Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат



бет21/32
Дата28.01.2018
өлшемі1,92 Mb.
#34374
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

Әдебиет:


1. Сәбет Бап-Баба «Психология» А., 2003ж.

2. Столяренко Л.Д «Психология» Ростов-на Дону 2003. С 3-17.

3. Жарықбаев Қ «Жалпы психология» А. 2000 С -4 – 20

4. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекций – М.1988г.

5. Столяренко Л.Д. «Основы психологии». М. 1997г
17 дәріс

Тақырып: Ойлау.

Дәрістің мазмұны :


  1. Ойлау-қоршаған ортаны тікелей және жалпылама тану.

  2. Ойлаудың физиологиялық негізі.

  3. Ойлаудың әрекеттері

  4. Ойлау формалары

Ойлау дегеніміз- сыртқы дүние заттары мен байланыстарының және қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде бейнеленуінен көрінетін танымдық психологиялық құбылыс.

Ойлау (процессінде) заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланысы мен қатынасын бейнелейтін психикалық процес.

Әрбір адамның шындықты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір – біріне ауысып, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады.Сонда нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің диалектикалық жолы болып табылады.

Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процес болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.

Ойлаудың таным сатысы ретінде айрықша ерекшелігінің бірі – сөзге, тілмен қатыстылығы.

Ойлаудың проблемалығы. Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып, адам бір нәрсені біледі, түсінеді, түсіндіреді, сырын ашады т.б.

Ойлау формулалары

Ойлау формулалары: пікір, ұғым, ой қорытындысы.



Ұғым - дегеніміз елеулі белгілердің бір тектестігі жағынан біріккен заттарды жалпылама білу.

Пікір - дегеніміз құбылыстар арасында байланыс орнату немесе белгілі бір зат, құбылыс туралы ойын айту, қатынасын білдіру.

Ой қорытындысы – бар деректер негізінде жасалған тұжырымдар. Олар индуктивті, дедуктивті, традуктивті болады.

Индуктивті – бірнеше жеке жағдайдан шығатын ой қорытындысы.

Дедуктивті - жалпы заң ережеден жәке жағдайға ауысатын ой қорытындысы.

Традукітивті (аналогиялық) – жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға ұқсастықтарына қарай ой қорытындылары.

Адамның мәселе шешудегі жеке тәсілі, ой әрекеті ой операциялары немесе ой процестері деп аталады.

Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру, жалпылау, нақтылау т.б.

Ойлау түрлері

1. Ойлау түрлері түрлі ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

2. Таным ерекшелігіне қарай: теориялық, эмперикалық.

3. Мазмұнына қарай: көрнекті әрекеті, көрнекті – бейнелік, сөздік – логикалық.

4. Әрекетіне қарай: вербальды, көрнекілік.

5. Қызметіне қарай: шығармашылық (творчестволық), сыншылдық (критика).

6. Рефлексияға қарай: интуктивті, рациональды.

7. Шешілетін мәселенің сипатына қарай: теориялық, тәжірибелік.

Ойлаудың даму стадиялары



  1. Ұғымға дейін ойлау – 5 жасқа дейін керек. Барлық құбылысты жалпы ойлайды, жекеден –жекеге немесе жалпыдан – жалпыға дейін байланыстырады.

  2. Ұғымдық ойлау. Ойлау процесі бірте –бірте одйлайды. Құбылыстардың қарапайым ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өзіндік ұғымы, пікірі қалыптасады. Ойлаудың бұл стадиясы 16 – 17 жасқа дейін дамиды.

18 дәріс



Тақырып: Ойлауды зерттеудегі теориялық және эксперименталдық бағыттар.

Мақсаты: Ойлау процессінің түрлері, интеллект құрылымы жөнінде білім қалыптастыру.


Дәрістің мазмұны :


  1. Ойлау түрлері.

  2. Ойлау түрлерінің дара ерекшеліктері

  3. Интеллект, интеллектілік құрылымы.

  4. Ж.Пиаженің интелектілік даму теориясы.

Даму мәселесін шешуде үлкен үлес қосқан ғылымдардың бірі швейцар психологы

Ж.Пиаже бала интеллектісінің дамуы жөніндегі теорияның негізін қалады. Оның концепциясы бойынша танымдық процесстердің дамуы адамның қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуге әрқашан тырысу нәтиежесінен көрінеді.

Пиаже таным процестерінің дамуының үш басты сатысын бөліп көрсетті:

1. Сенсомоторлы сатысы- алғашқы екі жылда , сезім және қимыл жүйсінің дамуы және қалыптасуы

2. Нақты іс-әрекет сатысы- 2 жастан 11 жасқа дейін сөздер нақты затты білдіре бастайды. Ойлау бұл кезде заттарды танып –білуге, салыстыруға , жуйелеуге , нақты операция құруға мүмкіндік береді .10 жасқа келгенде бала іс- әрекетті түсіндіру қабілетін меңгереді.

Сәби төрт жасқа қарай практикалық әрекетпен алыстан бейнелік заттық ойлауды меңгере бастайды.Енді балаға затты ұстап , қозғап көрудің қажеті жоқ, ол сол затты анық көріп қабылдаса жеткілікті.

Сөздік-логикалық ойлау тілдік құралдардың көмегімен пайда болады.Сөздік –логикалық ойлау ұғым,пікірлерді пайдаланады, бейнелік көріністің болуы міндетті емес.

Сөздік-логикалық ойлаудың арқасында адамдар жалпы заңдылықтарды қалыптастыра отырып , табиғат пен қоғам дамуына болжам жасай алады .

Ойлаудың барлық түрі де бір-бірімен тығыз байланыста .Ойлау процесінің жалпы заңдылықтары болғанымен , жеке ойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы.Әрбір адам бірінен –бірі ойлау сапалары арқылы ерекшелінеді. Ойдың кеңдігі, оралымдығы , ұшқырлығы, дербестігі , сыншылдығы.Ақылдылықтың негізгі көрсеткіштері:

-ойлаудың дербестігі

-ойдың сыншылдығы.

-ойдың тереңдігі.

-ойдың ұшқырлығы.

-талапты ақыл.



Интеллект.

Адамның ақыл-ой қабілеті, ерекшеліктері негізгі құрылымы ойлаудың (анализіне) анализдік қызметі.



Интеллект дегеніміз адамның барлық мәселелерді шешу барысындағы ақыл-ой қабілеті.

Интеллектуальді белсенділік күнделікті өмір жағдайына адамның бейімделу тәсілі.

Интеллект желілерінің бірнеше комбинациялық бірлігі бар, шамамен 120 вариант, олардың ішінде көп кездесетінін мысалға келтірсек:


  • Нақты практикалық интеллект (күнделікті өмірде)

  • Абстрактылы интеллект (сөздер, символдар, терминдер, т.б. сүйену арқылы)

  • Потенцияльды интеллект (туғаннан адамның ойлау әрекетіне қабілеттілігі)

  • Жүре пайда болған интеллект (приобретенн. интеллект) күнделікті өмірде білім, дағды, іскерлік негізінде қалыптасады.

Интеллект дамуы.

Интелект дамуы басқада психикалық процесстер сияқты негізгі екі формаға байланысты дамиды.



  1. тұқым қуалаушылық;

  2. айнала қоршаған ортаның әсері.


Интеллектіні бағалау. Адамның интеллектуалдық даму деңгейін сандық, сапалық жағынан зерттеу барысында көбіне интеллектуалдық коэффицент бойынша көрсетіледі. Оның таңбасы I.Q. Идивидтің интеллектуальдық мүмкіндігінің орташа көрсеткіші оның жас ерекшелігі мен кәсіптік іс-әрекетіне байланысты. Орташа көрсеткіш 100 балл, ең төменгі 0 балл, ең жоғарғы 200-ге таман.

Барлық адамға тән стандартты көрсеткіш 84-100 балл және 100-116 балл болуы мүмкін. 34%-68%.

Қалыпты деңгейдегі интеллект дамумен қатар ақыл-есі нашар кеміс адамдар болады. Туғаннан ми кемістігі бар, ақыл-ойы жетіспейтін адамдарды олигрофендер деп атайды. Олардың психикалық даму деңгейі төмен, ойлауы, сөйлеуі, есте сақтауы, т.б. психикалық дамуы төменгі деңгейде.

Олардың интеллектуальдық көрсеткіші халықаралық стандартқа байланысты былай қаралады. IQ<50-70 аз ғана ақыл – ой кемістігі. IQ<50 орташа деңгейде . IQ<35 – анық байқалуы.

Ең қиын формасы ақыл – ой кемістігінің идиотикалық жағдай. IQ=20, сөйлеу, ойлау мүлдем дамымаған тек қана эмоциональдық реакция байқалады. Оның орташа түрі (IQ=20-50). Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрі (легкая форма) дебильдік жағдай IQ< 75%.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет