4-апта СОӨЖ мазмұны: Төте жазу әліпбиін құрастыру процесі
Ислам мәдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб әліпбиін сайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб әліпбиін пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті. Мысалы, «Гулистан би-т-Турки» (Сайф Сараи), «Диуани лұғат-ат-Түрк» (Махмұд Қашқари), «Құтадғу біліг» (Жүсіп Баласағұн), «һибат-ул-хақаиқ» (Ахмет Иүгінеки), т.б. шығармалар. Алайда араб әліпбиінің өзіндік қиындықтары болды. 1912 жылы А.Байтұрсынов араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңбаларды енгізді. Байтұрсынов емлесі қазақ қазуы тарихында «жаңа емле» («төте жазу») деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені ауыстыру кайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов реформалаған емле колданыстан шығарылды. Шығыс Түркістандағы (ҚХР) Шыңжаң автономиялы ауданындағы қазақтар А.Байтұрсынов әліпбиін қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
А. Байтұрсынұлы ұсынған жазу жүйесі жалпақ жұртшылықтың ықыласына бөленді. 24 әріптен тұратын жүйесі ұғымға жеңіл, емлесі оңай болды. Жұртшылық сондықтан бұл жазуды бұрынғы жазудан бөлектеп,, төте жазу, төте оқу деп атады. А. Байтұрсынұлының төте жазуын тек қазақ зиялылары емес, әлемдік тіл ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Е. Д. Поливанов,, фонетика зерттеушісі Яковлевтер жоғары бағалады. Алайда төте жазудың кеңестер одағындағы ғұмыры ұзаққа бармады. 1929жылы қазақ жазуы латын графикасына негізделген, 29 әріптен тұратын жазуға көшті. Ал 1940 жылы қараша айынан бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен тұратын орыс графикасына бейімделген жазуға көшті.Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиіндегі жетістіктерді лингвист-ғалым Құдайберген Жұбанов өте жоғары бағалаған. Және Қ.Жұбанов кім көрінгенге әліпбиді таптатпауға бар күш-жігерін жұмсаған. Мәселен: «...возрежение не выдерживают критики, потому что всякие культурное и иное достижение, оставленное нам нашими врагами - это наше законное наследие (...) Отказываться от подобного наследия так же глупо (...) мы не откажемся ни от чего, что составляет лучшее творениях предыдущей истории, если оно в наших руках может быть полезно для нас» деген айшығынан қазақтың қай-қай оқығандарының, оның ішінде қалам ұстап, ұлт намысын жыртқан әрбір еңбектің қадір-қасиетін біліп қана қоймай, оны асыл мұра деп таныған және ұрпаққа жалғасты көпірдей аялағанын көреміз.