СӨЖ мазмұны:Жазу бірліктерінің ішіндегі семиограф пен прагмографқа түсініктеме
Әріп жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба болып табылады. Графикалық лингвистиканың табиғатын танытушы ірі құрылымды бірліктердің санатына орфографияны жатқызуға болады. Орфография – дұрыс жазу ережелерінің жиынтығынемесе дұрыс жазуды үйрететін фонетика ғылымының бір саласы. Өз алдына дербесғылыми сала деп те тануға болады. Ал ғылыми кеңістікте графиканың өзі полеографика, эпиграфика болып екі түрге бөлініп жүр. Полеогафия мен эпиграфика жазу таңбаларының өзгеру заңдылықтарын (эволюциясын), графиканың даму тарихын зерттейді. Полеография қолжазба мен кітаптағы таңбаларды тексереді де, эпиграфика тас, металл, сүйек, ағаш т. б. ойлып жазылған таңбаларды зерттейді. Олай болса, графикалық лингвистикаға қатысы бар категориялардың яғни әр бір терминге ғылыми теориялық тұрғыдан түсініктеме беру арқылы, графикалық көрсеткіштердің бүгінгісі мен өткен дәуірдегі ерекшеліктерін кеңінен тануға мүмкіндік береді. Сондайақ полеография, эпиграфика депаталатын графикалық көрсеткіштерді игеру арқылы, руникалық таңбалы жазулардың тілдік табиғатын да тануға болады.
Силлабаграмманы(буындық жазу)зерттеушілер буындық жүйенің кескіндерін білдіретін мағыналық жағынан үш топқа бөліп қарастырған. Онда:
1. Қандай бір фонетикалық құрылымды, бірлікті білдіретін кескін таңбалар. Оған
ассирвавилон жазуын енгізген.
2. Ашық буынды белгілеген кескін таңбалар және жекелеген дауыстыларды, дауыссыз- дауысты (С) қосындысын беретін кескіндер, таңбалар. Бұған критмикон және жапон жазуын енгізген.
3. Жекелеген дауыстыларды және дауыссыз-дауысты қосындыларын білдіретін
лигатуралық емес кескіндер. Бұл топқа Үнді брахми жүйесі, кхарошти, девенагари жазуларын енгізген