Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі 1926ж. Бакудегі түркітанушылардың, 1929ж. Қызылорда емле конференциясының материалдары талданды. Емле конференциясындағы ұсыныс-пікірлер қазақ графикасы мен орфографиясының негізгі ережелерінің алғашқы нұсқасы екенін көрсетті. Мұнда мына мәселелер айқындалды: а) қазақ жазуының негізгі ұстанымы – фонематикалық принцип болуы; ә) халықаралық сөздердің қазақ тілі дыбыстық заңдылығына сай игеріліп, әліпбидегі әріп шегінде таңбалануы: атап айтқанда, <ф >→ [п] / panar, <г >→ [г'], [ғ] / g`az, gybirne, еуропа жазуларындағы сһ тіркесін, орыс тіліндегі <х>, араб тіліндегі <һ> дыбысын <қ>, <к> фонемаларының таңбасымен беру: muqtar, teknij`ke, kөkіne; <ц> →с, <ч> → [ш], <щ> → [ш] дыбысы етіп игеру және таңбалау: әреsеr, cek, birkencik; <й> → [ж], ю → [жұ], я → [жә], [же] етіп игеру және таңбалау: ямбы – иаmвь, ящик – иәcк, япония – иароn, еврей – иәbrej, юсуф – иysip; <в> →[у] және [p] етіп игеру және таңбалау: samavrьn, mәskev, barcav, sergejip; б) 2-буында ерін дауыстылары бар шет сөздерін еріндікті 1-буынға шығарып заңдастыру: труба-turba, доктор-doktьr; в) этимологиясы күңгірт түбір мен қосымшаны фонетикалық принциппен (айтылуынша) жазу (куŋgej, жoŋqa); г) шылау сөздерді қосымшалармен бірге естілуінше таңбалау; д) түбір соңындағы қысаң езуліктерді қысаң буынды қосымша жалғағанда түсіріп таңбалау (murьn-murnь); ж) дауысты дыбыстардың дүдәмалдығын қосымша жалғау арқылы анықтау (kitap-kitapqa).