Семинар № 4 Тақырыбы: Әліпбидегі әріп пен фонема қатынасы Қазіргі қазақ графикасындағы әріптерді дыбысталған сөз – фонема – графема қатынасында алғаш рет талдап көрсеткен ғалым Н.Уәлиұлы болды. Зерттеуші дыбысталған сөзді жазу да, жазылған сөзді оқу да фонема арқылы жүзеге асатынын анықтай отырып, қазақ жазуы теориясының негізін айқындады. Н.Уәлиұлының сөз болған еңбегінен басқа қазақ тіл білімінде графикадағы әріп-дыбыс қатынасын көрсететін зерттеу жоқ екенін ескере отырып, біз қазіргі жазуымыздағы әріптерді графема-фонема-дыбыс қатынасында саралауды мақсат етеміз. Қазақ тілі фонемаларының дыбыс қорын түгендеген проф. Ә.Жүнісбек пен М.Жүсіповтің, Н.Уәлиұлының, зерттеуші З.Бадамбекқызының зерттеулерінен ауызша тіл бірлігі – дыбыс пен жазба тіл бірлігі әріп күрделі қатынаста екеніне көз жеткіземіз. Ол күрделілік әліпбиде бір фонеманың реңктерін білдіретін әріп немесе басқа бір белгі болуы мүмкін бе, бір әріппен әртүрлі фонеманы таңбалауға бола ма, бір фонеманы әртүрлі әріппен таңбалауға бола ма, фонема тіркесін бір әріппен бел-гілеуге бола ма, бір фонеманы екі немесе одан да көп әріппен таңбалауға бола ма деген мәселелерден тұрады. Негізінен осы мәселелерді назарға алу, қазақ жазба тіл мен ауызша тілдегі әріп-фонема-дыбыс қатынасы қазіргі қазақ жазуының мәртебесін, емле қиындықтарын, әліпби кемшілігін, орфографияны жетілдіру қажеттілігін саралауға көмегін тигізеді. Талдау әріп (графема)-фонема-дыбыс қатынасында жүреді. Өйткені жазу теориясы тұрғысынан әріп – фонеманы таңба110 111 лаушы, графеманың тұрпат межесі болып табылады. Қазақ графикасында 312 әріп қоры (164 кіші баспа және жазу, 148 бас бас-па және жазу) бар. Оның һ, ң, ь, ъ әріптерінің бас әрпі жоқ. ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и әріптерінің бас әрпі мен кіші әрпі өзара сәйкес келеді, ал а, б әрпінің баспа бас әрпі мен кіші әрпі екі түрлі. А, б, в, г, ғ, д, һ, р, т әріптерінің бас әрпі мен кіші әрпі жазба түрінде ұқсамайды. Қазақ тілінің өзіне тән фонемаларын белгілейтін – / ә/-/е/-нің төңкерілген түрі, /ө/,/қ/, /ң/, /ғ/ орыс графикасындағы о, к, н, г – әріптеріне қосымша белгі салынған түрі, ал /ү/, /ұ/ у әрпінің өзгертілген түрі. Біз зерттеу нысанына әріп қорын түгел алмай, ортақ абстракті бірлік –графема – арқылы әліпбидегі әріптердің мазмұн межесін және фонеманың дыбыс қорын көрсетеміз (7-кесте). Қазақ жазба тілінде 9 әріп дауысты фонеманы, 19 әріп дауыссыз фонеманы таңбалайды. э, ь, ъ, в, ц, ч әріптері тек кірме сөздерде жазылғандықтан талдау нысанына алынбайды. Немесе бұл әріптердің орыс тіліндегі дыбыс қорын бір бөлек және қазақ тілінің ауызша әдеби тілі мен қарапайым сөйлеу тіліндегі (игерілгендегі) дыбыс қорын бір бөлек беру керек. Сонымен, 9 дауысты фонемаға қазақ әліпбиінде 9 әріп арналған. Олардың ішінде көпмәнді әріпке е (10), ы (7), і (7), а (6), о (3) жатады. ө (2), ә (і) графемалары бір және екі мәнді. Мұндағы [Ш] белгісі графема сөйлеуде нөлмен алмасады деген-ді, ал [үШ], [ұШ] белгілері – графема [ұ] [ү] реңкінде редукцияға ұшырайды дегенді білдіреді. [ у ө] [ у о] [j е] таңбалары дифтонгтік сипатты және алдынан қосылған дауыссыз әнтек естіледі де-генді білдіреді. Келесі бір таңбалар жүйесі жуан-жіңішке, ерін-езулік варианттың аралығында өтпелі дыбыс реңкі бар дегенді білдіруге арналған. Мысалы, [а] мен [ә] варианттарының ара-сында [а], не [ә] емес, екі дыбыс аралығындағы [д] вариациясы бар. Сол сияқты үш буынға дейін еріндік буын езулік буынға өзгеше реңкпен алмасады. Сондықтан ерін дауыстылар мен езу дауыстылар аралығында еріндік реңкін де езулік реңкін де алып отыратын вариациялар ([еє], [о], [ы]) бар. Кестеде қазақ орфог-рафиясы үшін қиындық тудырып отырған а, е, ы, і әріптерінің гиперфонеманы беретін позициялары да көрсетілген.