мақсаты: Экологиялық ойындардың сабақ сапасын арттырудағы маңызына тоқталу.

Тапсырмалар:1.«Экология» курсы бойынша белгілі бір таңдаған тақырыптарыңызға ойын

элементін пайдаланып сабақ өткізу (жазбаша).

Экология сабақтарында ойын түрін қолдана отырып,сабақты түрлендіріп өткізуге болады.

Ойынды қолдануда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.Ойын элементін пайдалануда оқушылар оқу материалына қосымша материалдар іздейді және ұжымдық іскерліктері артады.Сабақта ойынды әртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады.Ойындардың бірнеше түрі бар. Жарыс ойындары, рольдік ойындар, имитационды ойын.т.б. Бұл ойындардың барлығы оқушылардың пәнге, табиғатқа деген көзқарастарын қалыптастырып, экологиялық білімдерін кеңейтеді. Жарыс ойыны - бұл оқушылардың ақыл-ойы мен білімін көрсететін және активтілігі мен шапшаңдығын байқататын түрі.



Конкурс-проектов-табиғатты қорғаудан.Күні бұрын тақырып хабарланады.мыс:қалдықсыз технология,т.б.Прокетаны қорғауға топпен немесе 2-3адам шығады.Баяндамаға-5мин.көрермен пікіріне 2мин.жюри үздік проектана атап жеңімпазды марапаттайды.

Конкурс-кроссвордов-бұндаоқушылар көптеген справочник пен әдеби энциклопедиямен жұмыстанады.

Конкурс-марафон былай жүргізіледі,қатысушылар станция-сатыларынан тұратын маршрутан өтеді.(мыс:орман,өзен,болота,зоопарк,т.б.)Әр-бір станцияда оқушылар тапсырмалар орындайды,сұрақтарға жауап беріп тиісті бағаларын алады.(жетон күйінде)Көп ұпай алған команда жеңеді.Бұнда оқушыларды шапшаңдыққа үйретеді,көптеген команда қатыса алады.

Әдістемелік нұсқаулар:Ойын түрлері студенттерге бөлініп беріледі,берілген тақырыптары бойынша дәстүрсіз сабақ күйінде өткізіледі.

Сұрақтар:1.Ойын сабағының сабақ сапасын арттырудағы маңызы.

2.Жануартану пәні бойынша ойын сабағының орны.

3.Ойын сабағын өткізуде қандай әдіс-тәсілдер қолданылады.

Әдебиет: 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.Л.А.Луцкая, А.И.Никишов «Самостоятельная работа по зоологии», 1987 ж.

3. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклаассную работу по биологии» М,1978г

Практикалық сабақ № 10

Тақырып: Генетика және селекция негіздері тарауын оқыту әдістемесі.

Мақсаты: Генетика және селекция негіздері тарауын оқыту әдістемесін студенттерге меңгерту.

Тапсырмалар: 1.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы.Осы тарауда тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясын қолдану.

Мутация-ағзадағы ДНК мөлшері мен құрлымының өзгеруі.1900ж.Г.Де-Фриз осы терминді енгізді. Тәжірибе жасау арқылы мутацияның берілгіштік қасиеттерін анықтады.Кейін өзгергіш- тіктің барлық тірі ағзаларға тән қасиет екенің дәлелдеді.Мутация құбылысының 4типі бар:геном ды,хромосомалық,гендік,цитоплазмалық.Геномды мутация 2-ге бөлінеді:полиплойдия және гетероплоидия.Хромосомалық мутация 4-ке бөлінеді:жетіспеушілік,инверсия,дупликация,транс- локация.Осы мутация түрлерін тірек ретінде таблицаға енгізу керек.

Н.И.Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштігі гомологтық қатарлар заңын ашты.Бұл заңның қағи- далары:генетикалық жағынан жақын түрлердің және туыстардың тұқым қуалайтын өзгергіштік қатарлары ұқсас болып келеді және олар белгілі бір дұрыс жүйе құрайды.Туыс және түрдің жалпы жүйесіндегі генетикалық жағынан неғұрлым жақын орналасса соғұрлым оңай гомолгтық қатарлар ұқсастығы мол болады;өзгергіштік цикілі туыс пен түрлерде ортақ.

Әдістемелік нұсқаулар: Тірек сигналдары схемасын сызу керек.

Сұрақтар:1.Генетика және селекция негіздері тарауын оқытудағы ерекшелік.

2.Генетика және селекция негіздері тарауына модульдік технологияны қолдану орны.



Әдебиет: 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2. «Биология,география және химия» журналдары №15 2000ж,№3 2001ж.

3. Мектеп оқулығы.

Практикалық сабақ № 11

Тақырып: Биология эәне экология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістері.

Мақсаты: Биология және экология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістерін меңгерту.

Тапсырмалар: 1. Тест-тапсырмасының өсімдіктану сабағындағы орны.

2. Тест-тапсырмасының жануартану сабағындағы орны.

3. Тест-тапсырмасының тәнтану сабағындағы орны.

4. Тест-тапсырмасының тіршіліктану сабағындағы орны



1.Биология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістері.

Оқушыларға сапалы білім беруде бүгінде кеңінен қолданып келе жатқан әдістердің бірі – тест.Тест-ағылшынның бақылау деген сөзінен шыққан.Тест-бақылаудың жаңа әдісі. Тест бүгінде барлық пәндерде қолданылады.Тест арқылы оқушы сұрақ жауабын жалпылама емес нақты жауап беру арқылы білетін болады.Тест жүйесінің артықшылығы:уақытты үнемдеу, пәнді толық қамтиды, жауап қысқа нақты болады.Тест жүйесінің осындай артықшылығына байланысты мектепте,ЖОО-да сынақтық жүйе тест арқылы өткізіледі.Күнделікті сабаққа тест тапсырмасын мұғалім өзі даярлағаны дұрыс.Жалпы бүгінде тест педагогикалық басылымдарда және жеке кітапшалар болып шығуда.Тест-әдісінің бірнеше түрі бар.Оларды тиімділігіне байланысты дұрыс қолдану керек.Тест тапсырмаларын құрылу құрлымына байланысты былай бөлуге болады.1)Дұрыс жауапты таңдау,яғни бір сұрақтың 5жауабының тек біреуі ғана дұрыс.2)Балама тест(альтернативтік),яғни бір сұраққа «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріледі.3).Толықтыру тестісі,яғни сұрақтың толық берілмеген жауабын тауып толықтыру керек.4)Сәйкестендіру тестісі,яғни сұрақтың берілген жауабын тауып сәйкестендіру керек. Тест тапсырмасын шешуге берілетін уақыт оның қиындығына байланысты,1-2 минут уақыт жеткілікті болады. Тестіні түрлендіріп құрастыру мұғалімнің еңбегіне тікелей байланысты. Тестілер оқушының кеңінен ойланып,білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.



Әдістемелік нұсқаулар:әңгімелесу,сұрақ-жауап,тексеру әдістері арқылы сұралады.

Сұрақтар: 1. Тестінің тиімділігі неде сипатта.

2. Тестіні қандай сабақ бөлімінде қолданған ұтымды.

3. Тест тапсырмасын құруда қандай ережелерді ескерген жөн.

Әдебиеттер:

1.А.П.Большаков «Биология занимательные факты и тесты» Изд. Санкт-Петербург 2000г

2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

3.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

4.Т.С.Сухова «Контрольные и проверочные работы по биологии» М, Изд.«Дрофа» 1997г

Практикалық сабақ № 12

Тақырып: Топтық оқыту мен іскерлік ойындар технологиялары.

Мақсаты: Топтық оқыту мен іскерлік ойындардың қызметін студенттерге меңгерту.

Тапсырмалар: 1. Топтық оқыту мен іскерлік ойындар технологиялары (жазбаша)

2. Іскерлік ойындарды дайындау принциптері (жазбаша).

Іскерлік ойындар дегеніміз – болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету. Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынадай қызметтерді орындайды: - Көңіл көтеруші; - Коммуникативті: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру; - Өзіндік жүзеге асыру. Ойынды терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу. – Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процессінде.–Корреция қызметі: тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу. – Ұлтаралық коммуникациялық қызмктібойынша: барлық адамға ортақ әлеуметтік мәдени құндылықтарды меңгеру. - Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне бекіту. Ойын құрылымына ооның процесі ретінде; 1.ойнаушының өзіне алған ролі; 2. осы рольдер реализациясының қоспасы ретінде ойын іс-әрекеті; 3. пәндерді ойын түрінде пайдалану; 4.ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;5.сюжет(мазмұн)– ойындағы «шындық аумағы».

Әдістемелік нұсқаулар: Іскерлік ойынды жүргізу әдістемесін дәптер жазу.

Сұрақтар: 1. Топтық оқыту мен іскерлік ойындар туралы түсінік бер.

2. Дидактикалық ойынның құрылымдық принциптерін ата.

3. Іскерлік ойындардың маңызы неде?

Әдебиет: 1. К.Өстеміров. «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары» А, бет50. Практикалық сабақ № 13

Тақырып: Халықтық педагогика – оқу процесінде.

Мақсаты: Оқу процесіне халықтық педагогика элементтерін қолдана отырып ,қазақ халқының салт-дәстүрлерін сабаққа пайдалану барысындағы әдіс-тәсілдерді меңгеру.

Тапсырмалар: 1. Өсімдіктану курсы бойынша халықтық педагогика элементтерін пайдаланып сабақ конспектін құру және өткізу.

2. Жануартану курсы бойынша халықтық педагогика элементтерін пайдаланып сабақ конспектін құру және өткізу.



Әдістемелік нұсқаулар: Халықтық педагогика элементін қолданып бір сабақтың конспектісін құру. Сұрақтар: 1. Жаратылыстану сабақтарында халықтық педагогика элементтерін қолданудың маңызы

неде? 2. Халықтың педагогиканың бала тәрбиесіндегі орны қандай?

3. Халықтың педагогиканың экологиялық білім берудегі қызметі қандай?

Әдебиеттер: 1. Зверев И.Д. Общая методика преподования биологии – М.; Прос..1985

2. «Биология және салауаттылық негізі», «Биология Қазақстан мектебінде» журналы.



Практикалық сабақ № 14

Тақырып: Экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары.

Мақсаты: Экрандық және экрандық-дыбыстық құралдарды қолдану әдістемесін меңгерту.

Тапсырмалар: 1. Диапозитивтер.

2. Диафильмдер.

3. Оқудың видео жазбалары.

1. Диапозитивтер. (слайдтар) – бұлар статикалық экрандық көрнекілік құралдарына жатады. Олар оқылатын пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты көп мәселелерді қамтиды. Диа-тегі бейнелер плакаттардағы бейнелерге қарағанда әлдеқайда жақсы қабылданады, себебі экран көлемінің үлкен болуы мен оған түсірілетін жарыққа байланысты бейнелердің көріну сапасы өте жоғары болып келеді. Диа-тер қолдануға өте тиімді болып келеді және олардың көмегімен кадрлардың көрсетілу ретін қалаған кезде өзгертуге де, ал қажет болмаған жағдайда серияларды толық көрсетпеуге де болады. Диа-тер көмегімен бейнені, графикалық схеманы, символикалы және тексті информацияларды көрсетуге болады, олар қара-ақ, түсті де болуы мүмкін.Диа-терді кез келген жылдамдықпен көруге болады. Демек, мұғалімге көрсетілген материалды оқушылардың қабілетіне қарап реттеуіне болады. Диа-тер көмегімен кабинетте не шеберханада жиып көрсетуге мүмкін емес қондырғыларды көрсетуге де болады.Диа-тер арқылы үй тапсырмасын тексеру оңай, олардың керектілерін ғана көрсете отырып, сұрақ қоюға мүмкіндік бар. Диа-терді көрсетуді мұғалімінің басқаруына болады, әрбір кадрды қанша уақыт болса да талқылап, проблемалық ситуациялар туғызуға болады. Атақты ғалымдарға, музейлерге, қалаларға, сурет галереяларына арналған сериялы диа-тер оқушылардың дүниетанымдылығын кеңейтіп, эстетикалық талғамдарын арттырады.

2. Диафильмдер. Бұл да статикалық оқу құралдарына жатады.Бұл оқу құралында бейнеленетін материалдардың автордың әдістемелік идеяларына байланысты көрсетілетін кадрлардың өзіндік ретін қарастыратын өзіндік құрылымы болады.Диафильмдер өте әсерлі экрандық құрал болып табылады. Олар фото әдісімен жасалынады. Жарық өткізгіш лента бетіне түсіріліп, әр кадры бірінен соң бірі жалғасып мөлшері қара-ақ және түсті диа-р 35мм-лік кинофотопленкасына шығарылады. Диа-дің негізгі кадрының мөлшері 18 де 24мм, қосымшасының 24 те 36мм. Қазіргі кезде диапроекторлар шығарыла бастады, бұлар диаф-дің дидактикалық мүмкіндіктерін кеңірекпайдалануға көмектеседі. Қазіргі диапроекторлардың жарық күшінің көптігі диаф-дерді қараңғыланбаған бөлмелерде көрсету мүмкіндігін туғызып отыр, ал оқушылар болса, мұндай көріп отырып та өз дәптеріне жазу, сызу жұмыстарын қатар жүргізе алады. 3. Оқудың видео жазбалары. Оқудың вид.жаз-рының кино,радио, телевидение, диаф-р, диапозитивтер сияқты жекелеген экрандық-дыбыстық оқу құралдарына тән болып келетін хабарлардың барлығын да біріктіре алатындай мүмкіндігі бар. Видео жазбалар оқытушылар мен оқушылардың оқу процесіне қажетті маңызды материалдарымен қатар білім берудің мазмұндық-хабарламалық, уақытша параметрлері мен ұйымдастырушылық және әдістемелік тәсілдерін де таңдап алуларына жол ашып береді.

Әдістемелік нұсқаулар: Әдебиеттерді, дәріс материалын пайдаланып ауызша жауап бер.

Сұрақтар: 1. Диапозитивтерді сабақта қолданудың маңызы неде?

2. Диафильмдерді қолдану оқу барысында қандай нәтиже береді.

3. Оқудың видео жазбаларын қолданудың бүгінгі таңдағы мүмкіндігі қандай?

Әдебиеттер:1.К.Өстеміров. «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары»А, 106бет

Практикалық сабақ № 15

Тақырып: Мектептің оку-тәжірибелік үлескісінің жұмысын ұйымдастыру.

Мақсаты: Мектептің оку-тәжірибелік үлескісінің жұмысын ұйымдастыруды меңгерту.

Тапсырмалар: 1. Жануарлар бөлімін ұйымдастыру және жануарлардың күтімі (ауызша)

2. Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелер мен бақылаулар (ауызша).

3. Егістік өсімдіктермен жасалатын тәжірибелер (ауызша)

4. Гүлбақша өсімдіктерімен жасалатын тәжірибелер (ауызша)



1.Егістік бөлімі.Бұл бөлімге көкөніс дақылдары ашық жерде немесе беті жабылған жерде өсіріледі.Мектептің дүниетану,өсімдіктану және ауылшаруашылық еңбек сабақтарының бағдарламасына сай 5-6сынып оқушылары өсімдіктермен тәжірбие жұмыстарын жүргізеді.Әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының ылғалға,қоректік заттарға талабы және арамшөптерге төзімділігі әртүрлі.Сондықтан тәжірбие үлескісінде сол айналадағы шаруашы-

лыққа тән ауыспалы егістік жүйесі жүргізілуі тиіс.Ауыспалы егістікті екі бөлікке бөледі:

1)-шісі осы жылғы тәжірбие жүргізілсе,2)-шісі жинақтамалық (коллекциялық)егістік болады.

2.Көкөніс бөлімі.Бұл бөлімде негізгі көкөніс дақылдары ашық жерде немесе беті жабылған жерде өсіріледі.Биология және ауылшаруашылық еңбек сабағының бағдарламасына сәйкес 5-6сынып оқушылары жүргізеді.Бұл дақылдарды міндетті түрде сол жердегі шаруашылыққа тән ауыспалы егіс жүйесімен егу керек.Көкөніс дақылы егілген топырақ бір маусымның ішінде бірнеше рет қопсытылатындықтан топырақ құрамы өзгереді.Сондықтан топырақтың құнарлығын қалпына келтіретін көп жылдық шөптің ауыспалы егіс жүйесі пайдаланылады.

3.Жеміс-жидек бағы.Мектептің оқу-тәжірбие үлескісінде жеміс-жидек бағы үшін басқа бөлімдерге қарағанда аумақты жер бөлінеді.Бақта биология және ауылшаруашылық еңбек сабақтарының бағдарламасына сай 6-7сынып оқушылары жұмыс істейді.Онда сол ауданға тән барлық өндірістік жеміс-жидек және маңызы зор сырттан келген өсімдіктер өсірілуі керек.Өсімдіктердің сорттық құрамы негізгі аудандастырылған және оқу үрдісіне қажетті сорттардан тұрады.Жеміс ағаштарының аралығындағы бос жерлерге бүлдірген,көкөніс дақылдары өсіріледі.Мектептік бақ-оқушылардың тәжірбие базасы.

4.Гүлбақша бөлімі.Мектеп гүлбақша бөлімі негізінен эстетикалық тәрбие үшін пайдаланылады.Гүлдер әсемдігімен жағымды хош иісімен адамды қуанышқа бөлейді,эстетикалық сезім туғызады.Гүлдер өсімдіктану,тіршіліктану сабақтарына сараман- дық жұмыстар қоюға өте қолайлы.Газондар мен гүлкөмбелер мектептің алдындағы көрнекті жерде жолдың екі жағына орналасуы керек.Мектеп гүлбақшасы үшін бір жылдықтардан жұлдызшешек(левкой),қашқаргүл(астра),үлпет(цинния),екі жылдықтардан-дәстүргүл(марга- ритка),және көп жылдықтардан қызғалдақ,жыланқияқ,баршынгүл(гладиус),наурызгүл(геор- гин),бақытгүл(хризантима)сияқты т.б.өсімдіктер алынады.Гүлбақша үшін көбінесе көп жыл- дық өсімдіктер алынғаны дұрыс.

Әдістемелік нұсқаулар: Мектептің оку-тәжірибелік үлескісінің схемасын сызу (әдебиеттерден).

Сұрақтар:1. Егістік бөліміне қандай дақылдар отырғызылады?

2. Көкөніс бөлімінің өсімдіктерін ата.

3. Жеміс-жидек бағының маңызы неде?

4. Гүлбақша бөлімінің сабақтағы орны.

Әдебиеттер: 1. Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М, Прос..,1972ж.

2. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.;Просс.:1985



7. СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

1 апта

СОӨЖ мазмұны: Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі пәніне кіріспе.

өткізу түрі: минибаяндама

1. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысы.

2. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі пәнінің негізгі проблемаларының даму тарихы.

Әдебиет:

1.Н.М.Верзилин, Корсунская 7-10,14-45 бет

2.Н.М.Федорова Общая методика преподавания биологии» М 19-25бет.

СӨЖ. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі пәнінің негізгі проблемалары.

СОӨЖ 2сағ. мазмұны:.

1. 6 кл биология оқулығына, бағдарламасына анализ.

3. Сабақ жоспары құрылымы.

СӨЖ 2сағ.мазмұны:

1. §2 Биология ғылымдары. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. «Қызыл кітап». Қорықтар мен қорықшалар.



Әдебиеттер:

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение

3.Мектеп бағдарламсы

4. К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж. 1985..

2 апта

СОӨЖ 2сағат мазмұны: Биология және экология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері.

1. Еңбек және экологиялық тәрбие.

2. Оқушыларды әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

3. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбпиесі.



СӨЖ 2сағ.мазмұны:Ұлттық салт-дәстүрлік тәрбие.

СОӨЖ мазмұны: Биологиялық және экологиялық ұғымдардың дамуы.

1. Ұғымның даму теориясы және ұғымдардың түрлері.

2. Біліктің дамуы.

СӨЖ мазмұны:Гумандық және табиғатқа деген саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет