Семинар. Адам психикасының даму заңдылықтарын және оқушылардың дамуының жақын аймағын ескере отырып байланыс орнату мен білім беру процесінің құрылуының әдісі
Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.