Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат



бет20/32
Дата28.01.2018
өлшемі1,92 Mb.
#34374
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

Әдебиет:


1.Петровский А.В., Ярошевский М.Г.Психология.М.2001

2.Ждан А.Н.История психологии: Учебник.- М.: Изд-во МГУ,1990г.

3.Аристотель. Сочинения в 4-х томах.М.:Мысль,1975г.

4.Асмус В.Ф.Трактат о душе: вводная ст. к книге «Аристотель». Изб.философ.труды:в2 т. –М.: Изд-во МГУ ,1990г.


15 дәріс

Тақырып: Ес – психикалық процесс ретінде.

Дәрістің мазмұны:


  1. Ес туралы түсінік.

  2. Ес теориялары.

  3. Естің негізгі механизмдері.

Ес туралы түсінік.

Адамның қабылдаған нәрселердің барлығы да із-түссіз жоғалмайды: мидың үлкен жарты шарларының қабығында қозу процесінен із қалады. Ал бұл іздер қозуды тудырған тітіркендіргіштің жоқ кезінде де қозу пайда болуына мүмкіндік тудырады. Осының нәтижесінде адам есте сақтап қалып, кейін жоқ зат бейнесін (есте) қайта жаңғыртып, есіне түсіре алады. Ес қабылдау процесінде қатарласып жүреді. Өйткені бейнені танусыз қабылдау мүмкін емес. Солай да ес бөлек процесс болып табылады.

Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытуын бейнелейтін процесс.

Ес - психикалық әрекет негізі болып табылады. Ессіз мінез-құлық, сана, ойлау, бейсана қалыптасуы мүмкін емес.

Естің негізі ретінде ассоциациялар болып табылады.

Ес таным іс-әрекеті жүйесінде

Қабылдау Ойлау


Түйсік Қиял

Ес



Танудың сезімдік деңгейі





Танудың логикалық деңгейі

Ассоциативтік психология Д.Юм, Г.Спенсер, И.П.Павлов, И.М. Сеченов.

Ес процесінің негізгі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация дейді (латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді). Ассоциациялар арқылы шындығында бір-бірімен байланысты заттар мен құбылыстар адам есінде де осылайша байланыстырылады. Бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласақ, бұлардың арасында байланыс пайда болады.

Ассоциацияның екі түрі болады: қарапайым және күрделі. Қарапайым ассоциациялар түрі: іргелестік, ұқсастық, қарама-қарсылық деп бөлінеді.

Іргелестік ассоциация – кеңістікте не уақытта байланысты екі құбылыстарды біріктіреді. Мысалы,: мұндай ассоциация алфавит жаттағанда құрылады: бір әріпті атағанда есімізге оған іргелес әріп түседі.

Ұқсастық ассоциация – нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образдарды ілестіріп еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді. Мысалы: жапырақтың сыбдыры адамның сыбырына ұқсайды.

Қарама-қарсылық ассоциация – бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты, құбылысты еске түсіреді. Мысалы: биік тау –жазық дала, аспан – жер.

Бұл түрлерден басқа күрделі ассоциациялар болады: мағыналық. Мұнда бір-бірімен әрқашан байланыстағы: екі құбылыс ассоциацияланады: бөлік және түр, себеп және салдар.

Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б.з.д. 380-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіруге бұл принципті қолданбады.

Д.Юм (1711-1776) тұжырымдауынша, тәжірибе әсерден, яғни түйсіну эмоциядан және идеялар – әсер көшірмесінен құралған. Д.Юм ассоциацияның үш түрін бөлді: ұқсастығына қарай, кеңістігіне, уақытының іргелестігіне қарай, қарама-қарсылығына қарай. Юм ұсынған ассоциативтік үрдіс ағымының көрінісінде реалды объектілер, байланыс және адами толық жеке тұлға. Олардың өзара әрекеті нәтижесінде болатын заттар байланысы жоғалды.

Г.Спенсердің (1820-1903) «Психология негіздері» еңбегінде ассоциация принципіне аса көңіл бөліп: «ақыл-ой даму көп мөлшерде мынадай заңға бағынышты: екі психикалық қалып бірінің артынан бірі болғанда біріншіні қайта жаңғырту кезінде екінші психикалық қалыптың міндетті түрде өтуін күтеді» деген тұжырым жасалды.

И.Сеченов ойынша (1829-1905) ассоциация сипаттар мен білім бірлігі. Сеченовтың психофизиологиялық концепциясы Декарт, Гартлиден кейінгі 3-ші көлемді рефлекторлық теориямен ассоцианизм синтезі болып табылады. Ассоциациялар алғаш рет нақты қимылдық актідегі сезімдік автоматикалық ойлауда бейнеленеді. Образдық ассоциациядан ығыстырылғанда көшуді өмірлік кездесулердің санын көбейтумен түсіндірді. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімі шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген ұлы орыс ғалымы И.П.Павлов болды. Павлов психологияда ассоциалар деп аталатын құбылыс ми қабығынды екі қозу процесінің қабаттасып келуі себепті пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді.

И.П.Павлов ми жартышатларының қызметінің 5 негізгі принциптерін көрсетті:



  1. ассоциация немесе шарты рефлекс тудыру принципі.

  2. қозудың иррадиациясы немесе концентрациясы принципі.

  3. оптималды немесе доминантты қозу принципі.

  4. жүйке жолдарының үзілу принципі

  5. тежелу принципі.

Естің негізгі механизмдері.

Көптеген адамдар естің жұмысын «шаң-шаң» фактілер сақталатын жер деп ойлайды. Ал, шындығында ес – бұл ақпаратты алып, оны сақтап, жүйелеп ең алдымен кодтап отыратын жер.

Естің жұмысы компьютер жұмысына ұқсас болып келеді. Алынған ақпарат ең алдымен кодталады немесе қолданбалы түрге айналады. Бұл қадам компьтерге мәлімет енгізгенге ұқсас болып келеді. Бұдан кейін ақпарат сақталады. Сақталған ақпаратты керек уақытта біз қайта жаңғырта аламыз. Егер 9856 психологиялық терминді жаттап алғымыз келсе, оны ең алдымен кодтау керекпіз содан кейін ғана қайта жаңғырта аламыз.

Механизмдері :

Келген Сенсорлы таңдаулы қысқа мерзімді ұзақ мерзімді

ақпарат ес зейін ес ес

Сенсорлы ес – мысалы, сіздің досыңыз бір нәрсе сатып алып келуді сұрайды. Келген ақпарат алғашында сенсорлы есте болып, бірнеше секундтан кейін мұнда естіген немесе көргеннің дәл көшірмесі сақталады. Мысалы, гүлге қарасақ, көрген сурет біздің көз жұмғанда көз алдымызда тұрады. Дәл осылай біз естіген ақпарат сенсорлы есте жаңғырық түрінде екі секундтай сақталады. (жаңғырық – бұл есту жүйесінің қысқа мерзімді қозу периоды). Бірақ ақпарат ұзақ сақталмай 2- ші жүйеге өтеді.

Қысқа мерзімді ес – Біз көрген естігеннің барлығы есте сақталмайды. Қысқа мерзімді есте аз уақыт сақталатын мәнсіз ақпараттар жинақталады. Қысқа мерзімді ес көбінесе фонетикалық түрде сақталады, әсіресе сөздермен әріптерді есте сақтағанда қолданылады. Қысқа мерзімді есте біз телефон номерлерін, күндерді , аттарды жаттай алмаймыз. Бірақ қысқа мерзімді ес жұмысшы ес болып табылады, себебі қысқа мерзімді ес көмегімен ой процестері жүріп отырады.

Ұзақ мерзімді ес - есте сақталатын материалдың ұзақтығы және мықтылығымен сипатталады. Ұзақ мерзімді есте білім жинақталады және олар жалпыланған жүйелі түрде болады. Ұзақ мерзімді ес «сейф» сияқты мұнда тек маңызды мәнді ақпараттар сақталады. Мысалы, фамилияңыз? атыңыз? т.с.с.

Әдебиет:


1. Сәбет Бап-Баба «Психология» А., 2003ж.

2. Столяренко Л.Д «Психология» Ростов-на Дону 2003. С 3-17.

3. Жарықбаев Қ «Жалпы психология» А. 2000 С -4 – 20

4. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекций – М.1988г.

5. Столяренко Л.Д. «Основы психологии». М. 1997г.
16 дәріс

Тақырып: Ес.

Дәрістің мазмұны :


  1. Естің түрлері.

  2. Ес процестері.

  3. Ес сапалары.

Ес түрлері.

Ес адамның әртүрлі өмір сфераларымен байланысты болғандықтан естің көріну түрлері өте көп болып келеді.

Естің барплық түрлерін шартты түрде 3 топқа бөлуге болады

1) адам есіне сақтайтын заттар, нәрселер, қозғалыс, сезім т.б. Бұл топқа



қозғалыс, бейнелік , сөз-логикалық, эмоционалдық ес түрлері жатады.

2) қалай есте сақтайтынына байланысты (кездейсоқ немесе мақсатты түрде) ерікті немесе еріксіз .

3) есте сақтау ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді есте сақтау, ұзақ мерзімді есте сақтау, оперативті есте сақтау.

Қозғалыс ес қимыл-қозғалыстарға байланысты іскерлік , дағдыларды еске қалдыру немесе қайта жаңғырту. Барлық тұрмыстық, спорттық, еңбек дағдылары қозғалыс ес арқылы жүзеге асады. Мәселен, коньки тебу, сәбидің тәй-тәй басуы, жазу, оқу, машина айдау, турникке тартылу т.б.

Адамның басынан өткен сезімдерді еске қалдырып отыруы эмоционалдық ес деп аталады. «Егер сіз өткенді еске алғанда қызарсаңыз, бозарсаңыз, болған қайғыны еске алуға, ойлауға қорықсаңыз сізде сезімдерге есіңіз, не эмоционалдық есіңіздің болғаны» - деген К.С. Станиславский. Адам шынайы сезімін білдіру үшін эмоционалдық естің алатын орны зор. Егер адам эмоцияға кедей болса, өте қатал, тұйық болады.

Адам ойының түрлі формаларын еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады. Естің бұл түрі ереже, формула, сөздер (нақыл сөздер, мақал) жаттағанда кездеседі. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде кездеседі. Сөз-логикалық естің оқу процесінде маңызы зор. Өткен тақырыпты есте қалдыру, соны қайта жаңғырту есі дамымаған адамға қиынға соғады.

Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Елестерге деген ес, адамдардың беттерін, табиғатты, суретті, музыкалық әуен, иіс, дәм, себеп салдарды қалдырып, қайта жаңғыртуға көмектеседі. Бейнелі естің бес түрі бар : есту, көру, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу.

Бейнелі есті сақтаудың бұл түрлері әрбір адамда әртүрлі дамиды.

Ерікті есте сақтау есте қалдыру мақсатының болуын және арнайы ерік күш жұмсауды талап етеді.

Еріксіз есте сақтау бұл есте сақтауда ешқандай мақсат болмайды, оқиға немесе құбылыстар ешқандай тәсіл қолданбай-ақ өздігінен есте сақталады. Еріксіз есте сақтау ең алдымен ұнайтын нәрселерді есте сақтау болып табылады. Еріксіз есте сақтау жануарларда жиі кездеседі. Бірақ жануарлар есте сақтағанмен еске түсіре алмайды. Есте сақтаудың ең жақсы тәсілі бұл есте сақтағанды тәжірибеде қолдану болып табылады. Сонымен қатар тұлғаның бағдарына қарама-қарсы нәрселер есте сақталмайды.

Қысқа мерзімді ес – Біз көрген естігеннің барлығы есте сақталмайды. Қысқа мерзімді есте аз уақыт сақталатын мәнсіз ақпараттар жинақталады. Қысқа мерзімді ес көбінесе фонетикалық түрде сақталады, әсіресе сөздермен әріптерді есте сақтағанда қолданылады. Қысқа мерзімді есте біз телефон номерлерін, күндерді , аттарды жаттай алмаймыз. Бірақ қысқа мерзімді ес жұмысшы ес болып табылады, себебі қысқа мерзімді ес көмегімен ой процестері жүріп отырады.

Ұзақ мерзімді ес - есте сақталатын материалдың ұзақтығы және мықтылығымен сипатталады. Ұзақ мерзімді есте білім жинақталады және олар жалпыланған жүйелі түрде болады. Ұзақ мерзімді ес «сейф» сияқты мұнда тек маңызды мәнді ақпараттар сақталады. Мысалы, фамилияңыз? атыңыз? т.с.с.

Оперативті есте сақтау - арнайы операцияларды орындауға керек арнайы уақытқа белгілі бір мәліметтерді есте сақтау. Мысалы, қандай да болмасын тапсырманы шешу процесінде нәтижені алуға мәліметтер мен операциялар есте сақталады.

Ес процестері.

Есте сақтау негізгі процестері – есте қалдыру, қайта жаңғырту , есте сақтау, тану, ұмыту.

Ес есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру – бұл кейін қайта жаңғырта алынатын материалдың ес қалуын қамтамасыз ететін ес процесі болып табылады.

Есте қалдыру арнайы есте қалдыру және ерікті есте қалдыру болып екіге бөлінеді.

Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнайы тәсілдерін пайдаланбайды.

Ерікті есте қалдыру саналы есте қалдыру , яғни материалды есте сақтау үшін мақсат қойылады.

Сонымен есте қалдыру механикалық және мағыналылық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру – ең алдымен жеке байланыс ассоциациялардың бекітілуіне негізделеді. Мағыналы есте қалдыру – ойлау процестерімен байланысты. Адам жаңа материалды есте қалдыру үшін оның мағынасына түсінуі керек.

Егер механикалық есте сақтаудың негізгі шарты – қайталау болса, мағыналы есте сақтау негізгі шарты- түсіну болып табылады. Механикалық және мағыналы есте сақтауда адамның психикалық өмірінде үлкен рөл ойнайды.

Қайта жаңғырту – есте сақтаудың мәнді компоненті. Қайта жаңғырту 3 деңгейде жүруі мүмкін: тану, өздігінен қайта жаңғырту, еске түсіру. Тану – қайта жаңғыртудың ең қарапайым түрі. Тану- қандай да бір құбылыс немесе нәрсені қайта қабылдағандағы таныс сезімінің пайда болуы. Өздігінен қайта жаңғыртуда – есте сақталған бейнелер адам ойында ешқандай сүйеусіз пайда болады. Қайта жаңғыртудан гөрі тану оңайырақ. Еріксіз есте қайта жаңғыртуда сөздер мен ойлар өздігінен қайта жаңғыртылады. Еріксіз қайта жаңғыртуды ассоциациялар тудырады. Мысалы , «менің есіме түсіп кетті». Мұнда ой ассоциациядан кейін жүреді. Ерікті қайта жаңғыртуда біз «Мен есіме түсіремін» деп айтамыз. Мұнда ассоциация ойдан кейін жүреді.

Есте сақтау – есте қалдыру, ал ұмыту – бұл оқығанның естен шығуы, жоғалуы. Есте сақтау ұмытуға қарама-қарсы процесс. Қажет емес нәрселерді. Ұмыту процесінде байқалатын бірінші құбылыс – реминисценция – ұмытылғандай болған оқиға немесе құбылысты кешіктіріп еске түсіру. Төменгі класс оқушыларында көп кездеседі.

Ұмыту процесінде болатын екінші құбылыс ретроактивті тежелу деп аталады. Қайта жаңғырту сапасының төмендеуі ретроактивті тежелу болып табылады. Бұрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жасауы проактивті тежелу деп аталады.

Ес сапалары.

Ес қоршаған ортаның сезім органдары арқылы ақпараттарды есте сақтаудан басталады. Барлық бейнелер, сөзде жалпы алғанда сезімдік біздің есімізде қалу керек. Психологияда бұл процесс сақталу деп аталады. Керек уақытта біз бұрын көргенді , естігенді қайта жаңғыртамыз. Осы қайта жаңғырту арқылы барлық ес аппаратының жұмысының сапасы туралы айта аламыз.

Жақсы ес- тез және көп есте сақтау, дәл және уақытша және қайта жаңғырту.

Ес сапалары: 1) есте сақтау жылдамдығы; Басқа сапалармен қосылған жағдайда ғана құнды болады.

2) есте сақтаудың сапалылығы;

3) естің дәлдігі; Мәнді нәрселердің үзіліс және бұрмалауларының болмауы.

4) естің даярлығы- керек уақытта керек ақпаратты естен тез ала білу іскерлігі.



Ұмыту және түрлері

Ұмыту процесі –есте қалдыру процесіне қарама –қарсы процесс.

Реминисценция – ұмытылып қалғандай болып біркез кейінге қалдырылғандарды ертерек еске түсіру.

Ретрокативті тежелу дегеніміз – откен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қ. ж/ң сапасының төмендеуі не әсер етеді.

Прокативтік тежелу - әрекет ықпалы материалды елестетуді нашарлатып жаттауды талап етеді.

Амнезия – естің, еске сақтаудың солғындығы, ұмытшақ бола бастау.

Эйдетизм – қабылданған информацияның есте толық әрі ұзақ сақталуы.

Мнемоника – бір нәрсені ұмытып қалмас үшін, жадында сақтау үшін қолданатын әдістер жиынтығы.

Механикалық ес – материалды ұмытпай қайталауға негізделген естің түрі.

Оперативті ес – белгілі бір әрекетті орындау барысында білінетін естің түрі.

Мағналық ес – есте қалған материалдың мағналық байланысын орнатуға негізделген естің түрі.

Есте сақтауға әсер ететін себептер.

Субъективті объективті

есте сақтау типі материалдың сипаты

өмірлік тәжірибе мағналылығы

қызығушылығы байланыстылығы

организмнің жағдайы түсініктілігі

көрнекілігі

қайталануы

материалдың көлемі

орналасуы
Логикалық есте сақтаудың негізгі сатылары

1. Есте сақтайтын материалды түсіну



2. Есте сақтайтын материалдың мағнасын түсіну



3. Материалды талдау



4. Тексттегі негізгі ойларды іріктеп бөлу



5. Жалпылау





  1. Жалпыланған материалды есте сақтау

Естің бұзылуы.

Көптеген психологиялық ауытқушылығы бар адамдар өздерінің еске сақтау қызметінің нашарлығына шағымданады. Ларошфуко өзінің ойында былай деген, адамдар көбіне естің бұзылуына шағымданады, бірақ та ойлау қабілетінің жетіспеушілігіне шағымдану көп емес. Науқас адамдар өзінің кемшілігі туралы көп айтпайды, ал есінің ақаулығы бар екенін байқайды. Бұл өзінің еске сақтау қабілетінің нашарлығын мойындау өкінішті емес, себебі көбіне науқастар өзінің мінез-құлқына, сезіміне, ойлауына сын айта алмайды. Сонымен бірге, естің бұзылуы мидың ауырсынуы кезінде кездесетін жиі симптом. Естің бұзылу мәселесі психиатриялық және потологиялық зерттеу орталығында қарастырылады. Есте сақтау және қайта жаңғырту қиын процесс құрылымы. Бұл адам іс-әрекетінің әр түрлі формасына тән мақсатқа бағыттылық, мотивациялылық сияқты ерекшеліктер тән. Естің бұзылуы туралы мәселе психиатриялық және патопсихологиялық зерттеулерінде негізгі болып келеді. Біріншіден, ес мәселесі классикалық психология әдебиетінде көп қарастырылған. Екіншіден, инастикалық бұзылулар кездесетін белгілер болып табылады. И.М.Сеченев есті психикалық дамудың шеткі бұрыштық тасы деп көрсетілген. Ол адамның негізгі ерешеліктерін фотографиялық қайта жаңғыртудан емес, айналық жаттаудан емес, ол қабылдауды қайта (жаңғыртудан емес) өңдеуден деп қарастырады. Яғни, адам қабылдаған образды классификациялайды және сұрыптайды. Міне, осы ерекшелік психикалық дамудың мүмкін жағдайы болып табылады. Еске сақтау және қайта жаңғырту процесінің құрылымы қиын. Ес патологиясына байланысты зерттеулер әр түрлі бағытта жүріп келеді. Клиникалық бағытта (С.С.Корсаков, Ю.Грюнтал, В.Гемьярусский, Р.Голлан, С.Жасмин, М.Морзагонова) Бұл бағыттың өкілдері белгілі естің бұзылуын әр түрлі симптомдарға байланыстырады.



  1. Психофизиологиялық және нейропсихологиялық бағытта (В.Пенфилд, В.Сковия, Б.Мильнер, Л.Попова, А.Лурия, Е.Соколов, Н.Кияшенко және т.б.)

Бұл бағыттағы өкілдердің еңбектерінде естің психофизиологиялық бағытта анализдеу, бас мидың бұзылуына байланысты оның табиғатын зерттеулері жатады.

  1. Психологиялық бағытта.

Негізінен есті ұйымдастыру және оның бұзылуы туралы сұрақтарды қарастырады. Теоритикалық және методологиялық позицияларға сүйенген бұл бағыттың өкілдері бір бағытты ұстанушылар емес, тіпті қайшы келушілер болып келеді. Сонымен қатар бұл бағытқа гештальт психологияны теоритика-ақпараттық идеялардың негізгі түсініктерін синтездеуші зерттеулерді қосуға болады. Бұл бағытқа заттың әрекет теориясы позициясынан естің бұзылуына анализ жасауды жүргізетін отандық психологтардың еңбектерін қосуға болады. (А.Н.Леонтьев, Г.В.Биренбаум, Р.И.нирович, Б.В.Зейчарник және т.б.)

Корсаков синдромы-тікелей естің бұзылулардың ішінде жақсы зерттелгені және ол өтіп жатқан жағдайға байланысты естің бұзылу ерекшелігі. Корсаков синдромын ең алғаш кеңес психиатры С.С.Корсаковтың ауыр алкогольдық интоксикация кезеңінде зерттелген жаңалығы. Бұл естің бұзылу түрі көбіне болып жатқан жағдайға байланысты конфабуляция және орны мен уақытқа байланысты бағдарлама алмаумен бірігеп кездесіп отырады. Соңғы екі белгінің біріншісі анық байқалады. Соңынан жүргізілген зерттеулерге байланысты Корсаков синдромы мидың өзге де зақымдануларында кездесетіні анықталады. Бұл аурумен ауыратын адамдар аз уақыттан кейін өткен жағдайды ұмытып қалады. Бірақ көп жылдар бұрынғы оқиғаларды қайта жаңғырта алады. Мысалы: ауру адам өзінің балалық шағындағы бір оқиғаны, мектеп өміріндегі бір көріністі сипаттап бере алады. Бірақ ол тамақтанды ма, оған тумалары келді ме және т.б. аз уақыттағы жағдайды еске түсіре алмайды. Бұл адамдар бірнеше рет амандасады. Бір сұрақты бірнеше рет қайталайды. Бір ұсынысымен қайта-қайта сөз айтады. Корсаков синдромының құрылымына анализ жасау кезінде, мынадай сұрақ туындайды. Аз ғана уақыт бұрын өткен жағдайды ұмытып қалушылық қайта жаңғырту дефектісі ме, әлде материалды еске сақтау қиындығы ма?

Кейбір эксперимент мәліметтері қайта жаңғырту дефектісі деп дәлелдейді. 1911 жылы Э.Клапаред мынадай тәжірибе жүргізді Ол бірнеше рет күні бойы науқас адаммен амандасты және амандасу кезінде оған жасырын қолына ине тигізеді. Бірнеше рет қайталағаннан кейін науқас Клапаредке қолын ұсынуды тоқтатқан. Бірақ оны танымаған және амандасу фактісін де есіне түсіре алмаған.

А.Н.Леонтьев 1935 жылы науқас адам мен ауру қоздырғышына қатысты шартты рефлексті қатыстырған. Бірақ ауру адамдар осы фактіні білмеген. Осы мәліметтер ауруларды қайта жаңғырту процесінің бұзылғанын дәлелдейді.

Корсаков синдромының бір ерекшелігі – конфабуляция болып табылады, яғни естегі үзілістерді болмаған жағдаймен толықтыру. Мысалы: бір науқас бүгін оның орманға барып, саңырауқұлақтар үстімен жүргенін айтса, енді біреуі “кеше мен үйде, заводта болғанмен, онда маған жақсы құрмет көрсетті” деген. Корсаков синдромы естіген немесе көрген нәрсені қайта жаңғыртудағы дәлсіздіктен емес, ол бағдарланудағы дәлсіздіктен көрінеді. Кейде жалған қайта жаңғыртулар пайда болады. Кейде аурулардың өздері естіген немесе көрген заттың жетіспеушілігіне байланысты оларды толықтыруға тырысады, болмаған жағдаймен алмастырады. Естің бұзылысы тек болып жатқан жағдайға ғана емес, сонымен бірге өтіп кеткен жағдайға да қатысты келеді. Яғни, ауру адам өткенін білмейді. Оны осы шақпен шатастырады. Оқиғалар хронологиясын алмастырады. Уақыт пен кеңістікті бағдарлауының бұзылысы байқалады. Кейде мұндай естік бұзылыстар протексттік сипатта болады. Масылы: бір науқас ғасырдың басында өмір сүріп жатырмын деп сезінеді, яғни, осы кезеңде I дүниежүзілік соғыс аяқталып, Ұлы Қазан социалистік революциясы басталады деп шатасқан.

30 – жылдары В.А.Гомеровский бір ауру адамды сипаттаған. Ол адам өзін жер иесінің үйінде тұрамын деп сезінген және иесінің жолдасынан қатты қорқатынын және дұрыс тамақтана алмайтындығын айтқан. Бұл амнистикалық бағдарсыздықтарда өткен кәсіптік дағдылары жиі көрініс табады. Мысалы: бір адам бұрын мейрамханада официант болған, соған байланысты түскі тамақтану кезінде тамаққа келушілерді тамақтандырып, қызмет көрсетіп жүрмін деп ойлаған және ол үшін оған төлемақысын сұраған. Олай болмаған жағдайда иесін шақыртамын деп айтқан.

Естің әлсіздеуінің бұзылуын-гипоамнезия деп атайды. Бұл ақпаратты көп қайтара қайталауындағы есте сақтау процесс. Естің бұзылысы көру, есту, кинестезиялық жағдайға байланысты болады. Бас мидың маңдай бөлігі не зақым келген жағдайда қысқа уақыт аралығындағы есте сақтау процесі бұзылады. Бір нәрсені ауру адам жаттай алмайды, бірақ оны көпке дейін есінде ұстай алмайды. Сонан соң оны сұрағанда айта алмайды, бірақ оны қабылдап, басынан бастап жаттайды. Сөз амнезиясы – бұл жағдай қабылдаудың бұзылу нәтижесінде есте сақтау процесі тежеледі. Яғни, ауру адам бір нәрсені ұмытып қалады да, бір кезде сол сөзді естіген жағдайда, сол нәрсе есіне түседі. Есте сақтаудың толық бұзылуы – амнезия деп аталады. Науқас адам болған жағдайды, фактіні, болған уақытты есіне түсіре алмайды. Бұл көбіне энцефалиттік және бас сүйегіне зақым келген жағдайда байқалады. Оның өзі үш кезеңнен тұрады:

Ретрогардты амнезия – зақым келген жағдайдан бірнеше секунд бұрын болған уақыт.

Антероградты амнезия – зақымданғаннан кейінгі жағдай.

Фиксациялы амнезия – дәл қазір болып жатқан жағдайды есіне түсіре алмау.

Естің бұзылуының алданыш түрі парамнезия деп аталады. Бұл жағдайда адам еріксіз ұмытылған нәрсені фантазиямен толықтырады. Есіне сақтауы бұзылған адам, яғни пациентте криптомнезия байқалады, ол еріксіз өзге адамның айтқан сөзін өзі айтқандай қабылдау. Еске сақтау процесі бұзылуында алданыш есте сақтау, уайым түрде “deja vu” (фр. – бұрын көрген). Болмаған жерде адамның осы жерде бұрын болдым деп есіне түсіре алмауы. Алданыш еске сақтау бұзылуы “jamais vu” (бұрын көрмеген) – бұл жағдайда ауру күнделікті жерінде, таныс адамдардың арасында өзін бірінші рет келіп тұрғандай сезінуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет