Семинар барысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың жас кезеңдеріне сай шығармашылық топтарға бөліну арқылы жүргізіледі. Топты тьютор бағыттап, бағдарлап отырады



бет11/16
Дата05.02.2022
өлшемі3,25 Mb.
#16617
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Тәжірибелі сабақ: «Затты сипатта»
Семинарға қатысушылар үш топқа бөлініп отырады.
Үстел үстіне «Тордағы қоян», «акваримдағы тасбақа» және ағаш пен қалам беріледі.
Қатысушылар осы нысанаға зерттеу жасай отырып, сипаттама береді.
Қорытынды:кез-келген затты немесе нысананы түрлі сипаттауға болады. Бала қоршаған ортаны танып білуі үшін балабақшадағы уақытты кеңінен қолдана білуіміз қажет, әсіресе серуен барысында балалар түрлі қызықты мәліметтер ала алады. Олай болса бүгінгі семинар тақырыбы бойынша қысқаша тоқталып өтейін.


Семинар тақырыбы: «Орта топ балаларының танымдық белсенділіктерін серуен кезіндегі мақсатты бақылау барысында жүзеге асыру»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Таным» білім беру саласының мазмұны мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.


Баланы табиғатпен таныстыра отырып, оның сан қырлы бояуларын балаларға көрсетіп, түсіндіру әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті.
Табиғат - баланың ақыл-ойын нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Таным белсенділіктері арттады.

Құрметті әріптестер:

  • осы жерде сіздерге тағы бір сұрақ қойғым келеді.

  • Таным дегеніміз не?. Танымдық әрекеті дегеніміз не?. Сіз оны қалай түсінесіз?. Кішкене ой толғау жасап жіберейікші.

Тьютор осылайша семинарға қатысушыларды диалогтық қарым-қатынасқа шақырады, ой бөліседі.


Таным дегеніміз – объективтік шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыратын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ал таным қызығушылығы – ғылым жаңалықтарын , қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет